сайыс
ozgetil.kz

Қазақстан - ортақ үйіміз

Ақтөбе қалалық білім бөлімі ММ
№49 «Думан» бөбекжай- балабақшасы» МКҚК

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Қазақстан - ортақ үйіміз»

Тәуелсіздікке 25 жыл мерей тойына орай жоспардан тыс ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті.

Тобы: «Күнбағыс» ересектер орыс тобы

Қазақ тілі мұғалім: Урынбасарова Ақалтын Хайруллиновна

Мақсаты: Балаларды туған елінің, Отанының Қазақстан Республикасының белгілерімен таныстыру. Қазақстанды мекендейтін ұлт өкілдері, олардың салт дәстүрлері, ұлттық киімдері жайлы мағлұмат беру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Өз ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, ардақтай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Қ.Р рәміздері, ұлттық киімдер бейнеленген суреттер.

Әдіс-тәсіл: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, тақпақтар, мақал-мәтелдер, өлеңдер.

Құрметті «Думан» бөбекжай балабақшасының ұжымы, сіздерді Тәуелсіздікке 25 жыл мерей тойымен құттықтаймыз. Осы мерекеге арнайы ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетімізге қош келдіңіздер.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 25 жыл толып отыр. Еліміздің әр облыс, аудан, ауыл-аймақтарыңда мерекелік іс-шаралалармен аталып өтілуде. Сол себетті біздің балабақша бөбектері қалыс қалмай арнайы ұйымдастырылған оқу іс әрекетін өткізбекшіміз. Кешімізді Қазақстан Республикасының ән ұранымен бастайық. (Әнұран шырқалады.)

- Балалар барлығымыз мына глобусқа назар аударайық. Біздің отанымыз Қазақстан елін тауып жұлдызшамен белгілеп қояйық. Мынау біздің байтақ жеріміз. Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең байтақ. Сонда қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар, көлдер, теңіз, қазына байлықтары бар екенін картадан білеміз.

- Балалар, біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?

- Біздің елордамыз қалай аталады?

- Ендеше,балалар, Астана қаласының қазіргі гүлденуін суретті көрністерден тамашалайық.

- Біз қай қалада тұрамыз?

- Иә, балалар, біздің қаламыз Ақтөбе.

- Сендер қандай балабақшаға келесіңдер?

- Біздің ұлтымыз қандай? (әр бала өз ұлтын айтады)

- Біз қай тілде сөйлейміз?

- дұрыс айтасыңдар.

Әр адамның өз Отаны болады. Отан – ол біздің туған жеріміз.

Біздің Қазақ жерінде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Айта кетейік орыс ұлт, өзбек ұлты, кәріс ұлты, ұйғыр ұлты тағы да басқа ұлт өкілдері мекендейді. Тату тәтті бейбіт Отанда бірге тұрып келеміз, Қазақстан – біздің ортақ үйіміз.

(Есік қағылған дыбысы естіледі).

- Балалар бізге қонақ келген тәрізді. Мен есікті ашып көрейін. (Есіктен үш ұлтың киімін киген қуыршақтар келеді).

Балалар бізге ұлт өкілдері қонаққа келіпті. Қазақ қызы Айжан, орыс қызы Наташа, өзбек қызы - Фатима.  Қазақ ұлтының киімін қараңдар қандай әдемі, қос етекті  көйлегі,бөркі қандай әдемі. Ал орыс ұлтының киім үлгісін көрсетейін  көйлегі қызыл түсте керемет болып түр, өзбектің киімін басыны тақия киеді. Балалар бізге бұлар бос келмепті. Өздерінің қоржындары бар екен. Кәне қарап көрейік. Мына жерде көптеген суреттер бар екен,сендер білесіңдерме. Суреттерді көрсетеді:

- Балалар біз білеміз бе? (Балалар жауап береді).

- Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

- Әнұран

- Елтаңба

- ТУ

- Я, балалар өте дұрыс жауап бердіңдер.

Ән ұран шырқалғанда оң қолымызды жүрегімізге қойып, тік тұрамыз.

Елтаңба ортасында шаңырақ, қанатты тұлпар, елтаңба төбесінде бес жұлдыз, төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар дөңгелек.

Ту көк, тік төртбұрыш ортасында күннің көзі астында қыран құс ұлттық оюлар бейнеленген.

Балалар қоржынның ішінде бір тақия жүр екен. Бізде «Тақия тастамақ» деген ойын бар еді. Сол ойынды ойнап көрейік.

Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы (тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына тақия тастап кетеді. Артына тақияны тастағанын сезген бала менің артамда деп жауап береді. Артына тақияның тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. 
Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді. 

Сұлтан:

Отан дейміз от жаққан жерімізді.
Отан дейміз өсірген елімізді,
Отан дейміз туған жер атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

Мирон: 

Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан – ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз

Кәне біз көптеген деректер біледі екенбіз. Ал, енді «Бала қиялындағы мекен» деген тақырыпта мына жерде керекті құралдардан өзіміз көп ұлттар мекендеген Қазақ елін құрап шығарайық.

Балалар дайын Күн, Ағаш үй, Гүлдер т.б.с.с көрнекіліктерден «Бала қиялындағы мекеннің» құрастырып шығарады.

Құрметті қонақтар біз осымен бүгінгі Тәуелсіздіктің 25 жыл мерей тойына орай жоспардан тыс өткізілген ашық оқу іс-әрекетін аяқтаймыз. Отанымыз тыныш, отбасымыз аман, балаларымыз бейбіт күндерде бақытты ғұмыр кеше берсін. Әр дайым жақсылықта жүздесейік.

D:\Users\Dastan\Desktop\материалы по садику\ашық сабақ суреттер\IMG-20160524-WA0002.jpg      D:\Users\Dastan\Desktop\материалы по садику\ашық сабақ суреттер\IMG-20160524-WA0000.jpg



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)