Өлең, жыр, ақындар

Үү дыбысы мен әрпі, 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. Ү дыбысы мен әрпін таныту. Сөзге дыбыстық, буындық талдау жасату.
2. Ү дыбысының әріп элементтерін, сөздерді дұрыс жазуға, есте сақтауға үйрету, тілін дамыту.
3. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Типі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, ойын
Көрнекілігі: тірек сызба, кеспе әріптер, суретті әліппе, суреттер.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық жаттығу

Іші толы әріпке,

Мынау – әйбат Әліппе.

Барлық ілім-білімнің,

Әжесінің – осы Әліппе.
 

Балалардың зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау
Өткен әріпті еске түсіру, сөздерді оқыту.

2. Жаңа сабақ
Ал, балалар, бүгін жаңа әріппен таныспас бұрын сендерге жұмбақ жасырайын. Егер сендер дұрыс шешсеңдер, бүгінгі өтетін дыбыс шығады: Үйрек десе – бірінші,
Бүйрек десе - екінші.
Бұл қай әріп екенін,
Біреу айтып берсінші. (Ү)
Дұрыс балалар, ү дыбысы екен.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Енді біз сөз жұмбақ шешейік
 

 

   к

 

 

 

 

   ү

 

 

 

 

   з

 

  • Сезім мүшесі
  • Үй жануары
  • Үй құсы


- Үкі - түн құсы. Үкі сөзін буынға бөле қойыңдар. Ү - кі. (екі буын)
- күшік сөзін (күшік мағынасын ашып кету) буынға бөле қойыңдар.
- түйе (екі буын бар)
- Үкі, күшік, Үміт, үш, үйрек деген сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- Ү - ү - ү (хормен айту)
- Ү - қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Ү - жіңішке дауысты дыбыс, созылып айтылады.
- Қандай түспен белгілейміз?
- Қызыл түспен белгілейміз де қызыл үйге кіргіземіз.
- Ү дыбысы сөздің қандай буындарында жазылады?
- Сөздің басқы буындарында жазылады.
Ү - дыбысының әріп таңбасымен, жазылу элементтерімен таныстыру.
«Ү» әрпінің баспа, жазба түрлерін көрсету. Ауада жаздыру.
Үү – Ұұ дыбыстарын салыстыру.
Ү - жіңішке дауысты дыбыс, ұ - жуан дауысты дыбыс және белгіленеді.
- Ү - дыбысын айтқан кезде ерін сүйірленіп, алға жылжиды, тіл артқа жылжиды, иек көтеріледі.

«Ойлан тап» ойыны

Суреттердің астына өз сөздерін табу.

Тірек – сызба бойынша затты сипаттау:
Гүл (қандай?) - әдемі, хош иісті, қызыл
Түлкі (қандай?) - қу, қызыл, айлакер
Тақтадағы сөздерді оқыту
Гүл, үтік, күз, жүгері, күрек, түлкі

Сергіту сәті

                     Бала-бала балқан,

                     Қане, қайсы алақан.

                     Саусақтарың әйбат,

                     Былай-былай ойнап.

                            Топ-топ басайық,

                     Жалаудан күн жасайық.

                     Жаса-жаса алтын күн,

                     Жаса-жаса жарқын күн.

Мәтінмен жұмыс: «Ормандағы аңдар»

                                     1. Тұтас оку.

                                     2. Сұрақ-жауап арқылы мазмұнын ашу.

                                     -Түлкі қайда өмір сүреді?

                                     -Терісінен қандай киімдер тігіледі
«Білеміз бе?»
Суретпен жұмыс
Суретте салынған «түн құсы»,«үйрек» туралы айту. Үйректің пайдасы және оны өсіру.Олар тірі табиғат екенін айту.
«Сөздік қоржын» ойыны.

Дыбыстық, буындық талдау жасау.Үй – рек, ү-кі, үй-шік, кү-ріш, кү-міс, кү-шік, түл-кі, күл-кі, түй-ме, жү-рек, кү-рек, жү-зік.
Топтық жұмыс

Ойын «Дұрыс тап»

Балаларды екі топқа бөліп дөңгелек қызыл мен көк түсті қағаз беру әрбір дөңгелектің  артына әріптер, сандар жапсыру, сол сандарды тура қойғанда ү дыбысына байланысты сөздер шығады.
Дәптерге жазу. Ауада жазу, содан кейін дәптерге Ү дыбысының жазу элементтерін бастырып жазады. Бас, кіші әріптерін жазулары. Әдемі, таза жазуларын қадағалау.
Сабақты қорытындылау:
- Бүгін қандай әріппен таныстық?
- Ү дыбысы қандай дыбыс?
- Ү дыбысы қалай айтылады?
- Бас, кіші әрпін жазып көрсет.
Мадақтау. Бүгін балалар, бәрің де жақсы сабаққа қатысып, белсенділік таныттыңдар. Үйренгендеріңді естеріңде сақтаңдар. Рахмет сендерге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз