Өлең, жыр, ақындар

Қуыршақ жасау

Атырау қаласы Жапақ Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицей
Мұғалім: Камеденова Айнур Сагындыковна

Сабақтың тақырыбы: Қуыршақ жасау

Сабақтың  мақсаты: Көрген, тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, ауызекі тілде сөйлей алады, шағын мәтін құрай алады.

Күтілетін нәтиже: Ауызекі тілде сөйлей алады, сұрақтарға жауап бере алады.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.

Балалар бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізейік. Мен сендерге сәттілік тілеймін. Олай болса, сабағымызды бастайық.

Қуыршақ беру арқылы тілек айтқызу.

Сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыпты қайталап үй жұмысын сұраймын.

Біз қуыршақ модулін өтіп жатырмыз. Қуыршақ театрына барып көрдіңдер ме?

Қандай қойылымдар көрдіңдер?

Қуыршақты кімдер қимылға келтіреді?

Біз қуыршақ театрына бару үшін не сатып аламыз?

Қуыршақты кімдер сөйлетеді?

Үйге хабарландыру, жазып келуге бердім.

II Үй жұмысын тексеру

III Видеосабақ. Оқушылар көреді, тыңдайды. Мұғалім сұрайды.

- Сендер не көрдіңіздер?

- Балалар не істеп отыр?

- Қуыршақты неден жасады?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не деп ойлайсыңдар?

Қуыршақ жасау.

Сабағымыздың тақырыбы Қуыршақ жасау.

Сабақтың тақырыбын айтады, мақсатын айтады.

Сөздерді сәйкестендіріңіз.

Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқимын.

Бірінші топ Мәтінмен жұмыс. Мұғалім мәтін таратады. Сөйлемдерді ретімен қойғызып, кезекпен оқытқызады. 7 сөйлем мәтінді аударады

Екінші топ көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып жаз. Кезекпен оқиды. Сұрақтар қояды.

Бес жолды өлең.

Бірінші топ 

Қуыршақ      

Екінші топ

Баспалдақ

Сергіту сәті.

Қорытындылау.

Рефлексия.

Бағалау.

Үй жұмысы.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз