Эссе және өлең-жыр байқауы

Балықтан жасалатын тағамдар

Тақырып: Балықтан жасалатын тағамдар
Мақсаты : Балық тағамдарының дайындалу технологиясын білу.
Білімділік : Оқушыларға балықтан жасалатын тамақ өнімдерін дайындау жолдарын үйрету.
Тәрбиелік: Тағамдарды пайдаланып қана қоймай, ұқыптылыққа, әдемілікке, тыныдырымды істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Технология сабағынан білімдерін күнделікті алған дағдыларын, қабілеттерің, шеберліктерің, іскерліктерін
шыңдап дамыту.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдері : Баяндау, сұрақ- жауап, сарамандық сабақ.
Көрнекілігі: Плакаттағы суреттер, ет пен көкөністерге арналған
тақтайшалар, кастрөлдер, табалар, асханалық
құралдар, слайд.
Пәнаралық байланыс: Биология
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, оқушыларды журналмен тексеру.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Бекіту.
Үйге тапсырма беру
Өткен сабақты қайталау
1 Балықтың қандай пайдасы бар?
2. Сапасыз балықты қалай анықтауға болады?
Сабақты баяндау
Балықтар – негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар тұзды суларда (мұхиттарда), не болмаса тұщы суларда (өзен – көлдер мен су қоймалары) тіршілік ете алады. Жыланбалық сияқты кейбір балықтар тұзды суда да, тұщы суда да өмір сүреді. Теңіз балықтары тұщы су балықтарыннан әдетте ірілеу болып келеді. Балықтар (лат. Pіsces) – хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бір бөлігі тұщы суда өмір сүреді. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз (миксинасияқты), шеміршекті (акулалар және тұтасқанаттар) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 – 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балық – өте бағалы өнім. Балық етінде ақуыз, минералдық заттар, майлар мен дәрумендер бар Балық ақуызы бойға тез сіңеді. Майы аз жас балық пайдалы. Майлылығына қарай балықтарды 3 топқа бөледі.
- арықтауы; нәлі балық (треска) хек;
- орташа майлы: теңіз алабұғасы, камбала, скумбрия, ставрида;
- майлысы; майшабақтар.
Балықтардың минералдық құрамы әр алуан. Теңіз балықтары иодқа бай. Балық тез бұзылады, сондықтан оны тоңазытқышта ұстайды, тұздайды.
Мұздалған балықтар өзінің бастапқы сапасын жоймайды. Балықты сақтау мерзіімн қадағалау. Балық тағамдарын жылу арқылы өңдеуге байланысты үш топқа бөледі.
-қайнатылатын,
- қуырылатын,
- көміп пісірілетін. Қайнатқанда дәмді болатын балықтар:
- теңіз алабұғасы,
- ставрида,
- камбала. Қайнатқанда балық езіліп кетпеу үшін оның терісін екі жерден теседі. Балықтың піскенің білу үшін шанышқымен тексереді, егер ол балық етіне еркін кірсе – піскені. Балық тез суып қалмау үшін оны үстелге сорпасымен қоса әкеледі.
Балықты булап пісіру
Балықты ыдыстың 1/3 бөлігіне су құйып, қақпағын жауып қойып, қыздырады. Балықтың жоғарғы жағы бумен өңделеді. Балықтың терісін алып тастап, терісі болған жағын төменгі жақта қалдырып, ыдысқа салады.

Балықты қуыру
1. Балықты ұнға немесе дүкендерде сатылатын ұнға аунатылған кепкен нанға аунатады. Сарамандық жұмыс
Балықты тұздау
Балықты 3 операциялық карта бойынша тұздау.
Өнімдер мөлшері
Жас скумбрия балығы – 500 г. жасылкөк (аскөк), сарымсақ – 2 бас, тұз – 1 ас
қасық, дәмдеуіш.
Сұрақтар қою
1 Балықты алғашқы өңдеу деген не?
2. Балықты неліктен басқа өнімдердің бәрінен кейін өңдейсің?
3. Балықты тоңазытқышқа қою үшін неге орайсың?
4. Балық тұздауда қандай құрамды демдеуіш қолдана
Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу Балық тағамдарын әзірлеп үйрену

 

Балықтан жасалатын тағамдар

Қарағанды облысы , Жезқазған қаласы
№1 жалпы білім беретін орта мектебі
Технология, бейнелеу өнері, сызу пәндерінің мұғалімі:
Абдрахманова Алмагул Хамаридденовна


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз