Өлең, жыр, ақындар

Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастаны

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,

"Бейнеу гимназиясы" ММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Есбосынова Жансая Махамбетқызы

 

Әдебиет 8 cынып

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастаны

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ахмет Йүгінекидің өмірі және шығармашылығымен оқушыларды таныстыру, дастандарындағы имандылық, көркем мінез мәселелерін үйрету;

Дамытушылық: ислам дәуірі әдебиетінің өкілдері туралы білімдерін кеңейту, осы кезең ақындарының шығармашылықтарының стильдік ерекшеліктерін түсіндіре отырып, әдеби теориялық білімдерін жетілдіру;

Тәрбиелік: имандылыққа, адамгершілікке, жан дүниені таза ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі, әдіс‐тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ‐жауап, баяндау

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:

 

I. Ұйымдастыру кезеңі

А) сәлемдесу;

Ә) класс тазалығына мән беру;

Б) оқушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

 

II. Өткенді қайталау кезеңі

Сұрақтар:

Ежелгі дәуір әдебиеті қай ғасырлардың арасын қамтиды?

(б. з. д. VІІ - V ғ. Б. з. ХV ғасырына дейін).

Қандай дәуірлерге бөлінеді? Қалай жүйеленеді?

(1. Заманымыздан бұрынғы сақ, ғұн дәуірлеріндегі жазу‐сызулар, аңыз‐жырлар б. з. д. 7−5ғғ. Б. з. 5ғ.;

2. Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет 5−8ғ.;

3. Оғыз дәуіріндегі әдебиет 9−10 ғ.;

4. Ислам дәуіріндегі әдебиет 10−12 ғ.;

5. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет 13−14ғ..)

Есік қаласынан табылған Алтын бекзаданың жанындағы күміс тостағанда қандай жазу бар еді?

(«Аға, саған бұл ошақ! Ошағынан безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық‐түлік мол болғай!» деп жазылған).

Алып Ер Тоңаны «Шаһнама» кітабындағы көркем бейнесі қалай аталады? (Афрасияп).

Алып Ер Тоңаны жоқтауды қай ғалым жазып алған? (Махмұт Қашқари)

Орхон ескерткіштері қай дәуірде, қай ғасырда жазылған? (Түрік қағанаты дәуірінде, 8 ғасыр).

Не себепті «Орхон ескерткіштері» деп аталады? (Монғолиядағы Орхон өзені маңайынан табылғандықтан).

Орхон ескерткіштері кімдерге арналып жазылған? (Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөкке).

Жырдың идеялық мұраты не? (Ел тәуелсіздігі мен бірлігі. Елге қорған болған батырларды дәріптеу).

Қорқыт ата кім? Қай ғасырда өмір сүрген? (Әулие, сәуегей, жырау, күй атасы. 8‐ғасырда өмір сүрген).

«Қорқыт ата кітабында» қандай нақылдар бар?

Қорқыт ата нені іздеген? Іздегенін тапты ма?

«Оғыз қаған» жырындағы Оғыздың ұлдарының аты кім? (Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз).

Оғыз қаған қай елмен соғысты? (Үрім қағанмен)

Әбунасыр әл‐Фараби кім? Қандай ғылым саласында еңбектер жазған?

Әбунасыр әл‐Фарабидің қандай өлеңдерін білесіңдер?

 

IIІ. Жаңа сабақ. Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастаны

Ахмет Йүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдың соңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — орта ғасырлық ақын, хакім, ойшыл. Йүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен.

Ахмед Йүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмет жастайынан ілім - білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан - жақты зерттеп - танып, терең іліміне сай “Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа ие болған. Ақыл - ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмет Йүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең - жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “Һибуат - ул - хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” — Әбунасыр әл - Фараби, Махмуд Қашқари, Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды.

 

«Ақиқат сыйы» дастанының мазмұнынан айқындалатын мынадай құндылықтар жүйесі бар. Біріншіден, Алла тағала – абсолютті құндылық. «Өліні тірі, тіріні өлі етеді». Бүкіл құдіреттің иесі ұлы бір Құдай. Екіншіден, бақыт жолы тек білім арқылы танылады. Құны жоқ бақыр мысқа теңелгенше, білім арқылы жоғары көтеріліп ғалым болуды үндейді. Үшіншіден, дүние соңында қанша жүгіруге болады? Байлық пен кедейлік тек Алланың ісі. «Күллі қатенің басы – дүниеқұмарлық». Төртіншіден, жомарттық пен сабырлыққа ұмтылу. «Алла сабырлылықты сүйеді, өйткені әр қасіреттің соңы қуаныш». «Жақсылықты үміт етсең, сабыр ет». Бесіншіден, қулық - сұмдық, сұмырайлық, жауыздық, арамдық пен қаныпезерлікті біріктіретін залымдықтан сақтану. Ғалымның еңбек етуінен, оқымыстының би билеп, ән шырқауынан, тақуаның сиынуды қойғанынан қорықты. Бейбастықтарды тыятын адамдардың қалмағанын, олардың көбейгенін қынжыла айтты.

 

Ахмет Йүгінекидің “Ақиқат сыйының” түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмет Йүгінеки мұрасының 14 — 15 ғасыр жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі — 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбдін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі — 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя - София кітапханасы қорында сақтаулы; 2 - нұсқа Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада Абд әр - Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбұлдағы Айя — София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н. Әсім 1915 жылы, ал қаласының Маһмудов 1972 жылы алғаш жариялаған; “Ақиқат сыйының” үшінші арабша нұсқасы 14 ғасырдың ақырында, немесе 15 ғасырдың басында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы Топ - Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты “Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі” деген кісінің кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен Ахмед Иүгінеки мұралары туралы дерек бар.

 

Анкарадағы Маариф кітапханасынан табылған (көлемі 4 бет), Берлин Ғылым Академиясында сақтаулы тұрған (1 бет) өзге нұсқалардың із - жосықтары Ахмет Йүгінеки. еңбектерінің қаншалықты кең көлемде таралғанын дәлелдей түседі. “Ақиқат сыйының” бірнеше нұсқасын тауып, зерттеп, жариялауда — Н. Әсім, Р. Арат (Түркия), В. Радлов (Ресей), Т. Ковальский (Польша), Дени (Франция), Х. Сүйіншәлиев, Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, М. Томанов, Б. Сағындықов (Қазақстан), Н. Маллаев, Маһмудов, С. Мутталибов (Өзбекстан) т. б. шығыстанушы ғалымдардың еңбегі зор. Ахмет Йүгінеки “Ақиқат сыйының” 14 ғасырдағы түпнұсқасының фотокөшірмесі, транскрипциясы қазақ тіліне қара сөзбен жолма - жол және өлеңмен аударылып, 1985 жылы жарық көрді.

 

Ахмед Иүгінеки өз шығармаларында дүние жаратылысы мәселелерін ислам қағидалары негізінде түсіндіреді. “Барлық нәрсе бір Алланың еркінде” екендігін және оның даралығын дәріптейді. Сол үшін де ақын мәңгілік өлім ұғымы жоқ, ол өмірмен алмасып отырады дейді: “Жоқ едім. Жараттың. Және жоқ қылып, екінші бар етерсің” немесе “Өліні тірі, тіріні өлі етеді”. Ал тірліктің өлшемін білім арқылы белгілейді. Яғни, білімдіден пайда бар, пайдалы нәрсе — тірі, ал пайдасыздық — бос, өлі нәрсе. Олай болса, білім арқылы мәңгілік өмірге қол жеткізуге болады, өйткені “білімдінің өзі өлуі” мүмкін, бірақ “аты өлмейді”. Ахмед Иүгінеки үшін білім — көп білу емес, таным, ақиқатты білу. Ал ақиқаттың негізі Аллада болса, оны да “білім арқылы тануға” болады. “Бақыт жолы білім арқылы білінеді”. Білім ойдан, ізденуден шықса, оның пішіні — сөз. Тіл — жаратушымен байланыстырушы құрал, адам “күн сайын ерте тұрып, тілге жүгіну арқылы құлшылық етеді”. Бірақ сөз адамға пайдасымен қатар зиянын да тигізуі мүмкін, ол тағы да адамның өзіне байланысты.

 

Сөз адамның ойлау қабілеті мен адамгершілік бейнесін бедерлейді. Ахмед Иүгінеки пайдалы мен пайдасыздың, ақиқат пен жалғанның нарқын өкініш айыратындығын “Қандай іс істесе де білімсіздің еншісі — енші, оған одан басқа өкініш жоқ”, “Көп сөйлеген көп өкінеді”, “Ашкөздіктің соңы — өкініш, қайғы - қасірет” деген жолдары арқылы байқатады. Өкініш мұнда этик. нормалардың ара - жігін ажыратушы ұғым. Осы ұғымға сүйене отырып, біз Ахмет Иүгінекидің этикалық көзқарастарын анықтай аламыз. Ахмед Иүгінеки үшін бұл дүниеде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі де өзгереді. “Жас қартаяды, жаңа ескіреді”, “Барлық толған нәрсе азаяды, түгел кемиді”. Сол себепті бұл дүниенің қызығы да жалған, өткінші. Мұнда “менікі” деген жоқ. Өйткені “менікі дегенің ” ертең “өзгелердің еншісі” болып шығады. Сондықтан дүниеқорлық пен ашкөздік адамға бос бейнет әкеледі, ал оны ойлай берсең, ол сенің тек “уайым - қайғыңды көбейтеді, «одан да еңбек ет» деп тұжырымдайды. Кішіпейілділік пен жомарттықты, сабырлылық пен көнбістікті мадақтайды.

 

Дастанның ХҮ ғасырда қайта көшірілген нұсқасында мынандай жолдар бар:

 

Ахмед Әдиб – атым, үлгі – сөзім,

Қалады мұнда сөзім, кетем өзім,

Күз келер, жаз да кетер, өмір де өтер,

Сонымен жұмыларда екі көзім.

 

Әкесінің аты – Махмуд Йүгінеки,

Әдіб Ахмед оның ұлы екеніне шүба жоқ...

... Әдібтің туған жері Жүйнек деп аталады,

Ауасы сондай ғажайып, таза, көңілді сергітіп жібереді.

 

Аталған қала жұрты қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданында жатыр.

Йүгінеки өз дастанын арнайы әскербасыға тарту еткен болатын.

Арнайы баспасы болмаған сонау ықылым замандарда «Ақиқат сыйы» сияқты әйгілі шығармаларды калиграфистер қолмен көшіріп, елге тарататын. Сөз болып отырған дастанның бүгінгі күнге осындай үш қолжазба нұсқасы жетіп отыр. Олардың екеуі ұйғыр тілінде, біреуі араб тілінде жазылған екен.

Шығарманың қолжазбасы табылғаны туралы түрік ғалымы Нәжіп Асим алғаш рет 1906 жылы хабарлама жариялаған болатын. Асим ғалым бұл еңбекті түрік тіліне аударып, 1916 жылы жеке жинақ етіп бастырған еді.

Осы ғылыми жаңалық жарияланысымен «Ақиқат сыйын» зерттеуге деген әлемдік түркологтардың қызығушылығы күрт өскен болатын.

Түркі тілдес халықтардың жазба ескерткіштерін мейлінше терең зерттеп, ғылыми тұжырымдама жасауға айрықша атсалысқан ғалымдар: Е. Бертельс, С. Малов, Қ. Махмудов, В. Радлов, Т. Ковалевский. «Ақиқат сыйы» да осынау әлемдік деңгейдегі түркологтар назарынан тыс қалмады.

Олар аталған үш нұсқаны қатар алып, салыстыра зерттей отырып, жырдың толық мәтінін қалыптастырған болатын.

Ал түрік ғалымы Рашид Арат дастанның толық мәтінін әзірлеп, оны 1951 жылы жинақ етіп шығарды.

Қазақ ғалымдары да «Ақиқат сыйын» зерттеуге айрықша еңбек сіңірді. Мысалы, филология ғылымдарының докторы, профессор Берікбай Сағындықұлы жырдың араб әрпіндегі нұсқасын кирил әрпіне түсіріп, аударған болатын.

Сондықтан да, бұл дастан филология ғылымдарының докторы, профессор Әбіжан Құрышжанов пен филология ғылымдарының докторы, профессор Берікбай Сағындықұлының аударуымен 1985 жылы «Ғылым» баспасында қазақ тілінде жарық көрген еді.

 

IV. Талдау жұмыстары

Автордың өлеңдерінен аудармалар беріледі, өлеңдердің мағыналарын ашады.

 

Білікті білім жинап, кәсіп етер,

Білімнің дәмін татып, өсіп өтер.

Білдірер білімді елге білім сырын,

Біліксіз білімді аттап, бөсіп өтер.

 

Алла Өзін білімменен құт етеді,

Қайырсыз надандықты жұт етеді.

Білімді үйренбеген талай қауым

Құдайды қолдан жасап, пұт етеді...

 

Жұмсармас, иілместі жомарт иер,

Мұрат та қол жетпейтін бұған тиер.

 

Өмірде жақсы мінез - жомарт деген,

Жаман ат - сараң, оған жақсы сөз ермеген.

Берген қол бәрінен де құтты болар,

Сол жаман - ала біліп, түк бермеген.

 

Сөз есепсіз – тіліңді тый, тарта ұста,

Тыймаған тіл басыңа сор әр тұста.

Есепті сөз – ер сөзінің асылы,

Мылжың тілді жау деп ұғын тартыста.

 

Ақылды ма, көп сөйлеген күпіне,

Талай бастың тіл жетті ғой түбіне.

Оқ жарасы жазылады, бірақ та

Тіл жарасы жазылмайды: түбі не?

 

V. Бекіту. Берілген кестені қысқаша толтырады.

 

Ахмет Йүгінеки кім?

 

Ақынның өмірі

 

Шығармаларының зерттелуі

 

«Ақиқат сыйы» дастанының идеялық ерекшеліктері

 

 

VI. Қорытынды

Оқушылар сабақ соңында төмендегі кестені толтырады

 

 Нені білемін?

Нені білдім?

 Нені білгім келеді?

 

 

 

 

VII. Үйге тапсырма. Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастанынан үзінділер жаттау.

VIII. Бағалау. Сабақта белсенділік танытып, қызығушылық танытқан оқушыларды марапаттау, еңбегін бағалау.


Пікірлер (33)

Акерке♡¤♡¤ 8А сынып

Жаман емес ☆☆¤♡☆¤☆♡

Акерке♡¤♡¤ 8А сынып

Оте жаксы екен

Аружан♥♡♥

Норм ну толыгымен берилу керек еди(())...

ермек

яя толык емес

ермек

яя оз екен маган унаган жок

Есімхан

Сабақ жақсы əрі толық , басы бар аяғы бар , нені толық емес деп жатсыңдар?

АИДА

ИА толык емес

АИДА

иа онша емес

Алина

Жаксу. Барбур толук емес

Аружан♥

Жаксыго бірақ толық емес

Мадина

Норм.

Балауса

Jaksy

мадияр

жаман емес

Жанел

Толык емес

айка

жаксы го ози де деректер аз деген жокпа буган куанындар

Айбек-148

Толыгымен кайда округе болады?

Назым

Нақты берілмеген

Жулдыз

толық емес

Жанель

Ахмет Йүгінекей туралы білдім

Еңлік

норм го неси толык емес дейсындер

Иүгінеки Ахмед

Білікті білім жинап, кәсіп етер,
Білімнің дәмін татып, өсіп өнер

Мерей

Өте жақсы

Мерей 8б

Маған ұнады ,өте жақсы,бірақ толық емес.өкінішті

нұрсұлтан

жақсы түсінгенге ой саларлық екен

КАПРАЛ

МАҒАН КЕРЕК ЗАТТ ЖОҚ

Нұрдəулет

Барлығы да өте жақсы. Керекті заттар өте көп.

Сымбат

ЖаЖаксықсы мәліметтер жазылған.Рахмет))

Айгуль

Жақсы ,өзіме біраз мәлімет алдым

Динара 8а

Керемет

Акнур

жаксы озиме керегін алдым

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз