сайыс
ozgetil.kz

Уақыт – алтыннан қымбат

Ақмола облысы Целиноград ауданы
Қабанбай батыр ауылы
№41 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Смагулова Бакытгуль Жасылхановна

Мұғалім: Смагулова Б.Ж

Бөлімі:  Уақыт – ұлы күш

Сынып: (7А4)

Сабақ тақырыбы

Уақыт – алтыннан қымбат

Оқу мақсаттары:

Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау. Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау (А4.);

Сабақ мақсаттары

САРАЛАУ №1

Барлық оқушылар: Тыңдалған мәтін негізінде сұрақтарға жауап бере алады.

Көптеген оқушылар: негізгі  ашық сұрақтарға жауап бере отырып, кейіпкерлерге мінездеме береді.

Кейбір оқушылар: Өздері берген мінездеме мен автор мінездемесін салыстыра отырып, мәтін идеясын аша алды.

Бағалау  критерийлері

САРАЛАУ №2

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп,  мазмұнын айтады.

Автор берген мінездемені анықтайды.

Мінездемедегі тілдік құралдарды талдайды.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Суретті сипаттау үшін нақ осы шақ қолдана алады.

Пән лексикасы және терминология:

Уақыт тақырыбына қатысты жаңа сөздер мен терминология.

Құндылықтарды дарыту

 Өзіне және өзгелерге құрмет  көрсетіп, ,сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Философия, әдебиет теориясы

Ресурстар:

Үлестірмелі материалдар

АКТ, интерактивтік тақта, маркерлер, карталар, суреттер.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

 Сабақ басы

 мин

 

І. Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл – күйлеріңіз қалай? Бүгінгі сабаққа дайынсыздар ма? Жақсы, олай болса шеңберге тұрайық

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

«Көңіл-күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз. Жақсы, орындарыңызға отырыңыздар.

ІІІ. Қызығушылығын ояту.

                                                     Жұмбақ

Көп болса алыстайсың мезетпен қашықтайсың
Асықсаң аз болады, Табасың мұны қайсысың? (...)

Сабақ ортасы

 

 

ІҮ.Жаңа сабақ

Дұрыс, балалар, жауабы уақыт екен.Бүгінгі біздің сабағымыздың  тақырыбы Уақыт – алтыннан қымбат.

 ( Сабақ мақсаты, критерийлері   таныстырылады.)

Енді бүгінгі сабақтағы жаңа сөздермен, сөз тіркесімен  танысайық.

Сөздік жұмысы. (мұғалімнің көмегімен сөздерді қайталайды)

Уақыт – время, time

Доп қуалау ( доп ойнау) -догонять мячь (играть мячь)

Қиындық тумайтын – не затрудняющий

Әдетке айналдырады- приврощает прывычки

Есейген шақта -  в зрелом возрасте

Жауап қайтару – оветить

Телефон шалу – звонить

 

Тыңдалым әдісі бойынша мәтінді 2 рет оқиды.

Ертеде бір бала өмір сүрген екен. Ол достарымен бірге доп қуалап, балалық шағын қызықты өткізеді. «Уақыты» да үнемі жанында бірге қуанып жүретін. Теледидар қарауға да, кітап оқуға да, достарымен ойнауға да уақыты жететін. Уақыт екеуінің арасында еш қиындық туындамайтын.Ол өскен соң әріптестері, қиын жұмыстары пайда бола бастайды. Бірде көлікті жөндеу үшін, енді бірде сүйіктісімен қыдыру үшін бала Уақытты аздап қысқартуды әдетке айналдырады. Ал Уақыт оның соңынан күлімсіреп ере береді.Баланың достары оған қиындықтарын айтып, шағымданып келетін. Және ол қиындықтардың әрқайсысы оның Уақытын қажетсінетін. Ол уақытты өлтіргісі келмесе де, бұл әрекетті жүзеге асыруға басқа адамдар көмекке келді. Жездесі қалаға барып келуді өтінсе, енді бірде көршісі бірге отырып шай ішуді сұрады. Мұнымен қатар, теледидар, телефон, компьютер тағы бар.Есейген шақта бала Уақытпен қош айтысады. Күндердің бір күнінде оған баласы келіп:- Әке, хайуанаттар бағына немесе киноға барайықшы! – деп өтінеді.Ол: Балам, кешір! Менің уақытым жоқ! – деп жауап қайтарады.
Баласына есейген соң хабарласып:- Балам, маған неге телефон шалмай кеттің? – деп айтады.Сонда баласы:- Әке, айыпқа бұйырмаңыз. Менің уақытым жоқ! – деп жауап берген екен.Уақыт – біздің ең бағалы қорымыз. Күндердің күнінде артыңызға бұрылып қарағанда күлімсіреп тұрған Уақытты көру үшін алдыңызға мақсат қойып, оған жету үшін жоспар құра білуді үйреніңіз.

«Шеңбердегі диалог. Әрі қарай...»  әдісі.

Мақсаты: оқушыларды айтылым дағдысына баулу, бір – бірімен пікір алмасып, ынтымақтастыруға үйрету, түсінген ақпараттарымен бөлісу.

Шарты:Оқушы шеңберде тұрып кезектесіп түсінгенін айтып шығады.

 

«Еркін  әңгіме »    әдісі (Балалар бір – біріне сұрақ қояды.)

Мұғалім ашық сұрақ қою арқылы оқиғаны өрбітеді.

- Әңгіме не туралы? Не түсіңдің? Қалай ойлайсың әкенің әрекеті дұрыс па? Неліктен? Ал баланың әрекеті ше?  «Пікірлер сызығы»әдісі

Мақсаты:  оқушыларды айтылым дағдысана баулу, өз ой – пікірлерін айтуға үйрету.

Мұғалім оқуышыларға кері байланыс жүргізеді.

Кесте толтырады. 

Автор мінездемесі

Сіздің мінездемеңіз

Балалық шағын қызықты өткізеді.

 

Басқа адамдар үшін көп уақытын жоятын.

Уақытты қысқартуды әдетке айналдырады.

 

Дискриптор: Білім алушы

-автордың берген мінездемесін анықтайды;

-кейіпкерге өзі мінездеме береді;

3-тапсырма. Кері байланыс.

C:\Users\Acer\Desktop\Ықшам сабақ\img_user_file_570f929511a4f_4_12.jpg

Жетістік критерийлері бойынша кері байланыс беріңіз. Әр топ 2 минут сөйлейді.

Жетістік критерийлері

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп,  мазмұнын айтады.

Автор берген мінездемені анықтайды.

Мінездемедегі тілдік құралдарды талдайды.

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

C:\Users\жанар\Desktop\картинки рефлексия\8.jpg

Үй тапсырмасы:  (Сендердің отбасы дәстүрі мен мерекелері туралы қысқаша эссе жазып келу).

Стикерлер

 

Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?

Сабақта маған не қызықты болды?

Сабақта маған не қиын болды?

Үлестірме қағаз



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)