"Табиғатты аялайық!" ойын сауық кеші.

     Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы, «Балдырған» бөбекжай балабақша тәрбиешісі Әбдіғалиева Ғ.М.

            Экология апталығындағы «Табиғатты аялайық!»

                 атты ойын сауық кешінің конспектісі.

 

Мақсаты :баланың көркемдік талғамын ,ақыл ойымен еліктеуін,қиялын дамыту;эстетикалық талғамдарын дамыту;зеректікке,шешендікке баулу;өнерге деген сүйіспеншілігі мен қызығушылықтарын арттыру;экологиялық тәрбие беру,жағымсыз әрекеттерді айыра біліп олардан бойларын аулақ ұстап жүру дағдыларын қалыптастыру;салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекіліктер:кейіпкерлердің костюмдері,бетперделері,реквизиттері(сыпыртқы,суқұйғыш,рогатк

ка,коланың шынылары,кәмпит қағаздары);декорациялар.

Рөлдерді сомдағандар:қасқыр -Әбдіғалиева Ғ(тәрбиеші),ешкі-Жәлелова М(тәрбиеші),лақтар-Мадияр мен Ерзат,аю-Нұржігіт,түлкі-Аружана,жүргізуші-Ізбасар Ғ

Барысы:

Құстардың шырылы,орманның таңғы тіршілігі дыбыстары естіледі.Сахна төріне жүргізуші шығып ертегіні бастайды.

Жүргізуші:Ерте ерте ертеде улкен бір орманда ешкі лақтарымен болыпты.

Ешкі:Лақтарым,шұнақтарым!Таң атты!Тұрыңдар!Жаңа күнімізді жақсы іспен бастайық,тұрыңдар,қарақтарым!

Лақтар(керіліп үйшіктен шығады ):Сәлем бердік біз күнге!

Сәлем бердік көк аспанға!

Сәлем бердік табиғатқа!

Жүргізуші:Лақтар күнде ешкі аналарының айтқандарын орындап оған көмектесіп жүрді.

Ешкі:Лақтарым, бүлдірмеңдер айналаны!

Сыйлаңдар табиғат-ананы!

Таза болсын жеріміз!

Табиғат біздің киеміз!

Онсыз бізге өмір жоқ!

Лақтар музыкаға жаттығу жасайды,беті қолын жуады;тамақ ішеді.Сосын аула тазартып,гүлдерге су құяды, Аквариумдағы балықтарға жем шашады.

1-і лақ(гүлдерге су құйып):Хош иісті гүлдерім

Әсемдік бізге сыйлайды

Гүл болмаса егерде

Өміріміз әсем болмайды.

2-і лақ(аула сыпырып жүріп):Тазалықты сүйемін

Таза болса айнала

Мен ойнаймын,күлемін.

Жүргізуші:Осылай күндер жалғасып жүре берер ед егер сол орманға Қасқыр мекен теуіп келмегенде.

Қасқыр ортаға шығады:Мен қасқырмын,қасқырмын!

Бұзықтық ойлаған батырмын!

Талдарды сындырамын!

Ырылдап барлық аңдарды қорқытамын!

Қолға ұстаймын рогатка

Құстарды атамын мазаққа!(талдарды сындырады,рогатка жасайды,құстарды атады)

Жүргізуші:Аңдардың бәрі зәбір көрді Қасқырдан.Ал ол болса өзінің теріс қылықтарына мәз болып орманды одан әрі бүлдіріп ластап жүреді.

Қасқыр кола ішіп шынысын жерге тастай салады,сағыз шайнайды сосын жерге тастай салады

Ортаға түлкі мен аю шығады

Түлкі:Мен түлкі түлкімін

Тұнып тұрған күлкімін

Қасқыр келді орманға

Болмады бізге енді маза

Бәрімізді ұрады,рогаткамен атады

Кетем мен бұл орманнан!(кетіп қалады)

Аю:Бұрын көп еді бал ара

Құлпырып еді бар айнала

Қасқыр келіп бәрін құртты

Ластады біздің орман-атажұртты

Кетем мен бұл орманнан!(қорбаңдап өкпелеп кетеді)

Жүргізуші:Осылай орманның барлық аңдары қасқырдың пасық қылықтарына наразы болып кетіп қалады.

Жүргізуші:орманда осындай жағдай болып жатқанын Ешкі естіп қаладыда Қасқырға барады.

Ешкі:Әдепсіз болма,қасқыржан!

Қарашы,қандай болып кетті айналаң

Талда       жоқ,аңда жоқ

Айналаң бәрі толған боқ!(басын шайқайды)

Лақтар тақпақ ,тыйым сөздер айтады:аққуды атпа;лас суды баспа;ұяны бұзба т.б.

Жүргізуші:Қасқыр ,қарашы кішкентай лақтар табиғатты бүлдірмей өмір сүреді.

Қасқыр(ұялып):Енді мен тентек болмаймын!Құстарды атпаймын!Талдарды сындырмаймын!Менде лақтар ұқсап айналаны тазартамын!Менде гүлдерге су құятын боламын!Тек орман аңдары қайтып келсінші.

Аю мен түлкі қайтып келеді

Аңдар қосылып:

Табиғатты сүйеміз

Тату-тәтті жүреміз

Ұяларды бұзбаймыз

Талдарды сындырмаймыз

Айналаны ластамай      

  Табиғатты аялаймыз

Кейіпкерлер ортаға шығып көрермендерге басын иеді.Жүргізуші оларды сомдаған тәрбиешілер ,балалармен таныстырады.Сұрақтар қояды: «Ертегі сендерге ұнадыма?Қандай ертегілерге ұқсайды бұл ертегі?Айырмашылығы неде?Қасқырдың жағымсыз қылықтарын айтып беріңдерші.Сендер күнделікті өмірде олай істейсіңдерме?»Балаларды мақтайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)