Өлең, жыр, ақындар

Қысқы орман (мнематаблица арқылы сөйлем құрау)

Әулиекөл ауданының әкімдігінің «Айгөлек» Әулиекөл балабақшасы МҚҚҚ Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы 2-ші кіші тобы «13» ақпан 2018 жыл Білім беру саласы: «Қатынас» Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «Сөйлеуді дамыту» Тақырыбы:Қысқы орман (мнематаблица арқылы сөйлем құрау) Мақсаты: Мнемотаблица арқылы балаларға толық сөйлем құрауды үйрету.Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу.Балалардың тілін, ойлау қабілеттерін дамыту. Достыққа, көмеккке мұқтаж жандарға көмек бере білуге тәрбиелеу. Көрнекі кұралдар:мнемотаблицалар,суреттер. Қос тілдік компоненті: қыс-зима Сөздік жұмысы: қыс Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың қызметі Мотивациялық қозғаушылық Балалар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Сендер өздерінді үй жаңуарларымыз деп елестетіндер, ал мен сендермен амандасамын. Сәлеметсіндер ме, мысықтарым! Сәлеметсіндер ме, үйректерім! Сәлеметсіндер ме,қаздарым! Сәлеметсіндер ме,бақаларым! Сәлеметсіндер ме,бұзауларым! Күннің көзі бізде шықты! Сәлеметсіндер ме,қошақандарым! Ал мен ботқа пісірдім, барлықтарын дәмін татындар! Осы кезде пошта тасушы апай келеді. Пошташы: Сәлеметсіндер ме, балалар! Сендерге алыстан хат келді.Хатты беріп кетіп қалады. -Балалар, бұл хат кімнен келді екен ашып көрейік. Хат: «Сәлеметсіндер ме, балалар! Мен қыс Ханшайымы боламын. Менің орман жаңуарларым жоғалып кетті, соларды табуға көмектесіндерші». Балалар, Ханшайымға көмек береміз ба? Мяу-мяу-мяу! (Қолдарын жуады) Кря-кря-кря! (Тұмсықтарын көрсетеді) Га-га-га! (Қанаттарын қағады) Ква-ква-ква! (Бақа сияқты отыру) Му-му-му! (Мүйіздерін көрсетеді) Ку-ка-ре-ку! (Аяқтарын котеріп бугіп, қанаттарын қағу) Бе-бе-бе! (Жұдырықтарын түйіп, басқа қойып айналдыру) Балалар хатты мұқият тыңдайды. -Ия, көмектесеміз. Ұйымдастырушылық ізденістік -Балалар, ол жақ өте алыс.Қалай ойлайсындар немен баруға болады? -Олай болса біз сендермен поездбен барайық.Бірақ онда отыру үшін қыс мезгілі туралы тақпақ айтып беру керке екен. Кім қыс туралы тақпақ біледі? Айнара, Айзере айтады. -Жарайсындар, балалар! Поезд болып барайық. -Балалар біз қысқы орманға да келіп қалдық. -Қарандар, мынау жерде сандық бар екен.Оны ашып көрейік пе? -Бұл сандықта суреттер жасырылыпты.Бұл сурет бойынша біз сөйлем құрау керек екенбіз. Балаларға бір-бір суреттен көрсетіп, сөйлем құратқызу. -Жарайсындар, балалар! -Балалар, қарандаршы ағаштың басында не отыр? -Қарға сендерге ертегі айтқысы келіп тұр екен.Тындаймыз ба?Қарғамен бірге қайталаймыз. Артикуляциялық жаттығу: Бір күні тіл үйінде отырып, іші пысқан соң өзінің білетін өленің айта бастайды. «ААА», «ООО», «УУУ». Бір кезде ол орманда келе жатқан қызыл телпектің дыбысын естіп қалады. «МММ», «МА-МА-МА», «МО-МО-МО», «МУ-МУ-МУ» Ал енді бұл өленді ақырын айтып көрейік. «МА-МА-МА», «МУ-МУ-МУ», «МО-МО-МО» ал енді қатты айтамыз. Бір кезде Маша орманда өзі келе жатқан сон қорқа бастайды да мынау өлеңді айта бастайды. Сендер тындандар, сосын бірге айтамыз. «Үйде тышқан, үйде қоян Аю ғана үйде жоқ. Аю үлкен, үй кішкентай Аю үйге сыймайды». Барлығымыз бірге айтамыз. Кім маған айтып бере алады? -Жарайсындар, балалар! Алдыдан қоян шығады.Балалар қоян бізбен бірге ойнағысы келіп тұр.Сендер шаршаған боларсындар. Қоянмен бірге Сергіп алайық. Сергіту сәті: Бұғының үлкен үйі бар, Терезеден қарайды Қоян жүгіріп келіп Бұғы үйін көреді Тук-тук есік аш Қара орманда аңшы қаш Қоян, қоян келе ғой Қолынды маған бере ғой. Ал біз енді арқарай кеттік. Балалар, қарандаршы мынау не? Оның ішінде бірдене бар шығар көрейік. -Балалар, бұл не? Ол қай жақта тұрады? Бұл маймыл қысты өте қатты жақсы көреді екен, сол үшін осында келіпті.Бірақ тонып қалған сон қапшықтын ішінде жылынуға кірген екен. Балалар сендер маймылға қыс туралы айтып бересіндер ме? -Жарайсындар, балалар! Қарандар мынау үйдің ішінде біреулер бар сияқты. Балалар, бұл Ханшайымның жоғалып кеткен достары ғой. Осы кезде Ханшайм кіріп келеді: -Сәлеметсіндер ме, балалар! Сендер менің достарымды тауып бердіндер, көптеген тапсырмаларды орындадындар. Рахмет сендерге. Мынау менің сендерге арнаған сыйлықтарым.Балаларға таратып береді. Балалар немен баруға болатынын айтады. 1.Қыс қызықты балаға, Ойнаймыз көп далада. Қарды үйіп аулаға, Сырғанайды бар бала. (Айнара) 2.Қыста қармен ойнаймыз, Қызыққа біз тоймаймыз. Таудан төмен сырғанап, Шаңғы,шана тебеміз. (Айзере) -Ия, ашайық. Балалар сурет бойынша сөйлем құрайды. -Қарға отыр. Балалар мұқият тыңдап, қайталайды. Дыбыстарды ақырын одан сон қатты айтады. Балалар тақтаға шығып өлеңді айтып береді. Балалар қоянмен бірге сергіту сәтін орындайды. -Бұл қапшық. -Маймыл. Ол жылы жақта тұрады. -Ия, айтып береміз. Балалар қуанады. -Сәлеметсіз бе! Балалар сыйлықтарға қуанады. Рефлексиялық түзетушілік -Балалар, ал енді біз топқа қайтайық. Сендерге бұл саяхат ұнады ма? Біз не істедік? Топқа келіп, сұрақтарға жауап береді. Күтілетін нәтиже Қабылдайды: Қыс мезгілінің ерекшелігін. Түсінеді: Толық сөйлем құрап, өз ойын жеткізе білуді. Қолдана алады: Мнемотаблица арқылы сөйлем құрауды. Тәрбиеші:Жамелова А.Е.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз