Кім жылдам?

Астана қаласы
«NURORDA» мектеп–лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі
Жанбосынова Жанагүл Балташевна


Тақырыбы: «Кім жылдам?»  5, 6 – сынып қыз балалары арасындағы жүзуден эстафеталық жарыс
 
Мақсаты:
оқушылардың денсаулығын нығайту; жүзу спортына қызығушылықтарын арттыру.

Жарыс бағдарламасы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Құрметті, оқушылар! Бүгінгі «Кім жылдам?» атты спорттық сайысымызға хош келдіңіздер! Оқушылардың денсаулығын нығайта отырып, жүзу спортына қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізіліп отырған спорттық сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
- Бүгінгі жарысымызға 8 топ қатысады. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерден өтуі тиіс. Барлық топтарға сәттілік  тілейміз!
Жарыс төрешілері таныстырылады.
- Жарыс 5 баллдық жүйемен бағаланады.
- Сөреге сайыскерлерді шақырамыз.
Жарысқа қатысушы барлық сайыскерлер ортаға шықты.

II. Негізгі бөлім

Жарыс шарты:
1. Топтың аты, ұраны.
2. 20 м. жүзіп өту (кролль арқамен әдісі).

III. Қорытынды бөлім
-  Құрметті біздің спортшыларымыз, сіздер бүгін өз күштеріңізді, жылдамдықтарыңызды көрсете білдіңіздер. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік!

Жеңімпаздарды марапаттау.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Сайыскерлерді дипломдармен марапаттап, табыстайды.
- Осымен, эстафеталық сайысымыз аяқталды. Қатысушыларға үлкен алғыс білдіреміз! Сау болыңыздар!

Жарыс барысынан үзінділер

D:\документы\Ахметбаева С\Көңілді  старт\жарыстар2017-18\жүзу\IMG_8204.JPG      D:\документы\Ахметбаева С\Көңілді  старт\жарыстар2017-18\жүзу\IMG_8209.JPG

D:\документы\Ахметбаева С\Көңілді  старт\жарыстар2017-18\жүзу\IMG_8249.JPG


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)