Ақкөл жағасында. Әмірхан Абдуллин

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы
Ақсай қаласы №6 ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі Хамидуллина Айнур Изтургановна


Сабақтың тақырыбы: Ақкөл жағасында. Әмірхан Абдуллин

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Әмірхан Абдуллиннің «Ақкөл жағасында» атты шығармасы бойынша Ахмет Байтұрсынұлы өмірімен таныстыру.  Мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру. Туған елі, туған тілі туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін  арттыру. Отанын сүюге, адамгершілікке тәрбиеленіп, сөздік жұмыс жүргізу.

Сабақ түрі: Панорамалық сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, өздік жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, постермен жұмыс, ойын, симантикалық карта, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану.

Көрнекілігі: қоржын, кестелер, күннің шуақтары, қима домбыра суреттері. 

Қажетті құралдар: АКТ, интерактивтік тақта, электронды оқулық.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.

Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Күлімсіреп, сәттілік тілеп,
Біз сабақты бастайық

Топқа бөлу
I топ:  “Омоним”
II топ: “Логогриф”
III топ: “Шарада”
IV топ: “Метаграмма”

II. Үй тапсырмасын тексеру
А) Автор туралы қысқаша мәлімет
Сапарғали Бегалин (1895 - 1983) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. Қазақтың белгілі жазушысы. Ол балаларға арнап 20 - дан астам кітап жазып, қазақ балалар әдебиетін дамытуға елеулі еңбек сіңірді.
С. Бегалин ”Сәтжан”, “Көксегеннің көргендері”, “Шоқан асулары”, “Алтай аңызы”, т. б. көптеген шығармаларды жазған.
Ә) «Қырдың жас түлегі» мазмұнын айту
1. Шоқанның Ертіс жағасына келуі
2. Шоқанның еліне деген сағынышы.
3. Шоқан оқыған сыныптың жазалануы.
4. Қорқарың бар қораға кірме
Б) Сұрақ-жауап
1. Әңгіме кім туралы?
2. Шоқанның шын аты кім?
3. Қашан, қайда туған?
4. Қандай еңбектері бар?
5. Ғалым туралы мен не білемін?

III.Ой қозғау


- Бұл қай мысал?  - Авторы кім?
Бейнефильм «Ахмет Байтұрсынов өмірбаяны»

Ахаңның 1914 ж. Орынборда жарық көрген Қазақша әліппесінің  мұқаба беті
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады.

Кестемен жұмыс

Жазушының аты-жөні

Туған жылы

Туған жері

Еңбектері

Жазушы туралы не білесің?

 

 

 

 

 


                
IV. Жаңа тақырыппен жұмыс. Қызығушылығын ояту.
«Саяхатқа шығамыз» Бейнефильм
Ақкөл жағасында. Әмірхан Абдуллин
Оқулықпен жұмыс
Әңгімені бөліктерге бөліп, жоспар құр
I. Ахметтің Мәшен ауылына келуі
II. Ахметтің балалармен танысуы
III. Ақкөл жағасында балалармен кездесуі
IV. Ахметтің риза болуы
Сөздікпен жұмыс
Тарантас - төрт дөңгелекті, үсті жабық арба.
Көшір - арба  айдаушы, атқосшы
Ныспы - адамның есімі, аты
«Сатылай кешенді талдау технологиясы» бойынша талдау.
1. Авторы ____________________
2. Тақырыбы __________________
3. Жанр түрі __________________
4. Идеясы
Постермен жұмыс
1-топ:  Ахметке мінездеме бер
2-топ: Әңгімедегі кейіпкерлерді ата
3-топ:  Әңгімедегі балық түрлерін ата
4-топ: Әңгімеге байланысты сұрақтар қой
V. Сергіту сәті
VI. Тапсырмалар
1. Кім шапшаң? Жұмбақтар шешу бейнефильм
2. Жеке жұмыс

1-топ: Омоним
2-топ: Логогриф
3-топ: Шарада
4-топ: Метаграмма
3.Топпен жұмыс Монолог
1-топ: Ахмет Байтұрсынов
2-топ: Көшір
3-топ: Балалардың бірі
4-топ: Балық
«ТВ БИНГО»

Шығармадағы кейіпкердің кезектесіп сөйлесуі

 

Еліміз бен жерімізді сыртқы жаулардан қорғаған

 

«Сатқын Жапалақ»,

«Бес ешк»і

 

- Балалар кешке қайда жиналды?

 

Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен өзі сөйлесуі

 

Бір нәрсені немесе оқиғаны күшейтіп, үлкейтіп айту

 

«Сапар мен Парта»,  «Ара мен Шыбын»

 

Тіл құралы, Әліпбиді жазған

 

Адам бойындағы кемшіліктерді сынап,

 

Тарихта болған адамның басына құрылатын шығарма

 

Халыққа таны мал болған тұлғардың сөздері

 

Төрт дөңгелекті, үсті жабық арба

 

Халық арасында ауызша шығарылып ұрпақтан ұрпаққа жеткен

 

Екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату

 

Жәнібек кімнен бата алды?

 

Арба айдаушы

 

Екі ақынның арасындағы сөз жарысы

 

Авторы белгілі ертегі

 

Ауылдың аты қалай аталады?

 

Балалар не айтты?

 

- Әңгімеде А.Байтұрсыновтың қандай еңбектері айтылған? «Әліпби», «Тіл құралы»
Сөзжұмбақ
1. «Абай жолы» романының авторы.
2. Фамиялиясын Қырғызбаев деп өзгерткен кім?
3. «Қайран шешем» күйін шығарған атақты күйші
4. Атақты қазақ палуаны
5. «Біреуге жақсылық етсең, жақсылығыңды міндет етпе» деген кімнің сөзі?
6. «Орындалған арман» әңгімесінің авторы
VII. Сабақты қорытындылау:
- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Несімен  ұнады?
- Қандай тапсырмалар орындадық?
-  Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Кері байланыс
Картинки по запросу кері байланыс

VIII. Үйге тапсырма
1. “Ақкөл жағасында” мазмұнын айту
2. Кітапша.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)