сайыс
ozgetil.kz

1001 мақал

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы
Ақсай қаласы №6 ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі Хамидуллина Айнур Изтургановна

Сайыстың тақырыбы: «1001 мақал»

Сайыстың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың білімін одан әрі дамыту, тереңдету, ізденушілігін арттыра отырып, ой–өрісін кеңейту.
Дамытушылық: тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетінің,сауаттылығынарттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиет дарыту, отанға, туған жерге, тілге деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сайыстың түрі: ойын сабағы.
Сайыстың әдіс-тәсілдері: іздестіру, салыстыру, мәтін құрастыру.
Сайыстың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі.
Сайыстың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:

Жүргізуші: Мектебімізде өткізіліп жатқан «1001 мақал» ойынына қош келдіңіздер демекпін! Бұл сайыста мектебіміздің 2 сынып оқушыларының ең тапқыр, алғыр, білгір, сөзге шешен, мақалшыл оқушылары өз білімдерімен сынасады. Енді ортаға сайысқа қатысушы жас достарымызды ортаға шақырайық.
- Жүрегінде от,
Көздерінде жалын бар - дей келе 2 «А» сынып оқушысы Табулдыева Майяны ортаға шақырайық.

- Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты - дей келе 2 «б» сынып оқушысы Кудабаев Расулдышақырайық.

- Еркін сөйлеп барынша,
Жарыстан сірә қалмайтын - дей келе 2 «а» сынып оқушысыСерік Рашиданышақырайық.

- Естігенін естіп тұрып,
Оқығанын миға тоқыған - дей келе 2 «б» сынып оқушысыМурзабекова Аиданы шақырайық.

- Әдепті де талапты
Сыныбының мақтанышы - дей келе 2 «а» сынып оқушысы Изтурганов Думанды шақырайық.

- Сөзге шебер, білімді,
Деп мақтайды ұстазы - дей келе 2 «б» сынып оқушысыТөлеубай Мәлікті шақырайық.

Жүргізуші:
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділ - қазылармен танысайық.

ІІ. Ойын барысы.
I айналым: «Бәйге»
II айналым: «Көкпар»
III айналым: «Жорға»
IV айналым: «Аударыспақ»
V айналым: «Ханталапай»
VI айналым: «Дода»

I айналым «Бәйге» Әр сайыскерге тірек сөздер беріледі. Сол сөздер қатысқан мақал – мәтелайту.
еңбек, тіл, отан, сөз, білім, бірлік

II айналым: «Көкпар» Мақал-мәтелді аяқтау.

1. Білімсіз өмір-...
2. Піл көтермегенді,…
3. Өнер алды-...

1. Ата –бәйтерек,….
2. Қына тасқа бітеді,...
3. Жылы жылы сөйлесе, ...
 
1. Шебердің қолы ортақ, ...
2. Көп сөз көмір,…
3. Туған жердей жер болмас,...

1. Батыр туса – ел ырысы,...
2. Ана көрген тон пішер,...
3. Тіл тас жарады,…

1. Еңбек етсең ерінбей,...
2. Туған жерге…
3. Оқусыз білім жоқ,…

1. Отансыз адам -...
2. Үлкенге құрмет,…
3. Оқу-білім бұлағы,…

1. Білімсіз өмір...
2. Піл көтермегенді…
3. Туған жердей жерболмас...
4. Шебердің қолы ортақ...
5. Оқусыз білім жоқ…
6. Өнералды...

1. Еңбек етсең ерінбей,...
2. Батыр туса – ел ырысы,.
3. Қына тасқа бітеді,...
4. Ана көрген тон пішер,...
5. Көп сөз көмір…
6. Сөз сүйектен өтеді…

1. Отансыз адам -...
2. Туған жердей жер болмас…
3. Үлкенге құрмет…
4. Туған жерге…
5. Оқу-білім бұлағы…
6. Ата–бәйтерек…

III айналым: «Жорға» Мақалдарды антонимдермен толқықтыру.

а ) Ашу- ... , ақыл - ... .
ә) ... сөз - көмір,
  ...  сөз - алтын.
б ) ...бала- арлы бала,
    ... бала- сорлы бала.
в ) Көз - ... , қол - ... .

Шарты: Көп нүктенің орнына қажетті сандар қою, санның сырын ашу.
1. Анасын Меккеге …3 арқалап барса да қарызын өтей алмайды.
2. Жақсы әке жаман балаға ...40 жыл азық.
3. ...7 атасын білмеген жетесіз.
4. ...7 рет өлшеп,...1 рет кес.
5. Қыздың...40 жаны бар.
6. Жігіттің...3 жұрты болады

IV айналым. «Аударыспақ» Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу.

1. Тілді үйіреді.(дәмді,тәтті)
2. Таяқ тастам жер. (жақын)

1.Үріп ауызға салғандай. (әдемі, сұлу)
2. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. (кеш, жәй)


1.Қоян жүрек. (қорқақ,су жүрек)
2. Тілдің ұшында тұр.(ұмыту)

1.Қас пен көздің арасында. (лезде, тез, жылдам)
2. Ит өлген жер. (алыс, қашық)

V айналым «Ханталапай» Аралас сөздерден мақал құрастыру.
Қажымұқан
Бөгенбай
Шәмші                     күйші (Құрманғазы)
Құрманғазы


түйе
жылқы
сиыр                  Зеңгі баба (сиыр)
қой


марғау
көгілдір
шөнжік                    аққу (көгілдір)
балапан


3 тұс
2 тұс
4 тұс                     көкжиек (4 тұс   )
7 тұс

сәуле
бұрыш
кесінді             2 нүкте 1 түзу (кесінді)
шаршы


жарқанат
пингвин
сұңқар                    құс емес (жарқанат)
лашын


VI айналым «Дода» Берілген суретті үш тілге аудару, мақал - мәтел құрастыру.

ұстаз учитель teacher нан хлеб bread     көз глаза eye            ат лошадь horse      кітап книга book

Би: «Секіртпе» 

3 «а» сынып бишілері:

СуюнгараеваЭмилия
Жомартова Жасмин
Әлібек Мадина
СалиховаАмина
Еншалиева Альбина

ІІІ. Жарысты қорытындылау
Жүргізуші.
Жарысымыздың соңғы сәті таяп қалды,
Ал, қазір әділқазы сөз алады.
Жарыстың жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады..

Әділқазыларға сөз кезегі беріледі.

2 «а» сынып сайыскерлері:             
1. Табулдыева Майя                              
2. Серік Рашида
3. Изтурганов Думан

2 «б» сынып сайыскерлері:                              
1.Кудабаев Расул
2.Мурзабекова Аида
3. Төлеубай Мәлік



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)