Әкем, шешем және мен

ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, қызыгушылықтарын арттырып, достыққа баулу. Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойынға ата-аналардың белсене қатысып, нәтижелі болатындығына көз жеткізу. Қажетті құралдар: Құрсаулар, кеглдер, қарлар, ракеткалар, шелектер, көкөністер, самокаттар, клющкалар, доптар және доғалар.

Дене тәрбие жетекшісі: Сәлеметсіздер ме ата-аналар, балабақша ұжымы және бүлдіршіндер. «Әкем, шешем және мен»-атты жанұялық жарысына қош келдіңіздер!  

Әуенмен залға кірген балалар жалаушалармен би қимылдарын орындайды. Жарысқа қатысушы «Қайрат», «Қыран», «Жұлдыз» топтарының ойыншылары ортаға шақырылады.

Әнұран орындалады.

Әр жанұяға әділ баға беретін әділқазылар алқасы тағайындалады.

Эстафеталық жарыс 6-бөлімнен тұрады.

Таныстыру, ұрандары, эмблемалары.

Эстефеталық жарыс: «Такси» ойыны.

«Қар жинау». «Көкөністер жинау». «Аққала құрастыру», «Хоккей» ойыны

 Дене тәрбиесі жетекшісі:

Кәне, бір-бірімізді қостаймыз,

Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.

Жеңіске жетеміз-деп,

Жалынды ұран тастаймыз.

Әр топ өзін таныстырып өтеді, эмблемаларын қорғайды.

  1. «Қайрат» тобының ұраны:

Ал кәне, босқа қарап тұрмайық,

Қажырланып намысты қолдан бермейік.

Балалармен бірге осылай күш қосып,

Бүгін бізде бағымызды сынайық.

  1. «Қыран» тобының ұраны:

Қатар өскен құрдасқа,

Жарыс ұнап тұрмас па.

Қуып жету жақсы гой,

Озып шығу бір басқа.

3. «Жұлдыз» тобының ұраны.

Ұшақтан да ұшқырмыз,

Желден озған жүйрікпіз.

Жарысуға сендермен,

Келіп тұрған мықтымыз.

Бишілер орындауында: Спорттық би.

Дене тәрбиесі жетекшісі: Ал енді спорт сүйер жанкүйерлер, эстафеталық жарысымыз өз мәресіне жетті.

Бүгін міне оң болып әр ісіміз,

Жоғары боп күш-жігер намысымыз.

Осылайша қуанышпен думандатып,

Аяқталды халайық жарысымыз.

Әділ қазылардың шешімі әзір болғанша тәрбиешілеріміз гимнастикалық лентамен би орындайды. (Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.)

Қорытынды бөлім. Жеңімпазды құттықтау, ата-аналарды Алғыс хатпен марапаттау, жеңімпаздарға сыйлықтарын табыстау.

                                                               Әйгерім Маратқызы Шманова,

«Ақерке» бөбек  - жай балабақшасының тәрбиешісі,

Қазалы қаласы.

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)