Өлең, жыр, ақындар

Қош бол, балабақша

«Нұр и Хан» жеке мекеме балабақша бөбекжайы
Тәрбиешілер: Бекжанова М, Пазылова А

Залға балалар музыка әуенімен кіреді.
Сымбат: Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен аман бармысыздар
Таусылмайтын ағытып ой арманын
Ал достарым ақ жол тілеп сөз бастағын
Әсел: Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз тастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әр бір күнің әр айың
Сымбат: Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып ортаға білім мен тәрбие нәрін сусындатқан апайларымызды ортаға шақырсақ. (ортаға тәрбиеші апайлар шығады)
Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті-ақыл ойларың
Қуанышты бүгінгі
Құтты болсын тойларың
Жүргізуші: Қымбатты ата-аналар, қонақтар біздің бүгін бірнеше жыл мәпелеп күтіп өсірген бүлдіршіндеріміз мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Енді ортаға  бүгінгі ертеңгілік иелерін қошеметтеп ортаға шақырайық.

Түлектерімізді қарсы алыңыздар.

1. Топтың жүрегі жүйрігіміз ол болар, білімділердің тілін біліп, жақсы жағынан танылған – Жүрімбай Әсел
2. Ай мен күнге балаған нәзік жан ғой бұл Сымбат – Мұсахан Сымбат
3. Сабырлы жайсаң мінезі- адалдықты сүйеді ол біздің – Бәкірұлы Досжан
4. Бойында үлкен намыс бар әрқашан алға ұмтылған – Мәлік Дарын
5. Өзі сондай ұқыпты, топтағы ең көрікті қыз – Амангелді Айсел
6. Үлкенді мүдірмей тыңдайтын, адамдарды қошеметтеп сыйлайтын – Құрбанбекова Қаламқас
7. Жақсылықтың жаршысы ақкөңіл сүйкімді қыз – Ыдырыс Маралдым
8. Күллі жұртты тамсантып  мың бұрала билейтін – Оспан Айнұрлы
9. Спортты жаны сүйеді, салауатты өмір сүреді, қоғамдық жұмыста үнемі алда жүреді – Иса Дінмұхамед
10. Сыңғырлаған күлкісі бар, оқуда жүйрік, ажарлы да, сүйкімді қыз – Нұрланқызы Нәзік
11. Тобымыздың инабатты да, әдепті қызы – Исаева Айғаным
Жүргізуші: Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл шапалақтап қарсы алады
Ән «Балабақша» Сымбат Мұсахан
Жүргізуші: Алдындағы балалар
Мектепке кетіп барады
 Тақпақ айтып бір-бірден
Қимай кетіп барады -  дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға ортаға шақырсақ.
Әсел: Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызды қимаймыз
Қоштасатын күн бүгін
Ботақандай бөбектеп
Еркелеткен ұл-қызын
Анамызды ерекше
Қуантамыз біз бүгін
Айнұрлы: Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып бала бақшамен
Біз мектепке барамыз
Дарын: Қоштасып бала-бақшамен
Біріншіге барамыз
Өздеріңді ұмытпай
Есімізге аламыз
Ұмытпас деп ұлсын
Тамаша әнге саламыз
Нәзік: Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбігер
Қамқоршымыз дәрігер
Мейрамкүл апаға мың алғыс
Сымбат: Ән салдырып билеткен
Таныстырып ең алғаш
Әріптермен суретпен
Анар апайға мың алғыс
Досжан: Баулып баптап өсірген
Бұзықтық етсек кешірген
Ұмытпаймыз өзіңді
Ұмытпаймыз сөзіңді
Ақбота апайға көп рахмет
Марал: Сүйген өз қыз өз ұлын
Бөбегім деп аянбай
Балабақша өз үйім
Апай болды анамдай
Айсел: Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтанда біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Нұрбану апайға мың алғыс
Қаламқас: Бақша біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз
Ұлағатты ұстаздан
Оқып білім аламыз
Жүргізуші: Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп отыр. Балалар біз мектепке не үшін барамыз?
1. бала – оқып білім алу үшін
2. бала- еліме еңбек ету үшін
3. бала білімді азамат болу үшін
4. бала – ер жетіп Отанымды қорғау үшін ой жарайсыңдар. Талаптарыңа нұр жаусын.
Жүргізуші: Рахмет көп- көп
Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік.
Би: «Қоштасу вальсі»
Жүргізуші: Балалар тыңдайықшы есік қағылып тұрған сияқты. Ортаға білімпаз келеді.
Білімпаз: Балалар сәлеметпе мен сендерге  ақ жол тілегім келіп сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім. Сендердің барлықтарыңа Ақ жол тілеп, сендерді өз әлеміме шақырамын, менің досым болуға келісесіңдер ме? Менің досым болсаңдар бізді алда көп асулар күтіп тұр балалар.
Осы кезде Жалқаугүл келеді.
Жалқаугүл: Ой мұнда не болып жатыр кеттік балалар ойнауға не істеп жатырсыңдар далада қызық болып жатыр.
Жүргізуші: Ау Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмедің бе, сенде биыл мектепке барасың ғой қарашы мына  Білімпаз қандай үлкен болғанын, сенде талпынуың керек емеспе?
Жалқаугүл: Ой мына Білімпаз мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе бар мына балалар менің достарым болады, біз мектепке бармаймыз аналарымыз, әжелеріміз оқиды біз басымызды ауырпаймыз.
Жүргізуші: Қой Жалқаубек біздің балалар мектепке әзір, бүгін олар балабақшамен Қоштасып жатыр, сен апаңнан қалмай жылап балабақшаға келмей жүргенде біздің Балалар бәрін оқып біліп алған отыршы көрші.
Білімпаз: Апай мен балалармен ойын ойнап көрейінші, балалар мектепке дайын бекен?
Ойын: «Кім жылдам сөз айтады»
Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады, сосын сол әріпке сөз айтады.
Жүргізуші: Білімпаз саған рахмет. Біздің балалармен ойын ойнап білімдерін тексердің біздің балаларымыз мектепке баруға дайын деп баға бергеніңе рахмет. Енді біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз..
Ән: Жүрімбай Ә
Білімпаз: Ал Жалқаугүл қалай екен біздің балдар? Жақсы екен балалар.
Жүргізуші: Ендігі кезекті тақпаққа берсек. Кіші топтың бүлдіршіндері өздерінің жаттаған тақпақтарын айтып берсек дейді.

Білімпаз: Жалқаугүл мен балалармен тағы да ойын ойнағым келіп отыр, Жалқаубек кел сенде ойна.
Шарты: Балаларға бірден 10-дейін сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға тоқтау керек.
Жалқаугүл: Білімпаз сен оны қайдан біліп алдың? Менің асығымнан добымнанда қызық ойын екен, үйге барып мекетепке дайындалайын, күзде мектепке барам. Екеуміз күзде мектепте кездесейік.
Жүргізуші: Білімпаз саған көп рахмет. Жалқаугүлді дұрыс жолға салдың ғой. Сендерге көп рахмет. Ендеше білімпаз бен Жалқаугүлді шығарып салайық.
Қош сау болыңдар.
Балалар: Қоштасады.
Жүргізуші: Балалар сендер білесіңдер ме, мен ортаға  кішкентай бүлдіршіндерді шақырамын, сендерде балабақшаға келгенде осындай кішкентай болғансыңдар ал енді үлкен болып өстіңдер.
Би: «Бөпелер»
Біз мектепке барамыз
Оқып білім аламыз
Ән саламыз қазір де
Біздің бала бақшамыз келесі тыңдайтындарыңыз Амангелді Айселдің орындауында әдемі бір әнге кезек берсек.
Жүргізуші: Талабыңа нұр жаусын. Біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «Білім беруді балабақшадан бастау керек» деп атап кеткен болатын, әрине осы сөз текке айтылмаса керек, мінекей Елбасымыздың қолдауымен жасаған «Зерек бала» бағдарламасы арқасында сендер мектеп табалдырығын нық аттап бара жатырсыңдар.
Айналайын балалар
Алда мектеп ана бар
Өздеріңнен өседі
Өнерпаздар даналар дей отыра биші баладарымызды шақырсақ ортаға.
«Нұрсезім» тобының бишілері.
Жүргізуші: Үлкен сенім жүктеп алып
Мектепке кетіп барамыз
«Қош бол бала бақшам»деп
Қоштасу әнін саламыз
Хор: «Қош бол балабақшамыз»
Жүргізуші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын
Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын
Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын
Біріншіге баратын қадамдарың құтты болсын
Бір ата, бір ананың тірегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
Бірлік барда тірлік бар деген бабам
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз – дей отырып құттықтау сөзді балабақшамыздың  меңгерушісі Ақылбекова Н апайға берсек.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер