Өлең, жыр, ақындар

Қатты денелердің қысымы

Сабақтың тақырыбы:

Қатты денелердегі қысым

Мұғалімнің аты-жөні:Ошанова Багдагул Абуқызы

Күні:   16.01.2018

СЫНЫП:  7

 

Қатысқан оқушылар  саны: 

 

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.3.1.2 – қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау;

7.3.1.3 – есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану

Сабақ  мақсаты

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Қысымның физикалық мағнасын түсінеді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Қысымды азайту және кемітуді біледі.      

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Тәжірибе арқылы қысымды есептей алады.

Бағалау  критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.Қысымның физикалық мағынасын түсіндіре алады.

Тілдік құзіреттілік

Пәндік лекцика,үш тілділік,суреттерді сөйлету.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Математика, әдебиет

Алдыңғы оқу

Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

ресурстар

Басталуы

2  минут

 

 

 

Үй тапсырмасы

2мин

Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды  кассадан  билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

 

 

Оқушыларға өткен тақырыптарды қайталап, пысықтау мақсатында оқушыларға сәйкестендіру кестесі беріледі. 

Физика-

лық шама

Математи-калық өрнегі

Орыс тілінде

 

 

Ағылшын  тілінде

 

Өлшем бірлігі

Өлшейтін құрал

1

Масса

m=ρV

масса

mass

кг

Таразы

2

Көлем

V=m/ρ

объем

volume

м3

Мензурка, сызғыш

3

Күш

F=mg

сила

power

Н

Динамометр

4

Салмақ

P=mg

тяжесть

The severity

Н

Динамометр

5

Қысым

P=F/S

давление

pressure

Па

Барометр

 

Дескриптор:

 Білім алушы физикалық шамалар мен олардың өлшем бірліктері,өрнегі, арасындағы сәйкестікті анықтайды,ағылшын тілінеде атауларын біледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарқатпа материалдар

Жаңа білім

12 минут

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

«Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Сегіз найза қолында, көз аудармай,
Батыр да аял қылмай ертең таңға.
Қанат құйрық суылдап, ысқырады,
Көктен қыран сорғалап құйылғанда.
А. Құнанбаев
Осы жерде сегіз найза деп отырғанымыз бүркіттің тырнақтары. Бұл жыртқыш құстың тырнақтары мен
тұмсықтары қатты өткір жылтыр болып келеді. Аудандары кішкентай болғандықтан, тіпті болымсыз
ғана күшпен зор қысым жасап, аң аулауға шамасы келеді

Виде ролик көрсетіледі. (Bilimland сайтынан)

 «Суретті сөйлет» әдісі

(Әрбір топ берілген сурет  бойынша  өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар  алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

І-топ:

Бізге бірінші құмның үстіне жіңішке төрт аяғы бар үстелше төңкеріліп үстіне, 5кг гір таспен бастырылған, батпады, себебі неде? Екінші, құмның үстіне үстелшені жоғары қаратып, үстіне сондай гір тас қойған, батып кетті, себебі неде?

ІІ-топ:

 Адамның қармен жүруі қиын, себебі ол қадам басқан сайын қарға омбылайды. Ал аяғына шаңғы байлаған адам қар үстімен жеңіл жүре алады. Мұның себебі не?

Шаңғымен де, шаңғысыз да адам қарды өзінің салмағына тең бірдей күшпен басады. Бірақ ол күштің бұл екі жағдайдағы әрекеті бірдей емес. Себебі шаңғы бетінің ауданы адамның табанының ауданынан жиырма еседей үлкен. Сондықтан ол шаңғымен тұрғанда қар бетінің әрбір шаршы сантиметр ауданын шаңғысыз тұрғандағыдан гөрі жиырма еседей аз күшпен басады.

ІІІ- топ

Суға түсіп кеткен адамды құтқарушы балалардың қайсысының әрекеті дұрыс.

Себебін түсіндіріңіз.

Дескриптор: Білім алушы қысымның анықтамасын қолданып қортынды жасайды.

Бағалау кейтериі:

Топтар бірін-бірін бағалайды (түстер арқылы)

Жасыл –жарайсың!

Сары –жақсы

Қызыл -түсініксіз

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық,

мәтіндер.

Үш топқа суреттер

 

Ортасы 

10 минут

 

 

 

 

 

 

Қолдану

Әрбір топқа тәжірибе беріледі

 Мынадай тәжірибе жасайык.

 1 топ:Тік бұрышты білеушені әр қырымен үстелге қойғанда,ол үстелдің бетіне қандай қысым түсіреді?

 2 топ:Тік бұрышты білеушені әр қырымен үстелге қойғанда,ол үстелдің бетіне қандай қысым түсіреді?

 ( Ж: Динамометр көмегімен білеушенің салмағын өлшеп алып,оның әр қырының ауданын тапсақ оның қысымын табуға болад)

3-топ: Алақаныңды жоғары қаратып, сол қолынды үстелге қой. Кітапты алаканыңа қырымен қойып, оны оң қолыңмен төмен кысып бас.Сол қолың қысымның артуын сезе ме?Енді кітапты алақанға емес, үстелге қой. Бір колыңмен кітапты үстінен ақырын бас,екінші қолыңды кітаптың қырына тигізіп ұстап тұр. Осы кезде қол косымша кысымды сезе ме?

 Ж:Міне, осы тәжірибені жасай отырып, кітаптың өзіне түсірілген қысымды бір ғана бағытта (сыртқы әрекет күшінің бағытында ғана) тарататынына көз жеткізуге болады.Мұны қатты денені құрайтын молекулалардың белгілі бір ретпен орналасатыны және олардың кандай да бір нүктенің төңірегінде тербеліп қана қозғалатыны әрі молекулалардың осы нүктеден алыс ұзап кете алмайтыны аркылы түсіндіре аламыз.

Ж: Динамометр көмегімен білеушенің салмағын өлшеп алып,оның әр қырының ауданын тапсақ оның қысымын табуға болад

Дескриптор: Білім алушы тәжірибе жасап қысымды анықтайды.

 

 

Топтық жұмысқа арналған ресурстар

Қажетті құрал жабдықтар

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!» «Атомдар мен молекулалар» әдісі

Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: Ол физикалық тілде жақсы тілек айтады.

 

Аяқталуы

Сабақты бекіту

6 минут

 

 

 

 

3 мин

Талдау

1.Массасы 600кг доңғалақты тегістегіш тіреуіштің ауданы 0.2 м2 Ол топыраққа қандай қысым түсіреді?

2. Массасы 80 кг адамның аяқ киімі табанының ауданы 60 см2 болатын болса, онда ол жер бетіне қандай қысым түсіреді?

3. 100 см2 ауданға 50 Н күш әрекет етеді. Қысымын анықтаңдар.

Дескриптор: Білім алушы есептің берілгенін жазады.

                                      Керекті өрнекті қолданады.

                                      Шешімін шығарады.

 

Жинақтау: тест

1.Бір заттың молекулаларының арасындағы кеңістікке екінші заттың атомдарымен молекулаларының араласып кетуі қандай құбылысқа жатады?

А) Жылулық   Б) Диффузия   В)  Деформация

2. Дененің бір өлшемді бетінің ауданына перпендикуляр бағытта түсетін күш қалай аталады?

А) Үйкеліс    Б) Серпімділік    В)  Қысым

3. Қасқыр мен киік массалары бірдей олардың қайсысы жерге көбірек қысым түсіреді?

А) Қасқыр     Б) Киік    В)  Екеуі бірдей

4.Қысымның өлшем бірлігі

А) Паскаль    Б) Ньютон    В)  Метр

5.1Па неге тең?

А) м/с    Б) Н    В)  Н/м2

 

Есептер,

 

 

 

 

тест

 

Бағалау критерийі

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

стикер.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

 Жасыл – бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды.

Сары – бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды.

Қызыл – бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз