«Дүниеде не күшті?» ертегісін сахналау

Ходжа-Ахмедова Нұргүл Эбидаевна
Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Ақшұқыр ауылы
«Жауқазын» балабақшасы

«Дүниеде не күшті?» ертегісін сахналау

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, адамгершілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке, мәдениеті сөйлеуге, еңбекқорлыққа, қамқорлыққа, жалқау болмауға тәрбиелеу. Сөздік қорын молайту,тілін дамыту, қимыл-қозғалысын жетілдіру,табиғатты аялауға, сүюге баулу.
Көрнекіліктер: зал ертегі мазмұнына сай безендірілген, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, табиғат аясындағы еңбек етіп жатқан адамдардың бейнесі.
Техникалық құрал: проектор, музикалық аспаптармен әсем әуен шырқалады.

Барысы
Тәрбиеші: Бүгінгі «Балдырған» ортаңғы тобының бүлдіршіндерінің «Дүниеде не күшті?» қазақ ертегі қойылымын тамашалаңыздар.

Әуенмен «Дүниеде не күшті?» ертегісі басталады.

Автор: (Іңкәр) Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде.
Қырғауыл балапаны қызыл екен.
Түрі сондай қызық екен.
Мұзға тайып жығылыпты.
Сонда мұздан сұрапты:
Балапан: (Іңкәр) — Мұз! Мұз! Мені құлататындай неден күшті болдың?
Мұз: (Абзал) — Мен күшті болсам, Күннің жылуына ерер ме едім?
Балапан: (Іңкәр) — Күн! Күн! Сен неден күшті болдың?
Күн: (Санжар) — Мен күшті болсам, Бұлтқа бетімді жапқызар ма едім?
Балапан: (Іңкәр) — Бұлт! Бұлт! Сен неден күшті болдың?
Бұлт: (Зерделі) — Мен күшті болсам, Жусанға көгімді берер ме едім?
Балапан: (Іңкәр) — Жусан! Жусан! Сен неден күшті болдың?
Жусан: (Әмина) — Мен күшті болсам, Қошақанға бүрімді жегізерме едім?
Балапан: (Іңкәр) — Қошақан! Қошақан! Сен неден күшті болдың?
Қошақан: (Айдын) — Мен күшті болсам, Қасқырға жегізер ме едім?
Балапан: (Іңкәр) — Қасқыр! Қасқыр! Сен неден күшті болдың?
Қасқыр: (Келжан) — Мен күшті болсам, Мергенге атқызар ма едім?
Балапан: (Іңкәр) — Менген! Мерген! Сен неден күшті болдың?
Мерген: (Рақымжан) — Мен күшті болсам, мылтығымның бауын Тышқанға қиғызар ма едім?
Балапан: (Іңкәр) — Тышқан! Тышқан! Сен неден күшті болдың?
Тышқан: (Сезім) — Мен күшті болсам, інімдегі бидайымды Құмырсқа тасып әкетер ме еді?
Балапан: (Іңкәр) — Құмырсқа! Құмырсқа! Сен неден күшті болдың?
Құмырсқа: (Дана) — Күшті болғың келсе егер?
Ерінбе сен жұмысқа
Еңбекпенен шыныққан!
Менің атым — Құмырсқа!
Ертегі кейіпкерлері хормен: Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Автор: (Іңкәр) — Балалар, бүгінгі «Дүниеде не күшті?» ертегісі аяқталды, тамашалағандарыңызға рахмет!
Тәрбиеші: — Балалар, дүниеде не күшті екен?
Балалар: — Дүниеде еңбек күшті.
Тәрбиеші: — Ертегі сендерге ұнады ма?
Балалар: — Иә, ертегі ұнады, қызықты болды.
Тәрбиеші: — Ой жарайсыңдар, балалар, ертегіні жақсы сомдап шықтыңдар. Балаларды мадақтау!

Күтілетін нәтиже:
Нені білді: ертегінің мазмұнын түсіне білді
Нені игерді: қимыл-қозғалысын келтіруді игерді
Нені білу керек: еңбектің берекесі болатынын білу керек



Пікірлер (1)

Перизат

Осындаи ашык сабактарынызды жибергендеринизге коп рахмет !

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)