Өлең, жыр, ақындар

Сынып дарабозы

Ағытыпсың ақ тілектің тиегін, Жанға жақын тілекшіні сүйемін. Ақ пейілің бір Аллаға естіліп,

Өзің дағы аман жүрші жиенім  Алпия  Орманшина  2015 жыл  60 жас  туған күн.

 

Сынып  сағаты  тақырыбы :  Сынып  дарабозы

Мақсаты:  Сыныптағы  білімді, жан-жақты оқушыны  анықтай  білуі  керек. Дарабоз  оқушының білімге үйренуге деген  қызығушылығы ,ынтасы болатынын  ұғынуы  тиіс. Әр оқушы   жеңімпаз болуға ұмтылуы, көшбасшылық  қасиеттерін  көрсетуге  бейімделуі   қажет.

Ұйымдастыру кезеңі :  Сынып  оқушылары стикерге  жазылған  жеребе   алу арқылы   алты оқушы  таңдалып  алынады.

Сынып  дарабозы  сайсының  өткізілу   мақсаты   анықталады.

Сайыстың  өткізілу  кезеңдері  және   бағалау  түрлерінің  тәсілдері  таныстырылады.

Қажетті  көрнекі  құралдар :  Стикерлерге  жазылған  оқушы  атттары, бағдаршамның  қызыл  көзі, маркер, постер, әділқазыларға  бағалау  парағы.

Күтілетін  нәтиже : Сынып оқушыларынң  дарабозын  анықтай  алады.Дарабоз  оқушы  қандай болатынын  ұғынады. Өз бейімділігін  анықтап, бағалауды, толықтыруды   ажырата   біледі.


1 -жүргізуші :  Құрметті ұстаздар,  қонақтар, сыныптастар  біздің  бүгінгі «Сынып дарабозы »  деп  аталатын  білім  сайысымызға  қош  келдіңіздер.

2-жүргізуші :

Армысыңдар, құрметті қонақтар!
Ағайын мен халайық!
Көпшіл болған ер дана,
Достары көп ел болар
Өнерліден үлгі алып,
Салдырар сәнді мол қамал.
Өнерлімен дос болсаң,
Қиялыңды қорғайды - демекші, бүгінгі  сынып  дарабозы  атты интелектуалдық ойынымызды бастаймыз! Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін ұпайы аз екі оқушы шығып отырады.
1- жүргізуші:

Сынып  дарабозы атты  сайысымызды  бағалайтын  ӘДІЛҚАЗЫЛАРДЫ САЙЛАУ, ТАНЫСТЫРУ

Бас  әділқазы : Нургалиева  Бибигуль  Галымжановна-  қазақ тілі  пәнінің мұғалімі.

2- жүргізуші :Әділқазы мүшесі : 1. Атығай  Жансая  Сейітханқызы – өзін-өзі  тану пәнінің  мұғалімі

2.Наурызбай   Құралай  Наурызбайқызы -  ата-аналар  атынан

1- жүргізуші : Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайыскерлерді шақырайық ортаға :

1. Әбдісалық  Қарақат  Асыланқызы

2.Жармағанбетова  Диана  Ерболқызы

3.Қаражан  Нұрдана  Мұратқызы

4.Ескермесова  Айымжан  Әлібекқызы

5.Хамитов  Ілияс  Жанқалдыұлы

6.Молдахмет  Ерсұлтан Маралұлы
2- жүргізуші :Өтілу кезеңдері:

1-кезең :  «Мәнерлеп  өлең  оқу»

2 - кезең: «Бәйге»
3- кезең: «Қызықты тоғыздық»
4 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»

5 - кезең: «Ақтық мәре»
2-кезең  – бәйге  Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда – демекші, қане, көрелік,    алғашқы  бөлімімізде    ойыншыларымыз  өздерін қалай ұстар екен.
1-кезең  «Мәнерлеп  өлең оқу» Осы кезең бойынша өлеңді мәнерлеп оқымаған бір оқушы ойынан шығады

2- кезең: «Бәйге» ойын шарты:
Берілген сұрақтарды мұқият тыңдап алып, қолдарыңыздағы  бағдаршамның  қызыл  түсін  көтересіздер. Бірінші болып көтергендеріңіз жауап бересіздер. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі ойыншы жауабын айтуына болады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

1 – Сиырдың пірі /Зеңгібаба/
2 – Жылдан құр қалған жануар /Түйе/
3 – Жер бетінің қағаз бетіне кішірейтіліп түсірілген бейнесі /Карта/
4 – Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға /Президент/
5 – Ұя салмайтын құс /Көкек/
6 – Білім министрі /Бақытжан Жұмағұлов/
7 – Оян, қазақ! өлеңінің авторы /Ахмет Байтұрсынов/
8 – Біржанмен айтысқан ақын қыз /Сара/
9 – Заттың қимылын білдіретін сөз табы /Етістік/
10 – Ең үлкен уақыт өлшемі /Ғасыр/.

11.16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
12. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)
13. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)
14. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
15. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы?(М. Дулатов)
16. Екі тәулікте неше сағат бар?(48 сағат)
17. Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)
18. Азиада ойындарының бойтұмары не? (Барыс күшігі Ирби)
19. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)
20. Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)
21. 28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар?(1 тәулік 4 сағат)
22. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)
23. Топырақтың құрамы? (Су, ауа, шірінді, құм, саз)
24. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?((Қосымша)
25. 2 минут 30 секундта неше секунд бар?(150 секунд))
26. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?)
Әділқазыларға сөз береміз, ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.
3- кезең: Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі – демекші сайысымыздың  келесі бөлімі « Қызықты тоғыздық»  –   деп  аталады.  Ойыннын  шарты  мынадай: өздеріңіз таңдап алған сұраққа  жауап  бересіздер.  Сандықшаға  назар  аударыңыздар.   20 балдық сұраққа жауап беру арқылы 20 балл ала аласыз, 30 балдық сұраққа жауап беру  арқылы 30 балл аласыз. 40 балдық  сұраққа дұрыс жауап беру арқылы 40 балдан жинақтауға болады. Ұпайы аз ойыншы бастасын.

40     40       40
30     30      30
20     20      20


40 оң жақ:  Әдебиеттік оқу. Монолог  сөз  дегеніміз не ? (Кейіпкердің ішкі  сезімін  білдіру  үшін өзімен-өзі сөйлескен сөзін монолог деп атайды)

40 сол жақ: Дүниетану.
Түсті металл кендерін белгіле:( мыс, жез, қола, алюминий)
40 ортасы: Дүниетану. Тәуке ханның тұсындағы заң жинағы  қалай аталады

( Жеті  жарғы)
30 оң жақ: Қазақ тілі.  Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?
(Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді  айтамыз)

30 сол жақ:  Әдебиеттік  оқу.  Диалог дегеніміз  не ?

(Шығармадағы кейіпкерлердің  кезектесіп  сөйлесуін  диалог  деп  атайды.)
30 ортасы : Дүниетану. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал?
(Компас)
20 оң жақ: Аралас  сұрақ. Республикалық  балаларға арналған «Айгөлек»  балалар журналының  бас  редакторы (Қымбат Әбілдақызы)
20 сол жақ: Дүниетану. Алғашқы адамдардың қолданған еңбек құралдарын ата
(шақпақ тас, сүйек, таяқ, тырма)

20 ортасы:  Әдебиеттік  оқу.  Халық  ауыз  әдебиетіне  қандай шығармалар жататынын білесің бе ? ( Айтыс, жаңылтпаш, аңыз, батырлар  жыры, бесік жыры)

Әділқазыларға сөз береміз, ұпай саны төмен ойыншымен қоштасамыз
 4- кезең :Жеті жұрттың тілін біл (5 ұпайдан)
Сайысымыздың  келесі  кезеңін « Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық.
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл,өз тіліңді және өзге тіліңді                       
 Мұнда сіздерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі. (Көктем - весна - spring)
2. Мұрты бар, иегінде сақал жок,
Тон бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінекн табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапар жоқ. (Мысық - кот - cat)
3. Футболшының алаңдағы ойын заты (Доп - мяч - ball)
4. Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы (Ит - сабака - dog)
5. Әр адамның шағын отаны ( Жанұя - семья - family)
6. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады (Қоян - заяц - carrot)
7. Ер қанаты (Ат - конь - horse)
8. Ердің(екі) сөйлегені өлгені (екі - два - two)

9.Тұмсығымен  қозғалар

Соңында аппақ  із қалар (бор- мель-chalk)

10.Сөзі  дана,  үні жоқ.

Сөйлемейді  тілі  жоқ.

Қолыңа алсаң шешен,

Ақылы асқан көсем. ( Книга- кітап-book)

11.Үй  үстінде алтын  тас,

Алайын  десем  табылмас (Жұлдыз- звезда-star)

12. . Қабат – қабат қаттама
Ақылың боллса аттама. (кітап – книга - book)
13. Жүз теңгең болғанша,
Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)

14. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
Ұпай санын білсек. Ұпайы  аз оқушы ойыннан шығады.
5- кезең  - Ақтық мәре. «Мақалдың  жалғасын тап»

Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымызда екі оқушы бір - біріне мақалдың жалғасын жасырады, ал екінші оқушы жалғасын табады,  нағыз сынып  дарабозын анықтайтын кезең

1.Түлкі

Мысық

Ит

Арқасы

Қиянда

6.Айдар

Түйме

Белгі

тағу (әйгілеу)

2.Айы

Күні

Жұлдызы

Қарсы

7.Еденге

Алақанына

Алысқа

Түкірді

( іске дайын тұрды)

3.Қазаны

Шәйнегі

Зығыры

Қайнау

8.Алаңда

Басына

Далада

ат ойнатты

4.Жауырынан

Арқасынан

Аяғынан

жел өту(азап шегу)

9.Бүйдей

Иттей

Қырандай

Тиді

(әлек  салды)

5.Бұйым

Зат

Жақсы

көрмеу(менсінбеу)

10.Жер

Күл

Құм

болу(ұялу)

 

1.Күрек

Жүрек

Тырна

Жалғау

6.Бетінен

Көзінен

Құлағынан

оты шықты

2.Атқа

Сиырға

Тайға

таңба  басқандай

7.Төбе шашы

Самай шашы

Қолаң шашы

тік тұрды

3.Қабақ

Нөсер

Жаңбыр

Жауды

8.Ұлдың

Қыздың

Әженің

Жиған

жүгіндей

4.Темір

Қағаз

Бармақ

Шайнау

9.Қабырғасымен

Бүйірімен

Төбесімен

 

Кеңесті

5.Қас Қабақ

Кірпік

Қаққанша

10.Опық

Құрт  Ет

Жеу

 

Қорытынды  тұжырымдама : Сынып  оқушыларымен «Сынып дарабозы» атты байқау  сайысы  өтті. Сынып дарабозы  сайысына қатынасушылар : Әбдісалық  Қарақат  Асыланқызы,  Жармағанбетова  Диана  Ерболқызы, Қаражан  Нұрдана  Мұратқызы ,Ескермесова  Айымжан  Әлібекқызы, Хамитов  Ілияс  Жанқалдыұлы, Молдахмет  Ерсұлтан Маралұлы қатынасты. Ойынның  бірінші  кезеңі бойынша мәнерлеп  өлең  оқу  сайысында  оқушылар  мәнерлеп  өлең  оқу өнерлерін  көрсетті. Бұл кезеңде  Ескермесова  Айымжан  ойыннан  шықты. Екінші  кезең  бойынша «Бәйге» ойыны  барысында  берілген сұрақтарға жылдам жауап беріп, әр оқушының  ұпайы саны саналып отырды. Бұл  кезеңде ойыннан шапшаңдық  таныта  алмаған  Ерсұлтан болды.  Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі демекші сайысымыздың  келесі бөлімі « Қызықты тоғыздық»  –   деп  аталады. Бұл жерде  қызықты тоғыздықтан сұрақтарға жауап  беріп ұпай жинады.Бұл кезеңде Қаражан  Нұрдананың  ұпай  саны  аз болды. Сайысымыздың  келесі  кезеңін « Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Ойын  барысында жұмбақтың  шешіуін тауып, үш тілде жазып ,оқу  керек еді.Бұл кезеңде  ойыншылары мыздың ішінен Жармағамбетова  Диананың   ұпайы  аздау болды. Ақтық мәре. «Мақалдың  жалғасын тап» кезеңінде  Ильияс пен  Қарақат екеуі өз тілдерінің жетіктігін, ой өрістерінің кеңдігін  көрсетті. Мақалдардың  жалғасының  бірнеше  нұсқасы берілді, сол нұсқадан  нақты  сай  келетін  мақалдың  жалғасын   табуда  Әбдісалық  Қарақат шапшаңдық  көрсетіп,  нақты  жауаптар  белгіледі.Мысалы : Ит  арқасы, қиянда.  Зығыры қайнау.  Бүйідей  тиді.  Жауырынан жел  өтті. Ойынның  барлық  кезеңінен  сүрінбей  өткен  Әбдісалық   Қарақат Асыланқызы  «Сынып дарабозы» атауына  ие  болып, сынып дарабозы  атты  алтын   тәж   киді. Қатынасқан  барлық  оқушылар «Мақтау қағазымен» марапатталды.

«Сынып   дарабозы»  атты  білім сайысы  өте  жоғары  дәрежеде  өтті. Мектебіміздің   қазақ тілі  пәнінің  мұғалімі  Нұрғалиева  Бибигүл  Ғалымжанқызы  және  ата- ана  Наурызбаева  Құралай  әділ-қазы мүшесі  болды. Әділ- қазы мүшелерінің  алдағы уақыттарда осындай  білім  сайыстарын  көбірек  өткізу  керек  деген  ұсыныстары болды. Себебі  сыныптағы 27  оқушыңын  барлығының  қызығушылығы  басым  және әр  оқушы өз  білім білік деңгейінің  нәтижесін  байқай алады  делінді. Сынып  дарабозы  атты  білім  сайысына  «өте  жақсы» деген баға  берілді.

Қостанай облысы

Арқалық қаласы

А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия

Балова  Бакыт Умирбековна

А.Байтұрсынов атындағы бастауыш  гимназия

Өткізген :  Балова  Б.У

Арқалық қаласы

Сынып  дарабозы

Білім сайысы


Пікірлер (2)

Динара Кожахметова

Сынып сағатыңыз жақсы дайындалған екен! Бәрі әдемі

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз