Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта

№176 бөбекжай-балабақшасы
Тәрбиеші: Егенбаева Нұргүл Нұрасылқызы

(Балбала II кіші топ)

Тақырыбы: «Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта»

Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ұрандар, қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық костюмдер.

Жүргізуші:
Бірлік пен ынтымағы халықтың-
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!
- дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта» атты тақырыптық іс-шарамызды тамашалауға шақырамыз.

Бұл мереке бұрын бүкіләлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды.

Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.

Халқымыздың  қанға сіңген  осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске  жеткізеді.

Достығымыз жарасқан,
Ақпыз, қара, сарымыз.
Қара жер мен көк аспан,
Ортақ дала тауымыз-дей келе достық туралы  
 
 «Ағайынбыз бәріміз» әнін тыңдайық.
 
Жүргізуші: Бір-бірімен тату тәтті тұрады,
Бәрінің де Қазақстан - тұрағы.
Туған жерге тебіренген сәттерде.
Ағылады өлең-жырдың бұлағы-деп  балаларымыздың
достық туралы тақпақтарын тыңдайық.
(Сырым, Мұхаммед, Нұрғиса, К.Амина, Қ.Алихан, Ханкелді, Шәміл, С.Алихан, Рабия)

Сырым: Біз балдырған тең басқан !                       
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз  әділдік!
Ашық болсын кең басқан!


Мұхаммед: Көктем келді май келді,                                       
Мамыражай ай келді,
Тал теректер түрленіп,
Жапырағын жайды енді

Нұрғиса: Достық үлгі санаған,                                        
Бір үйде біз тұрамыз
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.

К.Амина: Ағайын туған бар адам,                           
Адалдық үшін жаралған,
Бар қымбат туыстық
Баянды болсын тыныштық.

Қ.Алихан: Май келді сән келді,                                 
Жасарып жаңғырып,
Құлпырды көктеп жер
Мерейлі таң күліп.

Ханкелді: Бірінші май бүгін,                           
Мереке келді деп,
Көк аспан айдыны,
Ашылды мөлдіреп

Шәміл: Май келді, май келді                                
Бүгін мейрам алақай.
Көк аспан айдыны
Ашылды мөлдіреп.

С.Алихан: Бейбітшілік ұраны                               
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.

Рабия: Дайын қағаз қаламым,                          
Бояу таңдап аламын,
Ақ көгершін көк аспан
Суретін мен саламы

Жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне берейік.
Ұл өспейді құр мақтап ерсің десе,
Ұлт өспейді  дәстүрін менсінбесе.
Нағыз қазақ  екен деп азамат
Тақымыңа тұлпардың тер сіңбесе-дей келе
Қазақтың ұлттық биі «Көкпар»

Жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған! –дей отырып кезекті балалардың достық туралы тақпағына берейік.
(Д.Амина, Диас, Аспандиар, Арсен, Ақайша, Асет, Абай)
Д.Амина: Жасампаз жыр-әнім,                             
Өзіңсің ғажапстан,
Өсиет, ұраным
Отаным-Қазақстан.

Диас: Қуанышты май келді,                           
Алақай-ай, алақай-ай,
Шырқа шаттық әндерді,
Көшеге шық балақай.

Аспандиар: Дос болайық бәріміз,                            
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз.

Арсен: Әрқашан дос біргеміз                         
Ажырамас іргеміз,
Ілгері жүріңдер
Достық жырын біліңдер

Ақайша: Достық - шырағымыз                   
Достық-ұранымыз
Достық туымыз
Достық әніміз.

Асет: Бейбітшілік ұраны,                         
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны,
Еркіндігі халқымның

Абай: Достықты үлгі санаған                  
Бір үйде біз тұрамыз
Қалған ата-бабадан.
Бірлік асыл мұрамыз

Жүргізуші:
Отаным ордасы ғой игіліктің,
Көңіліне күн орнатқан күлкі жұрттың.
Шаңырағы кең биіктен  Отанымның,
Баянды  бағы өрлеген әрбір ұлттың!
-демекші біздің  Республикамызда әр ұлттың өкілдері тұрады.
 Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, орыс биін  қарсы алайық.
Би: Орыс биі
Жүргізуші:

Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.
- дегендей XXI ғасырдаҚазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің  егемендігі ұзағынан болсын деп тілейміз.

Егемен ел болдық, қаһарман ерлікпен.
Бағымыз жанады, бауырмал елдіктен.
Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары,
Мәңгілік жасаймыз бірлікпен, ерлікпен.

Ән: Барабан
Жүргізуші:

Бірлік – халық салты. «Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігі мен ұласады».
Бейбітшілік ұсы, ақ көгершін,
Биік ұшып самғасын.
Тілегімізді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын.
Қағаздан жасалған ақ көгершіндерді балаларға таратып беру.
Жүргізуші:
Осымен тақырыптық іс-шарамызды аяқтаймыз. Көріп  тамашалағандарыңызға көп рахмет.

C:\Users\176\Desktop\b4ff8d47-80a2-48e7-b628-ac10f9f5580e.jpg



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)