«ӘДЕБИ ТАРТУ» байқауы

Жеткеншек МЕҢДІҒАЛИҰЛЫ, 

№148 мектеп-гимназиясының мұғалімі

 

 

«ӘДЕБИ ТАРТУ» байқауы

 

Мақсаты: Халық өнерін игеруде-жастарды еңбексүйгіштікке, әсемдікке бағыттап, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, жақсы әдет, дәстүрлерді жалғастыруға баулу. Оқырмандарды ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпын үйренуге және сыйлап құрметтеуге шақыру; ата дәстүр үрдісін ұстанғысы келетін кез-келген оқырманның күнделікті танымдық қоржынын қомақтандыру,ойөрістерін ұштау; ұлтына жанашыр ұрпақ тәрбиелеу.

1-жүргізуші: 

Ана тілім-сарқылмайтын бұлағым,

Ана тілім-қазынасы мұрамның.

 Ана тілім-бостандығым, егемен,

Ана тілім-салт-дәстүрім, жыр-әнім.

2-жүргізуші: 

Әдебиетім-ойымның нық қазығы,

Жауқар жырлар-жүректің жан азығы

 Әдебиетім-арманы мол бабамның

Болашаққа қосып кеткен наз,үні!

1-жүргізуші: 

Ассалаумағалейкүм, тереңге тамыр жіберген тарихынан тәлім алған, туған тілдің тұнығының нәрін алғандар!

2-жүргізуші: Армысыздар,бармысыздар, өрлі де асқақ рухты  тәуелсіз елдің  ұлағатты ұстаздары мен жас ұландары!

1-жүргізуші:  

Тіл апталығының  аясында 5-9-сыныптар арасында өткізіліп отырған әдебиет таруына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: 

Сан ғасырлар бойы кең даланы шарлап, талай қиын - қыстау кезеңнен өткен ана тіліміз күні бүгінге дейін өз құдіретін жоғалтқан емес. Ана тілдің құдіреті шексіз.

2-жүргізуші: 

Сәби жарық дүние есігін іңгәләп ашқан сәттен бастап-ақ, ана тілінің құдіретін ақ жаулықты анасының ақ сүтімен бойына сіңіреді, бесікте жатқан сәтінде аяулы анасының әлдиімен құлақтан кіріп, жүрегінен ана тіліне деген құрмет пайда болады.

1-жүргізуші: 

Ана тілдің іргетасы, міне, осы сәттен бастап қаланады. Еліне, жеріне деген махаббатың бәрі осыдан туады. Сол себептен ана тілден шыққан әрбір рухты сөз жүрекке жылу, бойға қуат береді.

2-жүргізуші: 

Осы ана тіліміздің құдіреттілігі арқылы біз сан ғасырлық болған оқиға мен тарихты, керек десеңіз тәрбиені әдебиет деген ерекше әлем арқылы  біліп, ұрпақтан ұрпаққа туған тіліміз арқылы мұра болып келеді.

1-жүргізуші: 

Ал,әдебиет - адамды адам,нағыз азамат ететін, оны рухани шыңдайтын, жанына жолдас болатын ерекше ғылым және ғажайып өнер. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану» құралы десе, әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» деуге болады.

2-жүргізуші: 

Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржанының қырсырын үйренуден жай білім ғана беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – адалдық, ізгілік, қайырымдылық, мейірімділік, әдептілік, кішіпейілділік, сыпайылық сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңіреді.

1-жүргізуші: 

Әдебиет – барлық білім мен өнердің, барлық пәндердің атасы. Ой,ойлау, ойланту барлық пәндерге де керек. Ал, ойсыз өмір сүру мүмкін емес нәрсе.

 

2-жүргізуші: 

Ана тілім-аруақты айбаттым,

Қадіріңнен айналайын қайраттым

Сенің мерей,беделіңді көтерем,

Әніңді де әуелеттің,сайраттың.

 

1-жүргізуші: 

Әр кез әнмен басталған-ды ұлы той

Ән дегенің әдебиеттің жыры ғой

Әсем әнмен сана сергіп демалсын

Музыка ол-құдіреттің бірі ғой.

2-жүргізуші: 

Ортада –Мағжан! «Батырлар ұраны!» әні. Қабыл алыңыздар!

 

 1-жүргізуші: 

Бүгінде адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі әдебиет  пен мідениет, өнер мен ғылым тоғысқан  – білім қазынасы. Алғашында ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша түрде таралып, ауызша әдебиет болып  жетті.

2-жүргізуші: 

Тіпті арғы бабаларымыздың қанында бар қаһармандық ескерткіш болып тасқа қашалды.  Тіл деген құдіреттің арқасында талай ғасыр қорғандарын бұзып шығып қайта жаңғырды.

1-жүргізуші: 

Өңделді, хатқа түсті.Жазба әдебиеттің жарқын кезеңінде де түпкі тамырдан тыныс алып жатты. Әдебиет- баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.Одан әр бір қазақ баласы үлгі алуға тиіс.

2-жүргізуші: 

Тарихпенен тоңыстырған іргесін,

Әдебиеттің бастаудамыз жыр көшін

Әдебиетті ұлықтауың-парызың

Ал білмеуің, бізге сын!

1-жүргізуші: 

Ортада 7-сынып оқушылары Арнұр,Шұғыла және Оспан Әліби.

1-жүргізуші: 

Абайым - адамзаттың ғұламасы,

Атасы алты алаш, қыр анасы.

Бабамды барлық халық танығанда,

 Қалайша шабыттанбай тұра аласың!?

 2-жүргізуші: 

Атамыз, ұрпағың айтқанынды ұмытпайды,

Жыл сайын еске алып, ұлықтайды.

Өлеңіңді мәнерлеп жаттап алып

Жүрегінің түбінде мәңгі сақтайды!!!

1-жүргізуші: 

Ортада 8-сынып оқушылары:Анель, Ақпейіл,Тоқжан,Ерке Бекзат.

2-жүргізуші: 

Білуге тарихымды талаптандым,

Ақтардым өткен күннің парақтарын

Абайға шәкірт болған Шәкәрімнің

Оқимын өлеңдерін  санап бәрін

1-жүргізуші: 

Зайфун назерке мен Аружан бірге

 

1-жүргізуші: 

Дархан халықпыз, дәріптей алар ақынын,
Азаттық үні ер Махамбет батырым.
Еркіндік теңдік керек деп қозғай білді ғой
Ер көңілінің тұнығындағы асылын.

2-жүргізуші: 

Оттай қызулы, серпіні селдей жырлары,
Ақ жүректерге толқу салды тынбады.
Әлдилеген арманы болған азаттық,
Пір тұтамыз Махамбеттей тұлғаны.

1-жүргізуші: 

Маржан Ержанова,Райымбек Арнұр

 

(Карина,Ерасыл)

1-жүргізуші: 

Тынымсыз тау өзені күркілдеді,

Шабыстан тұлпар ақын іркілмеді.

Қазақтың ұлан-қайыр кең даласы,

Өлеңнің сабасы боп күрпілдеді.

2-жүргізуші: 

Сөздердің не сиқырлы сырын ашты,

Қопарып астан-кестен дүние астын.

Балқаштың бар толқыны жиылып кеп,

Бойында тулап жатыр Ілиястың.

1-жүргізуші: 

(Самарқан Әсемгүл)

 

1-жүргізуші: 

 «Мағжан! Мағжан!.. Ерек есiм киелi

 Ұмытпайды, халқың сенi сүйедi.

Күннен туған пайғамбары өлеңнiң

 Алты алашың өзiңе бас иедi.

2-жүргізуші: 

(Байназар Аружан)

 

1-жүргізуші: 

Мұқан ата-алып бейне, тарланым,

Алатауым айбыны зор ардағым.

 Поэзия құдіретін танытып,

Ақ бозымен көк аспанға самғадың.

 

2-жүргізуші: 

Мұқағали, мөлдір таза бұлағым,

 Ашып берген поэзия әлемін.

Мейірімнің нұрын шашқан жүрекке,

 Көкке өрлеп қанат қаққан сұңқарым

 

Қуаныш Аяулым,Жанель, С.Аяулым,Нұрлан,Мирас

 

 

1-жүргізуші: 

Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады.

 

 2-жүргізуші: 

 «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген Ахмет Байтұрсынов данамыздың сөзі де ұлттық рухани мұрамыз, әдебиетіміз бен мәдениетімізді және оны жеткізушіана тілімізді қадірлеуге, қастерлеуге шақырады.

1-жүргізуші: 

 «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады.» деп қазақ тың ұлы классигі М.Әуезов айтқандай әдебиетті сүю парыз!

 

1-жүргізуші: Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, аналық жүрегімен, ұрпақтарын игілікке, салауаттылыққа, адамгершілікке, үлкен білім жолына тәрбиелеп, ұзақ жылдар бойы қызығы мен қиындығы мол, ұстаздық жолында шәкірттерін жақсы істерге жетелеген, өз ісінің адал иегері бола білген Ұстаздардың ұстазы ҚР Білім беру Ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы төс белгісінің иегері, №148 мектеп-гимназиямыздың директоры Алиакбарова Фатима Маметқалиқызына береміз!

Қазақстан Республикасы Білім беру Ісінің үздігі, «Жыл мұғалімі-2008» республикалық байқауының жүлдегері, бүгінде  директордың  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карменова Аида Нұрсанқызына сөз кезегін береміз.

Қазақ тілі – дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын. Ол Пушкин, Лермонтов, Крыловтардың шығармаларын аударып бір дәлелдесе, солардай етіп, сөздің майын тамыза жазу арқылы екінші рет дәлелдеді.

1-жүргізуші: 

 «Тіл ақылдың өлшемі» деп халқымыз бекер айтпаған. Олай болса, тіл мәдениетіне жастарды тәрбиелеу көркем - әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты дей отырып, бүгінгі шағын кешімізді      әнге береміз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)