О. Бодықов – Аққұс туралы аңыз

Қостанай облысы Федоров ауданы
Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Успенов орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Большой Акку

Сабақтың тақырыбы: О. Бодықов – Аққұс туралы аңыз
Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнын түсіндіру, сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өмірі туралы кеңірек мағлұмат беру. Мәтіннің мазмұнын ашу. Әннің құдіреттілігін түсіндіру. Әр оқушының қабілетін, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
Ұлттық өнерімізді сүюге, құрметтеуге үйрету. Ұлы таланнтың өнерін бағалауға, ізгілік пен кішіпейілділкке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, әңгімелеу, практикалық.
Көрнекілігі: Шәмші Қалдаяқовтың, О.Бодықовтың портреттері, презентация слайдтары
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Психологиялық дайындық:

Амансыңба алтын күн,
Амансың ба  көк аспан,
Амансыз ба қонақтар,
Амансызба мұғалім,
Сәлем көрші.
Сәлемімді қабыл алшы.
Жабырқамай күлімдеші.
Тамаша күн бүгін деші.

Үй тапсырмасын тексеру. “Сұрақ – бізден, жауап - сізден”
1. Жас Қаныштың қандай әдеті бар еді, ол кімге келіп сәлем берді?
2. Қаныш пен Жаяу Мұсаның арасында қандай әңгіме болды?
3. Қаныштың қарт әншіге берген жауабы туралы не айтасың?
4. Имантай қарт Қанышқа неге риза болды?
5. Әңгіме неге «Рәсім» деп аталады?

Сергіту сәті:
Шеңбер жасап тұрайық,
Велосипедке отырайық.
Велосипед айдайық,
Велосипедтен түсейік.
Машинаға отырайық,
Машинадан түсіп,
Үйімізге барайық.

Жаңа материалды меңгерту. Оқушыларға сабақтың мақсаты түсіндіріледі. Слайдты көрсете отырып, оқушыларға «Менің Қазақстаным» әуенін тыңдата отырып, әннің музыкасын жазған кім екенін сұрау. Қазақ халқына мәңгі мұра болып қалған әуенге жаңаша сөзбен Елбасымызбен қосыла отырып, Әнұран жазылды. Болашаұұа бағыт берген Шәмшінің әні-Тәуелсіздік әні. Желтоқсан көтерілісі кеінде де жастар осы әнмен шыққан болатын.

О.Бодықовтың «Аққұс туралы аңыз» әңгімесінетоқталамыз. Ендеше, осы мәтінді бөліктерге бөле отырып, әңгімелейміз.
А) Шәмшінің  талантының құндылығы.
Ә) Анадан естіген хикая
Б) Аққұс әнініңі құдіреті.
В) Қарақұстың ән әуеніне бас июі (оқушылар өз пікірлерін осы бөлімдер бойынша айтады).

Оқулықпен жұмыс. «Шәмші» сөзжұмбағын шешу. Сурет бойынша «Шәмші әнінің құдіреті» тақырыбына әңгіме құру.
Сабақты қорытындылу. Бағдаршам әдісі арқылы  Әр бала қолына қызыл және жасыл түсті қағаз алады. Мұғалім қойған бірнеше сұраққа байланысты балалар қолындағы қағазын көтереді. Сұраққа жауабы дайын болса, "жасыл" түсті, сұрақ жауабын білмейтін болса "қызыл" түсті қағазды көрсетеді. Жасыл түсті көрсеткен кез келген оқушыдан жауап сұралады. Жасыл түсті қағазды мүлдем көтермеген оқушыларға сұрақты қайталап қоюға болады не жауап берілген соң қызыл түсті қағаз көрсеткен кез келген оқушыдан жауапты қайталап беруін сұрау қажет.

Үй тапсырмасы: «Аққұстың қуанышты әні» тақырыбына сурет салу.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)