Оттек және озон

«Жалпы орта білім беру №1 қазақ тірек мектебі (Р.О)» КММ
Химия пәнінің мұғалімі Жуантаева Марал Ахмедиевна

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар. Оттек.

Мектеп: «ЖОББ №1 қазақ тірек мектебі (РО)» КММ

Сабақ тақырыбы: Оттек және озон

Күні 15.06.2018ж.

Жуантаева Марал Ахмедиевна

Сынып   8

Қатысқандар саны 

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

 

8.4.2.4 оттектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін салыстыру

8.4.2.5 жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіндіру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Оттектің құрамымен қасиетіне қарай аллотропиялық түр өзгерісін салыстыру;

Оқушылардың басым бөлігі: Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіну;

Кейбір оқушылар: Озон қабатының  жұқаруына әсер ететін себептерді анықтау.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

1. Оттегінің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрамын салыстырады; 

2. Оттегінің аллотропиялық түр өзгерістерінің қасиеттерін ажыратады;

3. Жербетіндегі озон қабатының маңызын түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:

Оттегінің қасиеті,аллотропиялық түрөзгерісін сипаттау.

Жану және тотығудың айырмашылығын салыстырады.

Терминология

қазақша

орысша

Ағылшынша

Озон

озон

Ozone

Оксид

окдид

Oxide

Газдар

газы

Gases

жану

горение

Combustion

тотығу

окисление

Oxidation

 

Сөз тіркестері: аллотропиялық түрөзгеріс.

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары негізіне сүйене отырып  оқушыларды туған жердің экологиялық проблемасын шешуге өзіндік үлесін қоса алатын тұлға болуға баулу. Оқушыларда зерттеушілік дағдыларды дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Физика

7.1.1.1 – Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру

7.1.1.2 – Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату

АКТ қолдану дағдылары

  Видеоролик, слайд, маркер, моделдер, кестелер, флипчат.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Химия 7 сынып. Ауаның құрамы, қасиеті.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған  жаттығулар

 

Басталуы

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезең.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабақ мақсаттарын айқындау.

Мақсаты. Сыныпта жағымды хал ахуал қалыптастыру барысында

Оқушылар кезек-кезекпен көрші тұрған оқушының алақанына алақанын тигізе  бір-біріне тілек айтады.

Оқушылар 1, 2, 3 сандары арқылы топқа болінеді,

Табиғат туралы суреттер көрсете отырып сұрақтар қою арқылы

,оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.

«Болжау әдісі» Әр сурет не туралы екенін ашып көрсете отырып, өз ойларын ортаға салады.

        

Алдыңғы білімді қайталау: «Сұрақты ұстап ал».

1. Ауаның құрамы?

2. Жану деген не?

3. Тотығуды қалай түсінесің?

4. Табиғатта оттек айналымы қалай жүреді?

5. Оттектің атомдық массасы нешеге тең

6. Өнеркәсіпте оттегін неден алады

7. KCLO3 тұзы қалай аталады

8. Оттекті ашқан кім

9. Оттегінің огригаттық күйі

 

Ортасы

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

12 мин

 

 

 

 

 

«Бейнеролик. Пікір алмасу».

Интерактивті тақтадан «Ауа. Табиғат. Оттек. Озон қабаты» туралы сюжеттер көрсетіледі. Сюжетке байланысты ойларын айтып, жаратылыстану, физика пәндерінен алған білімдерін қайталайды. «Өте дұрыс», «жарайсың» деген сөздер арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

 

Жаңа тақырыпты ашу.

Жаңа сабақ: «Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясын қолдана

отырып топтасып отырған оқушыларға тақырыпшалар беріледі.

     Тақырыпша:

1. «Оттектің аллотропиялық түрөзгерісі

2. Озонның қасиеттері;

3. Озонның алынуы;

Әр топ мәтін бойынша алған ақпараттарымен алмасады.

Дескриптор:

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды мағынасын ашады.

Шығармашылығына, өмірмен байланыстылығына мән береді.

Қалыптастырушы бағалау: топтар бірін бірі «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.

   1. Тапсырма: «Bенн диаграммасы».

 1. Оқушылар оттекпен озонның қасиеттерімен құрамын анықтайды.

      Дескриптор:

      Оттегі мен озонның қасиеттерін анықтайды.

      Құрамы мен ұқсастығын салыстырады.

      ҚБ: Ауызша мадақтау

      2. Тапсырма. «Зигзаг» әдісі.

Берілген тапсырмаларды ортаға салып, алдымен жұптасып, одан кейін басқа топтармен бөліседі.

а) Мына реакция теңдеулерін аяқта.

    O3 + KI + H2O

    Ag + O3

ә) Сутек пероксидінен оттек алу реакциясының теңдеуін жазып, 16 г оттек алу үшін қажетті сутек пероксидінің массасын есептеңдер.

б) Не себепті оттекті тотығу процесінде, ал озонды бактерияны жою үшін қолданады.

    Дескриптор:

Оттегімен озонның қасиеттерін біледі.

Реакция теңдеуін жазып, есепті шығара алады.

     3. Тапсырма. «Жер бетіндегі тіршіліктің сақталуына озон қабатының рөлі» эссе жазу.

        Дескриптор:

        Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсінеді.

        Критерийалды бағалау:

 

Аяқталуы

3 мин

 

 

 

2 мин

 

Оттек пен озонның құрамы мен қасиеттерін салыстыру                                »

Кері байланыс:

Бірінші баспалдақ: Мен.........білемін

Екінші баспалдақ: Мен ...........түсінемін

Үшінші баспалдақ: Мен........жасай аламын

 

Үй тапсырмасы

 

 

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Сабақты жоспарлау мақсатында оқушылардың қажеттілігі

не қарай қолданылады. Осыған байланысты «сұрақты ұстап ал» әдісі арқылы барлық  оқушылар үй тапсырмасын еске

түсіреді. Бейне ролик көрсету арқылы жаңа тақырыпты

балалар анықтайды. Жаңа тақырыппен танысқан соң, оқушылардың

білімін Венн диаграммасы арқылы саралау.

«Зиг Заг» әдісі арқылы сабақты жүйелейді.

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Оқушылардың жетістігін анықтау мақсатында оқыту мақсаты негізінде бағалау критериилері құрылды. Тапсырма бойынша орындаған жұмыс деңгейінің мақсатында дескрипторлар әзірленді.

Дескриптор;

  1. Озонның алыну жолын біледі

  2. Оттегі мен озонның қасиеттерін біледі

  3. Озон қабатының жер бетіндегі рөлін біледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)