Өлең-жыр байқауы

Күн мен бұлт

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Өркен ауылы
«Балбөбек» шағын орталығының  
тәрбиешісі Турдукылова Еркежан Умитбековна

Оқу іс–әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы.

МАД

Тәрбиеші:

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Күн мен бұлт

Сабақтың мақсаты

Тақырыпты зейін қойып түсініп, мазмұнын түсіне білуге үйрету, мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге ынталарын арттыру.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

Шаттық шеңбері

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

Күн мен бұлт

Жаңа білімге байланысты видеожазба тамашалау

Алған әсерлерімен бөлісу

Салу жолымен танысу

Балалар барлық қимылдарды  тәрбиешіге қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

«Мен білемін».

Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын бекіту, байқығыштық пен зейінді дамыту.

Мазмұны: педагог допты қолдана отырып, келесі мәтінді айтады, бұл кезде допты еденге ырғақпен соғу.

– Мен ұлдардың бес атын білемін:

Арман – бір

Аділет – екі

Қуаныш – үш

Асхат – төрт

Нариман – бес

Әрі қарай келесі ойыншыға доп беріледі. Ол келесі бес затты атайды. Бұл кез-келген заттар болуы мүмкін (ойыншықтар, гүлдер, ағаштар, аңдар).

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

Сарамандық жұмыс Күннің суретін салу

Тапсырмаларды әр  бала өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін нәтиже:

Білу

Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады.

Өзіне үйренгені

Жаңа білімді түсінеді

Үйрену 

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)