Қыз өссе елдің көркі

Армысыздар ақжаулықты әжелер, мейірімді аналар, құрметті қонақтар және кішкентай бүлдіршіндер!

 

Ақтілікті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздеріңнен өтсін шаттық арайың,

Өтсін солай әрбір күнің әр айың- дей отырып, баршаңызды көктемнің алғашқы мерекесі 8-ші наурыз аналар мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз.Сіздерге зор денсулық,ұ зақ өмір,бақыт, отбасыларыңызға амандық, саулықтілейміз! Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!

Анадеймізбәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген-бәйтерегі өмірдің

Ана деген-Алтын қазық алтын бақ-дей келе бүгінгі аналар мерекесі қарсаңында өткізілгелі отырған «Қыз өссе елдің көркі» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

 

 

Той деп бүгін көңіл шіркін тасиды

Той деп бүгін бүлдіршіндер шашу шашады

Балабақшада бүгін болар сайыстың

Бүлдіршіндер әнмен, жырмен бетін ашады.-дей отырып сайсымызды бастамас бұрын бүлдіршіндердің «Апатайым анашым »әнімен сайысымыздың бет пердесін ашайық. Қабыл алыңыздар!

Хор: Ақ мамам

Тақпақтар.

 

Мен қазаққыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздайжайраңдаған.

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.- деп келесі кезекте сайысқа қатысатын аналарымыз бен кішкентай бүлдіршін қыздарымызды ортаға шақырамыз.

1.Бойына мейірім ақ жүрек

Жақсылыққа толы ақ тілек.

                        Ана келді міне қыздарына бақ тілеп- деп Гүлзира анамен бүлдіршін қызымыз Аянатты ортаға шақырамыз, қарсы алыңыздар.

2.Еміреніп қозым деп

Мейіріммен қарайтын.

Балаларым аман болсын деп

Ай мен күнге балайтын-дей отырып ортаға Гүлсім анамен бүлдіршін қызымыз Индираны ортаға шақырамыз.

3.Дәулетім деп үнемі,

Оған артып бар үміт.

Сыздайтұғын жүрегі,

Құлап қалса сүрініп.

Марзия ана кеп отыр

Қамқор тілеп қызына- деп ортаға Марзия анамен бүлдіршін қызымыз Ақботаны ортаға шақырамыз.

 

4. Еркелетсе күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайынан иійкелеп

Құлыншағым күнім дейтін- деп ортаға Гүлзира анамен бүлдіршін қызымыз Қарақатты ортаға шақырамыз.

Енді Қоржыннан асықтар алып аналарымыз бен қыздарымыздың өнер көрсеру ретін анықтап алайық.(Қоржыннан қыздары асық алады , сол ретке сәйкес аналардың кеуделеріне сандар тағылады)

Сайысымызды бастамас бұрын сайысқа төрешілік ететін әділқазы алқасын сайлап алайық.

1.-------------------------------------------------------------------------------------------

2.-------------------------------------------------------------------------------------------

3.-------------------------------------------------------------------------------------------

4.--------------------------------------------------------------------------------------------

 

(Сайыс ережесімен таныстыру)

 

1.Сәлемдесу (Қыздары тақпақтарын мәнерлеп айту)

2.Өнер сайысы(Қызы немесе өзі өз өнерлерін көрсету)

3.Сән үлгісі (Аналары қыздарының шаштарын жөндеп киімдерін кигізіп шығару)

4.Жедел сұрақ, кім жылдам. (Аналарына сұрақ қойылады, қыздары дайын қиынды қағаздардан гүл жапсырып аналарына сыйға береді)

5.Спорттық ойын (Аналары белдеріне обруч айналдыру, қыздары бастарына құм қойылған қапшықты мереге жеткізу)

6. Үй тапсырмасы (Үйден дайындалып әкелінген заттардан белгіленген уақыт ішінде салат дайындау)

Дүниеде ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды бағады.

Сол үшінде құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы!-деп Аналарымыз бен қыздарымызға сәттілік тілеп Алуаның орындауында «  Аналардың тілегі» әнді тарту етеміз.

 

1-кезең. Қыз өссе елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі- деп

Сайысымызды бастайық

Көрерменді бір серпілтіп тастайық

Би билеп ән салып беретін

Аналарымыз бен қыздарымызды қол соғып қостайық-деп аналарымыз бен қыздарымыздың сәлемдесу сайысына кезек берейік.

(Кезегімен шығып өнерлерін көрсетеді) әділ қазылар бағасын береді.

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.- деп аналарға «Сағындым әже» әнін тарту етеміз.

1-кезең.Көркем өнер жас бөбек

Сүйкімдіә болар бақпаса

Тортасын алған бал қаймақ

Бойына сылау жақпаса

Үлпілдеген қызыл шоқ

Басына үкі тақпаса-деп сайысымыздың екінші кезеңі өнер сайысына кезек береміз.

(Кезегімен шығып өнерлерін көрсетеді) әділ қазылар бағасын береді.

Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның Анаға айтар лебізі- дей келе келесі кезекте бүлдіршіндеріміздің аналарына арнап айтар тақпақтарына береміз.

Тақпақтар.

 

3-кезең.

-деп сайысымыздың келесі кезеңі сән үлгісін көрсету кезегіне береміз. Шарты аналары қыздарын киіндіріп, шаштарын жөндейді.

Бәрі бірнге ортаға шығып өнерлерін көрсетеді) әділ қазылар бағасын береді.

 

Табаны жерге тимейді

Біздің қыздар ғажап билейді

Би сұлулық әсемдік

Сымбаттылық бұл дейді- деп қыздарымыздың «Домбыра » биін тамашалаңыздар.

4-кезең. Қой асығы демеңдер

Қолыңа жақса сақа тұт

Жасы кіші демеңдер

Ақылы асса аға тұт- дегендей кезек «Жедел сұрақ, кім жылдам» сайысына кезек берейік.

Шарты: Аналар сұрақтарға жауап береді, қыздары дайын қиындылардан гүл жапсырып аналарына сыйға береді.

әділ қазылар бағасын береді.

 

 

5-кезең:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәіби де жарқылдап

Ана деген- бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық алтын бақ- дей отырып бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнап орындауында «Құттықтаймын мама » әнін қабыл алыңыздар.

 

 

5-кезең. Спорттық ойын

 

6-кезең үй тапсырмасы салат жасау

 

Шарты: аналары үйлерінен дайындап әкелген заттарынан салат дайындайды

әділ қазылар бағасын береді.

 

 

Қадірлі аналар көңілі

Көктемдей жайнап гүл ашсын.

Бақытқа толып өмірі

Шаттыққа шаттық ұлассын.- дей отырып келесі кезекті сайысымыздың қорытынды бағасы дайын болғанша бүлдіршіндеріміздің ертеңгілік концертіне береміз.

 

Сендерде өскен балалар

Сендерде өскен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар мен әжелер- деп кішкентай ұлдарымыздың «қамшы» биін тарту етеміз.

Ән : Ана туралы жыр

Ән: Мира

 

 

Жүзден жүйрік,

Мыңнан тұлпар- демекші сайысымыздың қорытындылап сайысқа қатысушы аналар мен қыздарымызды марапаттау үшін әділ қазылар алқасына сөз береміз.

(Әділ қазылар алқасы ұпай сандарына қарай атақтар береді)

Жадыраған жаздай жылы жаны бар

Жақсылықтың шырағы бар жағылар

Қадірлі әже ән мен бірге жолданған

Бүлдіршіннің сый құрметін қабыл ал- деп бүгінгі ертеңгілік сайысымызға ат салысып қатысқан аналарымыз бен қыздарымызға мерекелік сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)