Ыбырай Алтынсарин "Атымтай Жомарт" әңгімесі

                                                                       ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

23 желтоқсан

2017 жыл

Жаңаөзен қаласы «№ 19 орта мектеп» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Саламатова Нагима Алексеевна

5-сынып

Қатысқандар:                  Қатыспағандар:

Қазақ әдебиеті

2-бөлім

Сабақ тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж 2.Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;

А/И 4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, өлең жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Әңгіменің тақырыбына қатысты тірек сөздерді жазып, оның тақырыбы мен идеясын анықтайды. Шығармадан алған әсерін баяндай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Әңгіме идеясын анықтайды, пікірталас кезінде өз көзқарастарын дәлелдей алады.  Көркем шығармадан алған әсерін сипаттайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: Әңгіме идеясына негізделген пікірталастың барлық талаптарын орындай алады. Тапсырмаларды орындау барысында ерекше ойлар айта алады. Шығармадан алған әсерін өлеңмен жаза алады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: Әдеби шығарманың тақырыбын, идеясын ажыратады, шығармадан алған әсерлерін түрлі нұсқада (мәтін құрастыруман, өлеңмен) жеткізе алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Ескі-құсқы, жарлы, әбірет, пұл, көңілге жел кіру, кем-кетік, тұтынсам.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Жомарт адам, кемшілікке салу, жәрдем беру, жете алмаған жарлы,  желіккен көңіл, терезесі төмен, күнәлі болу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. «Жомарт» сөзін қалай түсінесіңдер?
  2. Атымтайдың бай болғанмен, өз басын кемшілікке салу себебі не?
  3. «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың» дегенді қалай түсінесіңдер?

Пікірталасқа арналған проблемалық сұрақ:

Егер біз бай болсақ, бізге қажетті дүниенің барлығы болса да, Атымтай Жомарт сияқты күн сайын бір мезгіл үстімізге ескі-құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс істегеніміз дұрыс па? (дұрыс/дұрыс емес)

Ишара: қолдау, қошеметтеу ишаралары.

Алдыңғы оқу:

Ы.Алтынсарин туралы мәліметтерді  біледі және оның әңгімелерімен таныс.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

 

Ресурстар

 

Сабақтың

Басы.

5 минут

Ұйымдастыру. Жаңа тақырыпқа кіру сұрағы:

  1. «Жомарт» сөзін қалай түсінесіңдер?

 «Бес саусақ» әдісі бойынша үлестірмелі қағазға түсінік жазады.

 

Жомарт

Жомарт

 

 

Бес саусақты алақан  салынған үлестірмелі қағаздар.

 

Сабақ

ортасы.

3 минут

 

 

 

 

 

 

1-тапсырма

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тапсырма

4 минут

 

 

 

3-тапсырма

6 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-тапсырма

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-тапсырма

14 минут

Сыныппен орындалатын жұмыс

«Атымтай Жомарт» әңгімесінен үзінді тыңдайды.Әңгімені тыңдай отырып, тақырып етіп алуға болатын 3 тірек сөзді жазады.

«Сөз маржан». Әңгімедегі таныс емес сөздерге (ескі-құсқы, жарлы, әбірет, пұл, көңілге жел кіру, кем-кетік, тұтынсам) түсінік жүргізіледі.

1-тапсырма.

Әңгімеден алған ақпаратты келесі суреттерді пайдаланып, Атымтайдың тірлігі туралы айтыңдар.

«Білім ағашы» арқылы бағаланады.

2-тапсырма тыңдалған әңгіме бойынша беріледі.

3 тірек сөзді 3 сөйлемге айналдырыңдар, әңгіменің идеясын ашып айтыңдар.

«Білім ағашы» арқылы бағаланады.

3-тапсырма.АтымтайЖомарттың жұмыс жасау себептерін ретімен сәйкестендіріп (дәптерге жазу) толық баяндаңдар.

 

Себептерді сәйкестендір

1-себеп                  а) күнәлі болу;

2-себеп                  ә) еңбектің дәмі;

3-себеп                  б) әбірет алу;

4-себеп                  в) көңілге жел кіру.

«Білім ағашы» арқылы бағаланады.

 

4-тапсырма. Пікірталас өткізу.

1-ден 3-ке дейін санау арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді.

1-топ – Жақтаушылар;

2-топ – Даттаушылар;

3-топ – Төрешілер.

Жақтаушылар мен даттаушыларға келесі сұрақ қойылады:

     Егер біз бай болсақ, бізге қажетті дүниенің барлығы болса да, Атымтай жомарт сияқты күн сайын бір мезгіл үстімізге ескі-құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылғанымыз дұрыс па?

 

Төрешілер пікірталасты бағалау парақшасы арқылы бағалайды.

Критерийлер

          Дескриптор

Жақтау- шылар

Даттаушылар

  1.  Әңгіме идеясы бойынша нақты көзқарас білдіріңдер.

 

 

  1. Нақты дәйектемелер ұсыныңдар

 

 

  1. Қарсы топты тыңдай отырып, кері байланыс жасаңдар.

 

 

  1. Мақал-мәтелдерді қолданыңдар

 

 

       

Өзара бағалау жүргізіледі

 

5-тапсырма. Атымтай Жомартқа тән 5 адами  қасиеттерді топтастыра отырып,  әңгімеден алған әсерін өлеңмен жеткізеді.

Ұсынылатын тақырыптар:

1. «Атымтайдай болайық»

2. «Жомарт адам қандай-ды»

3. «Біз еңбекқор жастармыз»

«Білім ағашы» арқылы бағаланады.

 

 

Б.Керімбекова, Ә.Қуанышбаева. «Қазақ әдебиеті»

оқулығы (жоба).

5-сынып.

Алматы,

«Мектеп» баспасы, 2017 жыл,

43-бет

 

 

 (1,2,3,4,5-слайдттар)

 

 

 

 

 

«Білім ағашы» арқылы бағалау.

Әр орындалған тапсырма баспалдаққа көтерілумен бағаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-слайд

 

 

 

 

 

 

Бағалау парақшалары

(төрешілер үшін)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А3 парақшалары мен маркерлер

Сабақтың соңы

3 минут

 

 

 

 

 

 Кері байланыс «Адамгершілік баспалдағы» жанындағы терекке түрлі-түсті  жапырақтарды орналастыру арқылы жүргізіледі (жасыл – түсіндім; сары – жартылай түсіндім; қоңыр түсінбеген сұрақтарым бар).

 

8-слайд

 

Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

1.  Адамгершілік тақырыбында 3 мақал-мәтел жаз. 2. Кейіпкерге мінездеме жаз.

3. Ақпарат көздерін пайдаланып, басқа  жомарт кейіпкерлер туралы әңгімеле.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

№1, 2, 3, 5 тапсырмалар бойынша  оқушы білімінің деңгейін тексеру «Адамгершілік баспалдағы» арқылы жүзеге асырылады. бағаланады. 4-тапсырма критерийлер бойынша бағаланады.

Пәнаралық байланыс

«Бейнелеу», «Өзін-өзі тану»  пәндерімен салыстырыла жүргізіледі.

АКТ түрлі-түсті суреттерді көрсетуде және саралау тапсырмаларын орындауда қолданылады.

Кейіпкердің бойындағы қасиеттерді   дәріптей отырып, қарапайымдылыққа, мейірімділікке баулу үшін ұлттық құндылықтармен байланыс жасау арқылы тәрбие мақсаты жүзеге асырылады.

Рефлексия

Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалады, себебі тапсырмалар белгіленген оқу/сабақ мақсаттарына сай жасақталады. Оқушылар Атымтай Жомарттың жасаған жұмыстары, іс-әрекеті арқылы қарапайым, еңбекқор, қайырымды болуды, өз пікірлерін нақты, ашық, шынайы айтуды үйренеді.

Сабақ жақсы деңгейде өтеді. Тапсырмаларды түрлендіре беру және тиімді пайдалана өткізу арқасында оқушылар сабаққа белсене қатысады.

Жоспарланған саралау іске асады. Оқушылардың деңгейіне орай дайындалған тапсырмалар тиімді болады, сондықтан оқушылар оларды белсенді орындайды. Уақыт тиімді пайдаланылады. Әр тапсырма жоспарланған уақыт мөлшеріне сай орындалады.

Сабақ барысында жоспарға өзгерістер енгізілмейді. Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін, ойлау деңгейлерін, қажеттіліктерін, қабілеттерін ескере отырып жасақталады.

Оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау іске асты ма?

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға байланысты):

  1. 3 сөйлем арқылы әңгіменің идеясын ашу;
  2. Әңгімеден алған әсерін өлеңмен жеткізу.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізетін екі нәрсе:

  1. Әңгіме бойынша көрініс ұйымдастырылса;
  2. Ы.Алтынсариннің «Мейірімді бала» әңгімесімен салыстыру тапсырмасы жүргізілсе.

Келесі сабағыма қажет болуы мүмкін екі ақпарат:

  1. Жекелеген оқушылармен шығармашылық бағытта тапсырмалардың орындатылуы;
  2. Жазба жұмыстары түрлерінің тиімді жүргізілуіне бағытталуы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)