Ойла да, ойна!

Тараз қаласы Саңырау және нашар еститін балаларға арналған
"Мейірім" мектеп-интернатының
тәрбиешісі Удербаева Гульнур Ауезовна

Сабақтың тақырыбы:  "Ойла да, ойна!"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік -  Оқушылардың алған білімдерін арттыру, өткен тақырыптар бойынша білімдерін тереңдету.

Дамытушылық - Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау, есте сақтау, ауыз-екі сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорын молайту, тілдік  коммуникативтік құзыреттілігін дамыту.

Тәрбиелік - ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу. Ізденімпаздыққа, топпен жұмыс істей білуге баулу.

Түзетушілік - Сөйлемдегі сөздердің дыбысталуын, дыбыстардың анық шығуын, дұрыс айтылуын қадағалау.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, бағалау фигуралары, постер қағазы, суреттер, сөздіктер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

Кезекші дыбыспен жұмыс. Ж- Ш дыбыстарын айту.

Суретке қарап, астына атын жазу.

Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңбері.  Күн болып біз күлеміз,

Шуақ боп жайнап жүреміз.

Денемізді шынықтырып,

Ұзақ өмір сүреміз.

2. Жаңа сабақ. Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы "Ойла да, ойна!". Сабақ жарыс түрінде өтіледі. Оқушылар қораптан өздеріне ұнайтын конфетті тандап алады. Конфет қағазының түсіне қарай балалар екі топқа бөлінеді.

1-топ "Тұлпар"

Ұраны "Құлагердей шаршамастан шабамыз,

              Қиналмай-ақ сұрақтардың жауаптарын табамыз."

2-топ "Сұңқар".

Ұраны "  Асықпаймыз ,саспаймыз"

                Топ намысын қорғаймыз"

Тапсырманы түсіндіру.

1. Ой ширату.

2. Бингвистикалық сыңарын табу.

3.Бұл қай мультфильм?

4."ВЕНН" диаграммасы.

5.Ойын. "Кубик-рубик".

6. Топтық жұмыс." Суретті аяқта"

Әр тапсырманың жауабын бағалап отыру.

1. Ой ширату. Сұрақ - жауап.

1.топ.

1.Бір жылда неше мезгіл бар?

2. Спорттық ойындарды ата?

3. Үй құстарын ата?

4. Қ.Р. Президенті?

 2-топ.

1.Көктем айларын ата?

2. Үй жануарларын ата?

3. Отбасы мүшелерін ата?

4. Қ.Р. Рәміздері?

2.Бингвистикалық сыңарын табу.

 1 топ.                                                              2 топ.

Нан - хлеб                                                  Вилка - шанышқы

Мяч - доп                                                  Қызанақ - помидор    

Су - вода                                                     Ложка- қасық

3. "ВЕНН" диаграммасы.

1 топ. Алма

2 топ. Алмұрт

Сипаттама жасау.

4.Бұл қай ертегі?

1 топ. " Алдар көсе"

2 топ. " Қошқар мен теке"

5. Сергіту сәті.

6. Топтық жұмыс. "Суретті аяқтау".

7.Ойын. "Кубик- рубик?

Қорытынды.

Әділ- қазылар алқасына сөз беру. Мақтау қағаздарымен марапатау.

Сұрақ-жауап бойынша сабақты аяқтау.

 

- Балалар сендерге сабақ ұнады ма?

- Біз сабақта не істедік?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)