Эссе және өлең-жыр байқауы

«Бабалар сөзі – даналық көзі»

Сабақ тақырыбы: «Бабалар сөзі – даналық көзі»
Мақсаты: «Даналық» құндылығы туралы түсінік. Даналық, ақылдылық туралы ұғымдар; ойлау іскерліктері; ата-баба даналығы
Ұлылардың даналық сөздеріне талдау, зерттеу жұмыстарын жүргізу;
-даналар өсиетін,мән-мағынасын жан-жақты ұғыну;
-оқушылардың сөз саптауын,топ алдында шығып шебер сөйлеуін қалыптастыру.
"Жануарлардың әлемі"атты ертегілерінен мозайкалар құрастыру арқылы топқа бөлу
І.Қызығушылықты ояту
Ой қозғау
Топтық жұмыс
Адамдардың жақсы және жаман қасиеттері немесе мінез-құлықтары туралы не білесіздер?
(постерде қорғалады)
Оқушылар бір-бірінің пікірлерін өздері бағалайды
Жұптық жұмысы
(ПЛЮС-МИНУС-ҚЫЗЫҚ) стратегиясы
+ - "?"
Не жаман? Не жақсы? Нелері қызық?

(қасындағы оқушымен өз бойындағы жақсы-жаман қасиеттері туралы айтып, бір-біріне ақыл-кеңес немесе дұрыс- бұрыстығын дәлелдеп өз пікірін айтады.
ІІ.Мағынаны ажырату
Үй тапсырмасын тексеру мақсатымен оқушыны жетектейтін сұрақтар беру
1. Билер туралы не білесіздер?
2. Әйтеке, Төле, Қазыбек туралы не білесің?"
3."Ел аузынан"атты жинақтан даналар туралы оқыған аңыз әңгімелерді кім айтады?
Ұжымдық оқыту
Оқушы-үйретуші міндетін атқарады.
" Даналық тағылымы"
1.Мәтінді түсініп оқу
2.Мәтін бойынша бір-бірімен пікір алмасу;
Үш топтан бір-бір лидер шығып,мәтінді әр қырынан таныстырады,қосымша жаңа мәліметтер береді.Кейін әр топтың мүшелері мәтінді толықтырады.Мұғалім смайликпен мадақтайды
ІІІ.Ой-толғау
Топтық жұмыс
"Фишбоун" стратегиясы (балық қаңқасы)
Оқушы ізденісі
Себептер –қолдану-талдау
Шындық -Жинақтау,бағалау
І топ "Маған өтірік пен шынның арасы немен айырылады,соны тауып беріңдер"
ІІ топ Сол проблеманың себептерін табу,яғни шын,өтірік деудің қандай себептері бар?
ІІІ топ Өтірікті,шындықты дәлелдейтін қандай фактілер бар?
Әр топ постерге қорғайды.
Рефлексия:
-Бұндай сабақтар сіздер үшін қажет пе?
-Сабақ бойынша кімде қандай ұсыныстар бар?
Үйге тапсырма
"Даналық тағылымы"тақырыбын негізге ала отырып,өз әңгімелерін жазу.Құрметті оқушылар,сіздердің белсенділік танытып сабаққа қатысқандарыңызға үлкен рахметімді білдіремін.


Пікірлер (3)

гулфара

От е жаксы екен

Пікір қалдырыңыз