Өлең-жыр байқауы

Геометриялық фигуралардан бейнелер құрастыру

Алматы қаласы
№5 бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Даулетбаева Раушан Адильбековна

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Құрастыру.

Тақырыбы: Геометриялық фигуралардан бейнелер құрастыру.

Мақсаты: Геометриялық фигуралармен таныстыру. Олардың пішіндерден түрлі бейнелер құрастыру арқылы балалар санасына геометриялық фигуралар жайлы түсінікті дағдыларына сіңіре білуге үйрету. Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлай қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, бір-біріне сыйластық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: балаларды санату, таныстыру, әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, құрастыру, ойын.

Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер. Үлестірмелі пішіндер - әр балаға геометриялық фигуралардан жасалған пішіндер, сұрақ-жауап, табиғи материалдардан бейнелер құрастыру (пластмасса ойыншық кірпіштер, фетр матадан, ағаштан жасалған геометриялық пішіндер, табиғи заттар:емен жанғағы, грек жанғағы, ұлу қабығы және т.б),

Тәрбиеші: Балалар бізге бүгін сабаққа қонақ болып көп апайлар келіп отыр танысайық.

-  Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң, балалар,

Қайырлы таң, апайлар.

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз.

Тәрбиеші: Балабақшаға қай мезгілде келесіңдер?

Балалар: Таңертен.

Тәрбиеші: Қай кезде ұйықтайсыңдар?

Балалар: Түсте.

Тәрбиеші: Қай кезде қайтасыңдар?

Балалар: Кешке.

Тәрбиеші: Қандай пішіндерді білесіңдер?

Балалар: үшбұрыш, төртбұрыш, сопақша, дөңгелек, шаршы.

Осы кезде геометриялық фигуралардың патшасы мен ханшайымы келеді. Балалармен сәлемдеседі. Отырады.

- Ерте, ерте, ертеде геометрия патшалығында, пішіндер көшесінде үшбұрыш, төртбұрыш, сопақша тұрыпты. Күндердің күнінде олардың арасында дау болыпты. Кім күшті деп бір-бірімен дауласады.

Төртбұрыш (Аслан) айтады: «Мен ең күштімін. Менің барлық қабырғаларым тең. Мен барлық жерде ең мықтымын».

Дөңгелек (Райымбек) айтады: «Бекерден-бекер сөйлеме! Кімге керек сенің тең бұрыштарын?! Мен ешқандай бұрышсызбын. Дөңгелекпін! Көңілдімін! Менде не басым, не аяғым жоқ».

Үшбұрыш (Арлан) айтады: «Дауласпаңдар, барлығы біледі, үшбұрыш күшті. Біздің орындарымызды ауыстырып, әртүрлі бұрыштармен бірге бола аламыз.

Сопақша (Бейбарыс) айтады: «Не ұрысып жатсыңдар? Сендер барлықтарын жақсы фигурасыңдар және адамдарға қажетсіңдер. Адамдар бізді құрылыста паййдаланады. Әрбір үйде үшбұрыш, шаршы,дөңгелек бар. Біз туралы адамдар зерттейді. Балалар бақшада бізді оқиды. Олар бізсіз ешнәрсе істей алмайды. Біз оларға керекпіз. Сен біреуге керексің. Біреулер сенің көмегіне мұқтаж».

Геометрия фигурасының патшасы мен ханшайымы: Жарайсың, дұрыс айтасың! Мен сендерге тапсырмалар алып келдім.Қолына тоты құстын ұясын ұстап кіреді. Сендер  менің тамсырмаларымды орындасаңдар,осы тоты құстарды сыйлап кетем.

Тәрбиеші: Сандықтан көрпе жасап отырыңыз.

Геометриялық фигура ханшайымы:

- Сандық ашылмайды. Неге?

Тәрбиеші: Сандықтың кілтін табайық.  Тақтада құлыптың  суретті ілініп тұрады. Астында үшбұрыш, төртбұрыш сопақша. Қандай фигура артық?

Балалар суреттен табады.

Балалар:ұшбұрыш артық.

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар.

Геометриялық фигура ханшайымы: Сандық ашылды,мен көрпеше тіге бастайын пішіндерден.

Тәрбиеші: Геометриялық пішіндерден бейнелер :кеме,аю,балапан таулар жасау жолдарын түсіндірдім.

- Құстарға ұя жасайық,

Үстіне қойып үшбұрыш.

Әдемі үйшік болады,

Астаны қойсан төртбұрыш.

Құс келсін десең ұяға,

Дөңгелек қой ортаға.

Геометриялық фигураларының патшасының тапсырмалары:

1-тапсырма.

Үйге геометриялық фигураларды орналастыру.

Тәрбиеші: Әр балаға кітапша ретінде үйшік жасадым,сол үйшікке балалар пішіндерді орналастырды.

Геометриялық фигура патшайымы: Жарайсыңдар,дұрыс орындадыңдар!

Тәрбиеші:2-тапсырма.

Ақ қағазға геометриялық пішіндерді қойып, көрпе құрастыру.

Геометриялық фигураларының ханшайымы: Жарайсыңдар, Керемет балалар, өзім жасаған көрпемді көрсетейін.

Тәрбиеші: 3-тапсырма.

Геометриялық фигуралардан түрлі бейнелер құрастыру.

Бірінші топ: Ағаштан жасалған пішіндерден бейнелер құрастырады.

Екінші топ: Табиғи заттар, емен жаңғағы, грек жаңғағы, ұлу қабаршықтарыннан бейнелер құрастыру.

Үшінші топ: Фетр матасынан қиылған пішіндерден бейнелер құрастыру.

Төртінші топ: Текеметті сәндеу.

Бесінші топ: Ұзын фетр матаға пішіндерден бейнелер құрастыру.

Тәрбиеші: балалардың жасаған бейнелерін көрсетіп, мадақтадым

Тәрбиеші: Балалардың өз қолымен жасаған текеметті, геометрия патшасына, ханшайымына сыйлыймыз.

Сергіту сәті.

- Айда біреу аспанда,

Күнде біреу аспанда.

Тұратұғын елжіреп,

Бәрімізде бір жүрек.

Сенбесеңіз қараңыз,

Бір ғана ауыз, бір ғана мұрын,

Кім байқады, кім сезді,

Мықты жандар бір сөзді.

Балалар қимылмен жасап көрсетеді.

Тәрбиеші: Балалар, геометрия патшаның сарайына барғыларың келе ме?

Балалар: Ия, әрине!

Тәрбиеші: Ол үшін ойын ойнайық. Кубиктарды лақтырып, жолдарды анықтаймыз. Геометриялық фигуралардың патшасының сарайына барып керекті заттарды алып келеміз.

Геометриялық фигура ханшайымы мен Геометриялық фигура  патшайымы балалардың  пішіндерді толық білетінін,олардан бейнелер құрастыра алатындығына риза болып,тоты құстарды ұясымен балаларға сыйлап кетеді.

Қорытындылау:

Тәрбиеші: Балалар геометриялық фигураларды табады және бір-бірінен ажырата біледі. Қағаз бетінде бағдарлай алады. Түрлі бейнелер құрастырады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз