Өлең-жыр байқауы

Қуыршақты киіндіру

Алматы қаласы
МКҚК №73 бөбекжай-балабақшасы
"Айгөлек" ортаңғы тобының тәрбиешісі
Сахимова Гаухар Сабировна

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеумет»

Тақырыбы: Қуыршақты киіндіру

Білім көздері: Тіл дамыту қоршаған ортамен таныстыру.

Мақсаты: Қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау. Ойын әрекеті арқылы танымдық қабілетін дамыту. Ойлау сөйлеу қабілеттерін дамыту қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету. Сөздік қорларын молайту,татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қуыршақ төрт мезгілге арналған қуыршақ киімдері, фланеграф, қыз бала мен ұл баланың сұлбасы.

Әдіс–тәсілдер: етек кеудеше бешпет.

Полилингвальді компонент: қуыршақ - кукла - doll.

Оқу іс–әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс–әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Сәлемдесу.

Амансың ба, ұлдарым

Амансың ба, қыздарым

Қандай әсем жүздерің

Қандай әсем жырларың

Сәлеметсіздер ме апайлар

Балалар шеңбер жасап тұрады

Ұйымдастырушылық

Ізденістік

- Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

- Күзде ауа -райы қандай болады?

- Күзде бәріміз қалай киініп жүреміз?

- Дұрыс айтасыңдар,күз мезгілінің соңғы айы - қараша айы  .Қараша айы басқа айларға қарағанда суық, ызғарлы болады.

- Қараша айын қоңыр күз деп айтамыз.

Ғажайып сәт

Балалар тыңдап көрейікші есік қағылған сияқты Кім болды екен?

- Ой, балалар, бізге кім келіпті?

Қуыршақ Айжан балалармен амандасып, өзін таныстырады.

- Балалар мен өзіммен бірге сиқырлы сандығымды ала келді.

- Балалар далада күн суық, менің достарыма жылы киім киімдерін киінулеріне көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші:

- Балалар, қуыршақ Айжанның достарына киінулеріне көмектесеміз бе?

Олай болса, Айжан, жоғары шық, төрлет.

- Балалар, қане, барлығымыз тақтаға көңіл аударайықшы. Мынау қыз баланың төрт мезгіліне арналған киімдері: жазда жеңіл шолақ көйлек, жеңіл аяқ киім, күзде жеңі ұзын көйлек, жеңіл аяк киім киеді көктемде кеудеше етік киеді қыста үстіне тон, басына бас киім киеді

Ал, мына жерде ұл баланың жылдың 4 мезгілінде киетін киімдері: жазда шолақ шалбар, жеңіл аяқ киім;күзде кеудеше  шалбар, аяқ киім; көктемде үстілеріне бешпет, бас киім ,аяқтарына аяқ киім киеді қыста үстіне күртеше, бас киім аяқ киім киеді.

- Балалар, қане бойымызды сергітіп алайық.

- Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі

Кіп -кешкене балалар

Үлкен болып өседі.

- Балалар, енді ойын ойнайық.

Д/О  «Қуыршақты киіндіру»

Тәрбиеші: күздік киімдерді қуыршаққа кигізіп көрсетеді: бас  киім, кеудеше, шалбар, етік.

- Балалар, сендер енді өздерінің қуыршақтырыңды киіндіресіңдер.

Ұл балаларға ұл баланың суреті қыздарға қыз баланың суреті үлестіріледі.

Әр баладан кигізген киімдері мен түстерін сұрау.

- Айзере, қуыршағының аты кім?

- Күртешесінің түсі қандай?

- Шалбарының түсі қандай?

- Аяқ киімнің түсі қандай?

- Бас киімінің түсі қандай?

Тәрбиеші: Айжанға арнап балалар тақпақтарын айтады.

Қуыршақ Айжан балаларға рахметін айтады.

- Балалар, қане барлығымыз бірге достарымызбен қол ұстасып тұрайық.

Тәрбиеші: балалар біздің достарымыз көп болды. Достар бірін -бірі ренжітпей бірге ойнайды.

- Қане, барлығымыз Айжанға «рахмет» айтайық.

«Жүректен жүрекке»

«Дос болайық бәріміз»

Жарасып тұр әніміз

Бәріне қош бол айтымыз

Біз серуенге шығамыз»

 

Балалар жауап береді

 

Балалар тыңдайды

 

 

 

 

«Қоңыр күз» деп қайталайды

 

 

 

Балалар амандасады.

 

 

 

 

 

 

 

-Ия, көмектесеміз

 

 

 

 

Балалардың арасында жылдың 4 мезгіліне қандай киімдер киетінін жайында айтылады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жауап береді.

 

 

 

 

Рефлексиялық түзетушілік

Балалардан бүгінгі  оқу қызметінен алған әсерлерін, көңіл- күйлерін, немен айналысқандарын, сұрау.

Балалар серуенге шығып кетеді

Балалар көңіл -күйлерін, не айналысқан жарыса айтады.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Күз мезгілінің ерекшеліктерін білді

Игереді: Қуыршақтың төрт мезгілге арналған киімдері болатынын түсінді

Меңгереді: дидактикалық ойын ойналды, қуыршақтарды киіндірді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз