Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Сан есім

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі:

Сөз табының бір түрі сан есім туралы білімдерін жетілдіру,сан есімнің тұлғасына, мағынасынақарай берілген жаттығуларды орындату арқылы сан есім сөздердің өмірде қолданылуы жайлы түсініктерін  кеңейту.

2.Дамытушылығы:

Ой-өрісін,зейінін,логикалықойлауқабілеттерін,дүниетанымын ,тілін, білімге деген құштарлығын дамыту.

      3.Тәрбиелігі:

      Адамгершілікке, елжандылыққа,ұлттық тарихи құндылықтарды

      қастерлеуге,жаттығулар орындау барысында әдемі,сауатты жазуға

      тәрбиелеу.

      Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой қозғау, жеке жұмыстар,ой

      қорыту, танымдық ойындар, ізденушілік жұмыстар.

      Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, суреттер,цифрлар

      Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

      Мұғалім: -Сәлематсыздар ма, балалар?

     Оқушылар хормен:

     Амансың ба алтын күн,

     Амансың ба көк аспан.

    Амансың ба достарым,

    Амансыз ба ұстазым!

    ІІ.Өткенді қайталау. Сан есімнің ережесі және 8-жаттығу көңілді  

     шумақты оқып сан есімдерді табу.

    ІІІ.Жаңа сабақ:

    ғқұәүюрпораиррүғпнеопсаніңяесімғңмокурэжъхзбюлдеғ Осы әріптердің ішінен

    бүгінгі сабақтың тақырыбы болатын сөздерді табу. Сан есім.

    Сызбамен жұмыс:


 

                  Описание: G:\ \МАМА ПРЕЗЕНТАЦИЯ\1316066901_soz-taptary.jpg

    -Демек балалар бүгін сан есімнің қайталау сабағын өтеміз.

    -Сан есімді қайда қашан кездестіреміз?

   -Математика сабағында,дүкенде,автобуста отырғанда кездестіреміз

    Оқулықпен жұмыс:

    Дәптерге күнді, тақырыпты жаздырту. (тақтада)

    9-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.

     Зымырандай ғимарат                                            

     Алыстан көз тартады.

Әлемге аян атағы:

155 метр-биік ол,

Бұлттан да әрі асады.

Қиюласып тастар нақ,

Кеткен шырқап аспандап:

34 қабат үй емес,

Көкке бастар баспалдақ.

  • Сан есімдерді байланысты сөзімен қоса теріп жаз.

Жүз елу бес метр, отыз төрт қабат

10-жаттығу.Жұмбақтарды  оқып, шешуін  тап.

1.Екі айнасы бар,                                      

Екі найзасы бар,

Төрт салдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.   (Сиыр)

2.Белдеуде бес ат,

Бесеуі де қасқа ат.       (Саусақ)

11-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.

1.Айша үшінші сыныпта оқып жүр.2.Ауылға дейін үш сағаттай жүріппіз.3.Мектепте алты жүз елудей бала оқиды.

12-жаттығу.Ребусты шеш.

                                                                                  

«Елу жылда ел жаңа» (жаздырту тақтаға)

Бұл ұғымды ана тілінде біз қалай атаймыз?

Мақал.

-Олай болса осы бір халық даналығынан қалған асыл сөзді қалай түсінесіңдер?

- «Елу жылда ел жаңа» дегеніміз Біздің еліміз 70 жыл Ресейдің қарамағында болса, енді міне арасына бірнеше жылдар салып менің елім Егеменді, тәуелсіз ел атанды.

-13 жылдың ішінде басқа елдер қызығы да, қызғана да қарайтын жаңа Астана бой көтерді.

-Олай болса оқушылар біздің мақалымыз, сұрақтарға берген жауабымыз, қандай сөз табының арқасында ойымызды анық жеткізе алдық?

Сергіту сәті

«Қос қарлығаш» биі

13-жаттығу.Көп нүктеніңорнына сан есім қойып жаз.

       Көз-екеу                                             Қозы-төртеу

      Ауыз-біреу                                         Қой-бесеу

14-жаттығу.Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жаз.

Кебірлік,жетік,түбір,күшік,желтоқсан,алтыбақан,сегізкөз.

Пысықтау: Сөзжұмбақ шешу

      

1.Көлден ұшты жеті қаз,

Қайта қонды екі қаз.

Қонбады оның нешеуі,

Қане кім тез шешеді?

2.3-пен 3-тің қосындысының мәні неше?

3.Ұстаз неше санын көрсетіп тұр?

4. .......рет піш,

Бір рет кес.

5.Бір,екі,үш,төрт,бес,алты,жеті,......,тоғыз,он.

6.Ағайын алтау,ана-......

7.500бен 500-дің қосындысының мәні

                                                 

 с

С           с 

С   С С


 


 

пр А А   


 


 


 


 


 

                  

Н  Н


 


 


 

Е


 


 


 


 

     С


 


 


 


 


 

 

      І


 


 


 


 


 

М   М М


 


 


 

                     

ІV.Үйге тапсырма беру. 15-жаттығу.«Кім тапқыр?»ойыны.Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып жаз.

16-жаттығу.Ол қай сан?


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз