Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Бала тәрбиесі — ана тілінен басталады

Қарқаралы қаласы «Еркетай»бөбекжай–бақшасы
Сембаева Айнаш Айтмаганбетовна

Бала тәрбиесі адамгершілік мол тәжірибемен қатар асқан шыдамдылықты талап етеді. Кез-келген ата-ана баласының жақсы тәрбиеленіп, өмір сүруіне ықпал жасайды.

Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиенің айырмашылығы бар. Балабақшада балалар өз құрбы-құрдастарымен араласып, ойын ойнайды, тәртіпке үйренеді. Балабақшадағы балаға берілетін білім, оқу-тәрбие үрдісі — барлығы ойын арқылы жүзеге асады. Ойын үрдісіне сөйлеу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады.

Сөйлесе жүріп балалар әсерленіп, пікір алысады. Ойын үстіндегі бала тіліне үнемі назар салып, қадағалап отыру және өз ана тілінде  сөйлеуіне бағыт-бағдар беріп отыру керек. Ұлы Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата-анасынан, екінші- ұстазынан, үшінші- құрбысынан», — деген екен.

Ата-анасы ана тілінде сөйлеген отбасындағы балалар таза сөйлеп, ойын еркін жеткізе алады. Ал, отбасында үлкендердің орыс тілінде сөйлеуі, баланы тіл дамыту үрдісінен айырады. Ана тілін бойына сіңіріп өскен баланың тілі жатық, ойы анық болары сөзсіз.

Педагог-тәрбиеші өз тілін жетік білсе, бала ұлттық педагогика негізінде тәрбиеленеді.

Ана тілің — арың бұл.

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, — деп Қ. Мырза-Әлі ағамыз айтқандай, сәбиді ана тілінде еркін сөйлеуге бала жастан баулу педагогтардың басты мақсатының бірі болып табылады.

Қазақ тілім, ана тілім деп намысымызды көкке көтеруге сіз болып, біз болып ат салысуымыз керек. Әрбір қазақ баласы отбасында қазақ тілінде сөйлеуге дағдыланса, одан тәлім-тәрбие алатын бала да тез меңгеріп үйренеді деп ойлаймын. Сондықтан, баланың ана тілінде еркін сөйлеп, ойын анық жеткізуді сәби шағынан қолға алсақ,оның болашақ өміріне қажетті дағдылардың бастамасына жол ашқанымыз.Баланы жас кезінен ұлтжанды, өз ана тілін, елін, жерін сүйетін паттриоттық сезімге баули білсек, олар өскен соң ұлттық тәрбиенің жемісін берері сөзсіз. Ендеше, балаға дұрыс жан-жақты тәрбие беруге көп көңіл бөлейік.


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз