Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан мұражайлары

Н.К Крупская атындағы орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адилова А.Б

Сабақтың тақырыбы:  Қазақстан мұражайлары.
Сабақтың мақсаты: 
Қазақстан мұражайлары туралы мәлімет беру, балалардың тілін, ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, әдемі көркем жазуға дағдыландыру, пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру, мұражайлар туралы  кеңінен білуге тәрбиелеу. 
Сабақтың міндеттері:
Мәтінді сауатты, түсініп оқуға дағдыландыру, бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерін тереңдету, ойда қалғандарын нақтылаусұрақтарға толық жауап алу, тапсырмаларды дұрыс орындату, сандарды дұрыс сөйлету.Оқушылардың өз бетінше білім алу мүмкіндігіне сүйене отырып, олардың танымдық қызығушылығын арттыру;
Сауаттылыққа, дұрыс сөйлей білуге, адами қасиеттерге тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже:
Қазақстанның  мұражайлары туралы түсініктерін  кеңейеді.
Мәтінмен танысып, сөздікпен жұмыстану арқылы сөздік қорлары көбейеді.
Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы талдау дағдылары жетіледі.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, әңгімелеу, жұппен жұмыс, ой қозғау, түсіндіру, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадағы слайдтар, суреттер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың  барысы:
І.
 Ұйымдастыру кезеңі.  Оқушылармен амандасу көңіл күйлерін сұрау.Позитивті видео ролик тамашалап сабағымызды бастап кетеміз.

Ал балалар өткен сабақта біз Қазақстанның мұражай ісі тақырыбын өткенбіз. Сол тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп үй тапсырмасын қайталап кетейік.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

  • Мұражайдың қызметі қандай?
  • Мұражай сөзі нені білдіреді?
  • Мұражай қандай қызмет  атқарады?
  • Мұражайдың рөлі қандай?
  • Мұражай қандай топтарға бөлінеді?
  • Мұражай ісінің негізгі бағыттары қандай?

Жақсы балалар .Біз басқа қалаларға қыдырып барғанда сол жерді мекеннің тарихын , сол жердің атақты адамдарын білу үшін ең алдымен қайда барамыз?

Иә, әрине мұражайға барамыз.  Өткен сабақта мұражай ісі туралы өтсек осы сабағымызда Қазақстанның мұражайларымен танысамыз.

3. Жаңа сабақ:   Презентация

Жаңа сөздер

Мұражай-музей

Ескерткіш памятник

Сақтау-сахронять

Жинақтау-собирать

Рухани-духовный

Мұра-наследие

Өңдеу-отработка

Жөндеу-рестоврация

  • Жаңа сөздерді пайдаланып сөйлем құрастыру. Сөздік дәптерге көшіріп жазу.
  • ІІІ.   Мәтінмен жұмыс.

1-тапсырма Мәтінді  түсініп оқып , төменде берілген сұрақтарға жауап беріңдер .

  •  «Қазақстан мұражайлары» атты мәтінді түсініп оқу, аудару.

         Қазақстанда 1913 жылы – 3, 1927 жылы – 6, 1937 жылы – 19, 1939 жылы – 25, 1970 жылы – 29 мұражай болса, қазіргі таңда мұражайлар саны 154-ке жетті.
Оңтүстік мемлекеттік мұражайы (1930), Әбілхан Қастеев атындағы республикалық өнер мұражайы (1962), ҚР Археология мұражайы (1973), Кітап мұражайы (1978), Ықылас атындағы республикалық халық саз аспаптар мұражайы (1980), ұлттық валюта мұражайы (1980), Мемлекеттік алтын және асыл металдар мұражайы (1994), Президенттік мәдени орталық (2000), Мемориалдық мұражайлар да Қазақстанның тарихи-мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері: Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайы, абай-Шәкәрім кешені, Д.Қонаевтің, Қ.Сәтбаевтің, Ж.Жабаевтің, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемориалдық мұражайлары. Мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне:

  • Көрмелер;
  • Экспозициялар ұйымдастыру;
  • Тақырыптық дәрістер;
  • Ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу;
  • Мұражайлық басылымдар шығару, т.б. жатады.

Мысалы, қазақстандық мұражайларда кейінгі жылдары 20 мыңнан астам көрмелер мен дәрістер өткізіледі.

  • Сұрақтарға толық жауап беріңдер.
  • Қазақстанның мұражай саны қаншаға жетті?
  • Мұражайдың қандай түрлерін білесіңдер? Атап шығыңдар.
  • Олар нешінші жылдары құрылған?
  • Қандай мемориалдық мұражайларды білесіңдер?
  • Мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне нелер жатады

2- тапсырма .Тірек сөздерді пайдаланып , оларды аударып, сөйлем құрастырамыз.

Тірек сөздер

Қазіргі таңда, көрмелер, басты сақтаушы, мәдени құндылықтар, бағыттар.

  • ІV.   Жұппен  жұмыс   Сандарды сөйлет . оқушыларға тапсырманы таратып жұптарымен орындап шығуы керек.

Жылы

Мұражайдың аты.

1930

Оңтүстік мемлекеттік мұражай

1937

Қазақстандағы мұражай саны -19 жетті

1973

Археологиялық мұражай

1980

Ұлттық Валюта мұражайы

1994

Мемлекеттік алтын және асыл металдар мұражайы

2000

Президенттің орталық мұражайы .

 

V. Бекіту.

  • Тестілеу.Оқушыларға таратып беріп жылдам жауап алу.Сұрақтарын оқып тексеру.

1. Мұражай қай тілден аударғанда «муза сарайы» дегенді білдіреді?

А. латын тілінен
Б. грек тілінен
В. парсы тілінен
Д. орыс тілінен

2. Мұражайлардың қалыптасуына нелер негіз болды?
А. мәдени құндылықтар
Б. қазыналық қор
В. көне замандардағы коллекциялар
Д. бағалы бұйымдар

3.  Ә.Қастеев атындағы республикалық  мұражайы қалай аталады?
А. археология мұражайы
Б. кітап мұражайы
В. асыл металдар мұражайы
Д. өнер мұражайы

4.  Қазақстанда қазіргі уақытта  мұражайдың саны қанша болды?
А. 3
Б.  29
В.  25
Д.  154

5.  М.О.Әуезов атындағы мұражай қай жылы құрылды?
А. 1920 жылы
Б.  1985 жылы
В.  1962 жылы
Д.  1951 жылы

6  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенттің мұражайы қай қалада?
А. Алматы
Б.  Ақтөбе
В.  Астана
Д.  Қарағанды

VI. Балалардың білімін бағалау.

Бағалау парағын таратып оқушылар жылжам жауап беруі тиіс.

Үй тапсырмасы

Жұппен

жұмыс.

Ауызша жауап беру

Дәптермен жұмыс

Тест ұпайы

Ұпай

баға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-7 үпай- бағасы «3»

8-9 ұпай –бағасы «4»

10 нана асса- бағасы «5»

  • Оқушыларды өзім бағалап өтенін.

VIII. Қорытындылау.  

  • Сұрақ – жауап.
  • Қазақстанның қандай мұражайларын білесіңдер?
  • Қазіргі кезде Қазақстанда неше мұражай бар?
  • Мұражайдың қандай түрлері бар?
  • Қандай атақты адамдарға мұражайлар арналған?
  • Мемуариалдық мұражайларды ата?

ІХ.Үй тапсырмасын беру. Мемлекеттік мұражай туралы монолог 9-12 сөйлемге дейін.

Мемориалдық мұражай мәлімет.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер