Өлең, жыр, ақындар

Қамқорлық

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Састөбе ауылы
МКҚК «Қарлығаш» балабақшасы
Тәрбиеші: Абденбаева Тәттікүл Елбегіқызы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы:  «Комунникация», «Таным», «Әлеумет».

Оқу қызметі: Көркем.

Тақырыбы: «Қамқорлық»

Мақсаты: Шығарманы оқып беру арқылы түсініктерін қалыптастыру, сурет арқылы әңгімелеп беруге, диалог арқылы түсініктерін қалыптастыру. Үлкенді құрметтеуге, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Қамқорлық.

Билингвальды компонент: Қамқорлық - забота.

Оқу қызметінің кезеңдері   

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотевациялық қозғаушылық

 

 

  Шаттық шеңбері:

Қайрлы күн, Көк аспан!

Қайырлы күн, Жер- Ана!

Қайырлы күн достарым!

Қайырлы күн, Қонақтар!

- Жарайсыңдар, балалар! Өз орнымызға жайғасайық!

 

Шаттық шеңберіне тұрып  өлең жолдарын  тәрбиешімен бірге қайталайды.

 

 

Ұйыдастырушылық ізденушілік

 

 

 

  Кіріспе. Әңгіме.

 – Балалар қамқорлық дегенді қалай түсінесіндер?

 – Сендер кімге қамқорлық көрсете аласындар?

 – Бізге үйде, балабақшамызда кімдер камқорлық көрсетеді?

 – Еңдеше, бүгін біз қамқорлық туралы әңгімелесеміз.

Суретпен жұмыс:

 – Балалар суретке қараңдаршы суреттен не көріп отырсыңдар?

 – Ендеше балалар ақын Мәдіхат Төрежановтың «Қамқорлық» атты әңгімесімен танысамыз.

– Мұқият тыңдаңдар мен сендерге оқып берейін.

           «Қамқорлық» әңгімесі.

 Назымбек екiншi кезекте оқиды. Жер тайғақ. Асыға басып, мектебiне келе жатыр. Бiрер рет аяғы тайып кетiп құлап тұрды.Өзiмен бiрге оқитын Нақысбектi жолда кездестiрдi. Ол бiр кiшкентай баланы қолтықтап алған. Бала еңiреп жылап келедi.

 – Мына бала сенiң iнiң бе? – деп сұрады Назымбек.

 – Жоқ.

 – Ендi кiмiң?

 – Құлап, аяғын ауыртып алған екен.

 – Оны қайда апарасың?

 – Дәрiгерге көрсетiп, жарасын таңғызып берейiн. Екеулеп апарып салсақ қайтедi? – деп өтiнгендей болды Нақысбек.

 – Сабақтан кешiгемiз ғой...

 – Мен кешiксем, Күлпәш Құлекеноваға айтарсың, мертiккен баланы дәрiгерге әкеттi деп.

 – Айтайын, көп жүрiп қалма! – деп, жүгiре жөнелдi Назымбек. Нақысбек арқалап алған бала зар қағады. Ауырсынып, шырылдауына қарағанда аяғы сынған болу керек.

 – Жылама, қазiр дәрiгерге жетемiз, таяу қалды. Сенiң атың кiм?

 – Төлеген...

 – Ал, Төлеген батыр, мойнымнан мықтап ұста, тез жеткiзе қояйын, – Нақысбек Төлегендi хирургке алып келдi. Олар айнаға түсiрiп, сынық бар дептi. Емханаға салатын болды. Хирург Нақысбекке:

 – Кiшiге көрсеткен қамқорлығың үшiн саған рақмет! – деп, басынан сипап, арқасынан қақты. Ендi Нақысбек мектепте қарай жүгiрдi.

 –Әңгіме не жайлы?

 – Нақысбек қандай іс жасады?

 – Нақысбектің істегені неге дұрыс деп ойлайсындар?

 – Назымбек неге көмектеспеді?

 

              Сергіту сәті:

  Апам үшін күнде мен  
  Отынға ағаш жарамын.
  Су құямын гүлге де,
  Дүкенге де барамын,

  Сыпырамын үй ішін,
  Жуам ыдыс-табақты
  Жылай қалса бөпемді,
  Жұбатамын ойнатып.

- Жарайсыңдар, балалар сендер үйде аналарыңа да  көмектесесіңдер ме?

- Кәнекей ендеше аналарымызға салат жасауға қалай көмектесетінімізді саусақ ойынымызбен көрсетейік.

   Саусақ ойындары: «Салат».

Сәбізді алып тазалаймыз.

 

Үккішпен үгіп майдалаймыз.

 

Қанттай сеуіп демдейміз.

 

Қаймақ құйып сәндейміз.

 

Міне, дайын  нәр тағам-

 

Дәруменге байыған.

- Жарайсыңдар, балалар адамдардан бөлек жан-жануарларға , құстарға  да қамқорлық жасауға болады .

- Ол үшін мысалы құстарға қандай қамқорлық жасауға болады?

- Ал үй жануарларына ше?

    «Әңгіме құрастыр» ойыны.

 Ойын шарты: мен сендерге карточка таратып беремін , сендер кезегімен алған суретке қарап әңгімелеп, ондағы құстар мен үй жануарларының дыбысын айтып бересіңдер.

 

 

C:\Users\Admin\Desktop\Новая папка (8)\Новая папка (11)\IMG-20181026-WA0110.jpg

 

 

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

- Балалар суреттен көргендерін айтады.

 

C:\Users\Admin\Desktop\Новая папка (8)\Новая папка (11)\165908_html_61af07dd.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап берді.

 

 

Ойынға қызығушылық танытты.

 

Балалар тақпақтарын айтты.

 - әндете

 - ағаш жарғандай

- гүлге су құйғандай

 -қолдарына сөмке  ұстап жүру

-сыпырғандай

-ыдыс жуғандай

-бөпені ұстағандай

-қолдарын шапалақтайды

 

-оң қолды

 жұдырыққа түйіп , сол қолдың алақанына ысқылайды.

-екі қолды жұдырыққа  түйіп кеудеге ұстап , жоғары – төмен қозғайды.

-саусақтардың ұшымен қант себеді.

-қолды жұдырыққа түйген күйі (қаймақ құйған сияқты) қол білегін жоғары-төмен  қозғайды.

-екі қолын алдына жайып көрсетеді.

-алақанымен  іштерін сипалап,  тойғандарын  білдіреді.

Сұрақтарға жауап берді.

Әр бала өзі алған суретке қарап әңгімелейді.

Рефлекциялық түзетушілік

Қорытындылау.

  - Бүгін біз үлкенге,кішілерге қол ұшын беріп, үй жануарларына, үй құстарына қамқор болуға үйрендік. Қамқор адамды сөйлеген сөзінен емес ісінен танимыз.

   - Ендеше, тағы да бір ойын ойнайық .

  Дидактикалық ойын: «Жолын тап»

Ойын шарты: Таратылған карточкаға қарап  суретіне қарай қарындашпен сызып жол салып көмектесейік.

Осымен оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мақтап мадақтау.

C:\Users\Admin\Desktop\Новая папка (8)\Новая папка (11)\IMG-20181012-WA0053.jpg

Балалар  тапсырмаларға қарап орындайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: шығарманың мазмұнын.

Түсінеді: үлкенге құрмет,кішіге ізет білдіруді, үй жануарларға, үй құстарына да қамқорлық жасауды.

Меңгереді: бір-біріне көмек беріп, ренжітпей, сыйлау керек екендігін.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер