Өлеңдер бөлімі

Заттарды жиынға біріктіру

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Састөбе ауылы
МКҚК «Қарлығаш» балабақшасы
Тәрбиеші: Кадырбаева Марал Куванышевна

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Заттарды жиынға біріктіру»

Мақсаты: Балаларды заттар тобының /жиынның/ ортақ белгілерін тауып заттарды белгілі бірқасиетіне қарай «Үлкен және кіші»топтарға біріктіре жеке затты тауып көрсете: Бір элементтен тұратын жиын туралы түсінік қалыптастыру; «бір және бірнеше терминдер енгізу дәптерлерде берілген тапсырмалармен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.

Көрнекіліктер: суреттер, дәптер.

Блингвалды компанент: жиын, көп, біреу, бір-бірден.

 

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбер

Қуан шаттан алақай!

Қуанатын күн бүгін

Күліп шықты күніміз

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Қане, балалар өткен цифрларымызды есімізге түсірейік. Алдарыңа сандардың көршілерін тауып жаз.

Балалар бір-бірімен амандасады,бір-біріне сәттілік тілейді.

 

 

 

Ойынға белсене қатысады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Ойын: «Анамызға дастархан жаюға көмектесейік»

Сендер мына себетке жемістер жіне көкөністер тәтті тағамдар және \көкөністер және қырыққабат/ Сосын оларды түсіне қарай бөлеміз.

Ал,бастайық!

- Анамызға себеттегі заттарды шығарып,

Оларды топтастыруға көмектесейік,бәріміз бірге орындайық.

Тәрбиеші жиынды ішкі жиындарға бөлуге көмектеседі.

Көкөністер,жемістер, тәтті тағамдар және қырыққабат.

Осылайша жиынға бөле аламыз. Жиын туралы түсінік береміз, тағы да заттарды дәміне қарай материалына қарай жиынға біріктіреміз. \тәтті тоқаштар,тұзды ащы, қышқыл, темір, ағаш, жібек, шыны/

Музыка аспаптары /баян, гитара, дауылпаз,т.б/

Құрал саймандар:/ара, балға, қысқыш/

 

Сергіту сәті:

Бір дегенде тұармыз,

Екі, үш, төрт алақанды соғамыз.

Оң жаққа бұрылып, сол жаққа бұрылып,

Бес дегенде асықпай,

Орнымызды табамыз.

Ал енді дәптермен жұмыс жасаймыз. Дәптердегі суреттер бойынша заттардың атауларын айтады. Материалына қарай сәйкестендіріп байланыстырады.

Заттарды көкөніс, жемістер тәтті заттар деп бөлу керектігін айтады. Сөз арасында «көп» және «бірнеше» сөздерін қолданады, оларды санына қарай  бір–біріне қарама-қарсы қояды. Дәптерді ашып тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қимыл-қозғалыстар мен орындайды.

 

Дәптерді ашып тапсырмаларды орындайды

Рефлекциялық түзетушілік

Бүгін қандай жаңадан сөздерді естідіңдер?

Аналарыңа көрсеттіңдер, сол үшін сендерді мақтауға болады.

- Қандай шартты белгілерімен таныстық?

- Атап беріңдерші

- Өте жақсы жарайсыңдар

 

Қорытынды ойыннан алған әсерлерімен бөліседі. Тапсырманы орындайды. Жаңа  тақырыпты қалай түсінгендерін айтады.

Күтілетін нәтиже

Біледі: «Бір» және «көп», «бірнеше» терминдерін

Игереді: заттарды белгілі бір қасиетіне қарай топтастыруды жалпы түсінікті,баспа дәптермен жұмыс істеу жөніндегі түсінікті;

Меңгереді: бір затты көрсетеді,заттарды белгілі бір белгісіне қарай топтауға біріктіру;


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз