Өлеңдер бөлімі

Түрлі–түсті мұздар

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Састөбе ауылы
МКҚК «Қарлығаш» балабақшасы
Тәрбиеші: Тампиева Ляззат Маратовна

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Түрлі–түсті мұздар»

Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. Судың сұйық және қатты күйде болатындығын түсіндіру. Тәжірибе жасау арқылы судың түрлі-түсті мұзға қалай айналатындығын көрсету.

Көрнекіліктер: су, мұз, құтыдағы мұз кейіпкер Аққала, түрлі-түсті бояулар, қылқалам, қол сүрткіш, ыдыстар

Сөздік жұмыс: Мұз

Билингвальды компонент: су-вода, мұз-лед, қар ұшқындары-снежинки.

 

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

 

Күндей жадырап,

Айдай арайлап.

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

 

Сәлемдесіп бір-біріне ыстық ықыластарын білдіреді. Тәрбиешімен бірге қайталайды.

 

Ұйымдастырушылық ізденістік

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы,

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз

 

-Балалар,бүгінгі біздің ұйымдастырылған ашық оқу қызметіміздің тақырыбы «Түрлі–түсті мұздар»

Ғажайып сәт:(есік қағылады)

-Балалар бізге ғажайып қонақ Аққала келді.Қолында мұз салынған құтысы бар.

Танысу

Аққала:

Амансыңдарма балалар мені танисыңдарма?

-Менің атым Аққала

Ал сенің атың кім?

(қар кесегін балаларға беріп  аттарын сұрайды,қонақтарға әдемі көңіл –күй сыйлайды)Мұзды балаларға  ұстатып мұз  қатты сырғанақ және суық екенін айтады.

Сөздік жұмыс : мұз

Қолдарымыз тоңды саусақтарымызға жаттығу жасайық.

Қарды қолмен жинайық,

Саусақтарымыз шаршады

Алақанды ысқылаймыз

Ал енді жылытамыз

-Балалар Аққаламыз

 алып келген мұзы  еріп кетіпті,су болыпты.

-Аққала бүгінгі біздің ұйымдастырылған ашық оқу қызметіміздің тақырыбы "Түрлі-түсті мұздар"

Сіз қонақ болып жайғасыңыз.

Сиқырлы тақтадан  мұздың қалай пайда болатынын көрейік.(слайд көрсетіледі)

Ал балалар енді өзіміз тәжірибе  жасап көрейік.

-Балалар банкілерге не құйылған?

Су қандай?

Мөлдірлігі соншалық,оның іші жақсы көрінеді.Кім мөлдір суды жақсы көреді?

Барлығың жақсы көреді екенсіңдер.

Суды қайда қолданамыз?

Таза суды ішеміз,тамақ дайындаймыз,ыдыстарды жуамыз,өзіміз жуынамыз.

Суда нелер тіршілік етеді?

Енді біз түрлі –түсті бояу қосып  суды араластырамыз. Енді түрлі –түсті судан түрлі –түсті мұз жасаймыз

 

-Суды мұзға айналдыруға  бізге Аққала көмектеседі. Өйткені Аққала суықты жақсы көреді. Мына қалыптарға суды құйып Аққалаға берейік (Аққала суды қатыруға шығып кетеді)

 

Су қатты суықта және де тоңазытқышта да қатады.

Билингвальды компонент:су-вода,мұз-лед,қар ұшқындары-снежинки.

                 

Сергіту сәті:

Музыка қойылады.

-Қазір біз  «Қар ұшқыны» биін билеміз.

Аққала келіп, судың мұз болып қатқанын айтады. Тәрбиеші мұзды шыны ыдысқа салып балаларға көрсетеді.

- Мұзды Аққалаға орманға беріп жіберейік,ол ормандағы шыршаларды безендірсін.

Аққала балалармен қоштасып кетеді.

 

Балалар мұқият тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәлеметсізбе Аққала!

-аққала

 

 

Балалар аққаламен амандасады,қызығушылық көрсетеді

Балалар аттарын айтады.

 

 

 

 

 

 

Балалар іс-әрекетпен қимыл жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Су құйылған

Мөлдір, таза

 

 

 

 

Ішеміз, қол жуамыз

 

 

 

.Балықтар

 

Рефлекциялық түзетушілік

- Жарайсыңдар, балалар!

- Балалар бізге қонаққа кім келді?

- Біз не істедік?

Судың неге айналғанын көрдік.

Бізге Аққала көмектесті,ол кісіге көп рахмет деп айтайық.

- Балалар суды Аққала мұз етіп қатырады екен және суды тоңазытқышқа қойсақта қатады екен.

- Балаларды мадақтау

 

- Аққала келді

- Бірнеше түрлі-түсті мұз жасадық

 

- Мұзға

Балалар су сұйық және қатты күйде болатындығын тұжырымдайды және суды аязға қатырса мұз шығатындығына көздері жетеді.

                                  

Күтілетін нәтиже

Біледі: Суды түрлі–түсті етіп бояуға болатындығын.

Игереді: Су және оның күйлері туралы ұғымды.

Меңгереді: тәжірибе жұмыстарын бақылай отырып іс-тәжірибе дағдыларын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз