Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Денсаулық – зор байлық!

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Көктерек ауылы
"Көктерек" шағын жинақты бастауыш мектебінің мұғалімі
Бижанова Гульшекер Сейдазимовна

Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық – зор байлық!»

Сабақтың мақсаты: Денсаулық және дене тәрбиесі, оның адам өмірендегі маңызы туралы түсінік беру; оқушылардыңдың өз денсаулығын дұрыс қалыптастыра білуге үйрету және салауатты өмір салтына баулу.

Білімділік: Денсалықтың қыр-сырларымен таныстырып, зиянды іс-әрекеттер туралы мағлұмат беру. Алған білімін пысықтап, мәлімет түрінде алған білімдерін мысалдар арқылы терең меңгерту.

Дамытушылық: Алған мағлұмат-білімдерін тапсырмалар арқылы нақтылай түсу, өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, топпен, жұппен жасалатын жаттығуларды орындау арқылы әр оқушының қарым-қатынаста алғырлығын арттыру.

Тәрбиелік: Өз денсаулығын сақтауға, өмір сұрудің салауатты түрін ұстануға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, салыстыру, топтастыру, өзіндік ізденіс, талдау.

Көрнекі құралдар: слайдтар, суреттер, карточкалар, тірек сызбалар, арнайы видеороликтер

Тақтаға денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер ілінеді:

1) Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.

2) Таңертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.

3) Денсаулық — зор байлық.

4) Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса, жан азады.

5) Тазалық — саулық негізі,

Саулық — байлық негізі.

 

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

— Оқушылармен сәлемдесу;

— Сабақтың жоспарымен, мақсатымен таныстыру;

— Сыныпты топқа бөлу.

Таныстыру

3 топқа бөлу:

I. «Дұрыс тамақтанушылар»

II. «Спорт шеберлері»

III. «Тазалық сақшылар»

1) «Мақалдар мәні» сайысы (Үш топқа алдын-ала дайындалған мақал-мәтелдер оқылады.Топ мүшелері бірігіп ақылдасып, берілген сөздердің мағынасы мен идеясын ашып,топ атынан бір адам жауап береді.)

— Еңбектен асқан ем жоқ

Дені саудың – жаны сау.

— Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.

— Тазалық — саулық негізі,
Саулық — байлық негізі.

— Денсаулық — зор байлық.

— Үш нәрсенің алдын ал:
Аурудың алдын ал,
Жаудың алдын ал,
Қайта қозған даудың алдын ал.

2) «Кім жүйрік?»

(Топтарға бір-бір сұрақ жазылған карточкалар таратылады.Берілген сұраққа топ мүшелері үш минутта  толық әрі нақты жауап беріп үлгеруі керек.)

«Денсаулық дегеніміз не?»

«Денсаулығымызға қалай күтім жасаймыз?»

«Денсаулықтың адам өміріндегі маңызы не?»

 

3) «Біздің компания» жоба-ойыны

(Топтық жұмысқа барлық топ мүшелері түгел қатысады. Төменде көрсетілген критерийлер арқылы жоба дайындап, өз жобаларын қорғайды.)

1)«Халыққа медициналық көмек көрсету» жобасы

Компания аты:

Компания ұраны:

Компанияның қызмет көрсету түрі:

Компанияның артықшылықтары:

 

2) «Спорт кешені» компаниясы

Компания аты:

Компания ұраны:

Компанияның қызмет көрсету түрі:

Компанияның артықшылықтары:

 

3) «Дұрыс күн-дұрыс астан» компаниясы

Компания аты:

Компания ұраны:

Компанияның қызмет көрсету түрі:

Компанияның артықшылықтары:

 

5) Ситуациялық сұрақтар:

1) Мектепке досыңызбен бірге баратын болдыңыз.Қыстың уақытысы еді.Досыңыз желең киініп шықты.Сіздің іс-әрекетіңіз немесе айтар сөзіңіз?

2) Сіз фаст-дуд тағамдарын өте көп мөлшерде пайдалансыз.Бір күні теледидардын  фст-фудты мөлшерден тыс пайдаланудың оасан зор денсаулыққы зиян әкелетіндігін естідіңіз.Ары қарайғы сіздің іс-әрекетіңіз қандай болмақ?

3) Бір күні асқаныңыз ауырып, анаңыз сізді дәрігерге алып барды.Дәрігердің айтуы бойынша сіздің денсулығыңыз таңертең мүлдем тамақтанбаудан екен.сіз ары қарай да осы іс-әрекетіңізді жалғастырасыз ба?

6) «Денсаулық – зор байлық» атты қабырға қағазын дайындау

Қорытынды

Қазақтың «Әуелгі байлық — ден саулық,Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық» деген нақыл сөзінде үлкен мән жатыр. Әр отбасы мүшесі өз денсаулығына аса жауапкершілікпен қарауы қажет. Себебі, денсаулық – адамның ең үлкен байлығы. Денсаулық деген қазынаны ешқандай  дүние алмастыра алмайды. Ең алдымен сапалы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық аса қажет. Ал сол денсаулықты сақтау, оны қорғау – өз қолымызда, яғни өз еншімізге тиген үлес. Денсаулықтың қадірін ерте кезден білген халқымыз оны сақтау мен күтудің ерекше емдік түрлерін білген. Сонымен қоса ер жетіп келе жатқан ұл-қызық өнер мен түрлі физикалық ойын тұрлеріне баулыған. Өнерді жан рахаты деп білсе, ойынды тән рахаты, сонымен қоса нағыз денсаулықтың кепілі екендігін ескерген. Дұрыс тамақтануға да ерекше мән беріп, табиғи өнімдердің адам денсаулығы үшін пайдасының көлкөсір екендігінен хабардар болған, әрі сол пайдалы өнімдермен күнделікті тамақтанып отырған. Дәл бүгінгі уақытта дені сау ұрпақ-болашақ кепілі. Себебі, қоғамдағы ең белсенді адам – дені сау адам, ең алғыр адам да дені сау адамнан, өнімді жұмыс пен берекелі еңбектің де ең негізгі өкілі дені сау адам екендігін ұмытпауымыз керек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз