Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Бала тәрбиесі — баршаның ісі!

Алматы қаласы
Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназияның
география пәні мұғалімі Жүзімгүл Темірбекова   

“Тәрбиенің от басынан басталатынын“ дана халқымыз өткен ғасырларда-ақ айтып кеткен ғой. Ия, бүгінгі күн сайын емес, сағат сайын дамып, өзгеріп жатқан мына заманда жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім берудің оңай болмай тұрғаны белгілі. Осы уақытқа дейін барлық салмақтың тек мектеп мұғалімдеріне түскені дежасырын емес. Ата-ана мен мұғалімнің орнын бүгінде технологияның басқаны ұстаздар қауымына өзіндік қиындықтар әкелуде. Десек те, білім саласы қол қусырып қарап отырған жоқ. Өйткені, біз ұстаздар қауымы, ұлт болашағы, бала тәрбиесіне жауапты екенімізді жақсы түсінеміз.

Халқымыздың ешбір білімсіз-ақ “баланы жастан…” деп, бала тәрбиесіне ат үсті қарамағаны белгілі. Олай болса, Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласына орай, жас ұрпақтың бойына берік отбасы құндылықтарын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған  “Өркендеу”  жобасы құрылды. Мақсаты — оқушыларымыздың бойына ұлттық тәрбиені сіңдіре отырып, оларды заманауи біліммен қаруландыру болса, бұл — ертеңін ойлаған елдің басты мәселесі. Осыған байланысты біздің мектебімізде де талай іс-шаралардың іске асып жатқанын айтқым келеді. Халқымыздың ата салты мен елбасының ұсынысы бойынша біздің мектепте де, яғни, Алматы қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында мектеп директоры Әшімбаева Бағила Мәсімақынқызының ұйымдастыруымен “Ата” мектебі, “Ана” мектебі, “Әже” мектебі, “Аға” мектебі, “Жеңге” мектептері құрылып, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары өткізілуде. Бұл мектептердің балаларға берер тағылымы айтпаса да түсінікті болса керек. Себебі алтынға пара-пар құндылықтарымыздың кей кезде сырт қалып жатқаны да жасырын емес.

Мұғалім, ата-ана, оқушы үш одақ болып жұмылу — бұл дер кезінде қолға алынған шара болды десем артық айтқандық болмас. Үш одақ бір жұдырық болып бірлесіп атқарған жұмыстың өз нәтижесін берері де анық. Сол себепті бұл үнге біз де қарап қалмай, өз үлесімізді қосуға тырыстық. Өзім жетекшілік ететін 6 — “ә” класында осы мектептер бойынша ата-аналар бекітіліп, олар өз жұмыстарына кірісіп те кетті. Соның бірі ата-анам Оразбаев Бақберген ағайдың бастауымен бүгінгі күннің өткір тақырыптардың бірі “Әлсізге күш көрсету — Мықтының ісі емес!” деген тақырыпта осында пікір алмасу сабағы өтті. Әңгіме барысында ата-аналар, оқушыларға халқымыздың бала тәрбиесі туралы мағлұматтар берсе, оқушылар да өз сұрақтарына жауап алып, әлсізге күш көрсету әлсіздердің ғана ісі екеніне, ойланғандай болды.  Халқымыздың  “Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады”  деген даналық сөзінің мағынасын ұққандай болды... Бұл, әрине, теңізге тамған тамшыдай ғана іс болар... Солай десек те, мұғалімнің күнделікті ісі осындай тамшыдан тұратынын ұққандай болып ата-аналарымыз тұрды...  Абылайхан бабамыздың: Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмейік! деген аталы сөзі тек қана мұғалімдердің ғана емес, ел басқарып атқа мінген азаматтарымыздың есінде де болса екен деп біз тұрдық...


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз