Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Өзiн-өзi тану пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің жоспары. : Табиғат – шабыттың қайнар көзі 5-сынып

Өзiн-өзi тану пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің  жоспары.

Мектеп:Тасмола орта  жалпы  білім беретін мектебі

Тақырып: Табиғат – шабыттың қайнар көзі

Құндылық:  сүйіспеншілік

Қасиеттер:  қызығушылық, шыдамдылық, қуаныш

Мұғалiм: Кабидуллиева Г.А.

Сынып  5      Оқушылар саны:  14                                 

Сабақ мақсаты: оқушыларға табиғат құбылыстары арқылы, шабытын ояту, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

-оқушыларға адамдар арасындағы сенім ұғымы туралы түсінік бере отырып, адалдық қасиетінің мәнін ашу;

-баланың шабытын шақырып, қызығушылығын ояту арқылы ішкі мүмкіндіктерін дамыту;

-оқушыларды шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Моноблог,постерлер,

маркерлер,стикерлер,

суреттер

Сабақ барысы:

  1. 1.Ұйымдастыру кезеңi.

  Оқушылармен амандасып, « Өзін –өзі тану » сабағының ережесін

« 5 –Т » қайталап,сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20  ұпайдан  беремін.

( 5 т:тәртіп,талап,тыныштық, тазалық, татулық)

Тренинг:

Топқа бөлу:

  1. Тыныштық сәтi.

Орманға ойша серуен

    Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай беттетіп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауа жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл - пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз.Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз.Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен жылылығын сезініңіз. Гүлдің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдермен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы.
    Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз.Алаңқайға шығыпосында бірнеше минут демалыңыз, түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз.Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз.Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.

     Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиянымыз тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің кез келген уақытта келіп демалатын орныңыз бар. Ал қазір мектептен қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір рет қараңыз,келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз.Міне, мектептің алдына да келдік.Айналаңызға тағы бір қараңыз. Таза ауадан терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым – жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, дескрипторлармен таныстыру.

  1. 2.Үй тапсырмасын тексеру 24-сабақ
 
  1. 3.Дәйексөз.

Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар.

Шоқан Уәлиханов

  1. 1.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
  2. 2.Өзің табиғаттың ғажап көріністеріне куә болған кезде қандай сезімге бөленесің? Әңгімелеп бер.
  3. «Басбармақ» әдісі

 

  1. Мұғалім  сыйы.
  2.                      Мұхтар Әуезов ...
  3. ...Таудан соққан ызғар, қатал мінездердің ызғары тәрізді. Ызылдаған суық лептің қарсысына ана жыры, мейір шапқат жыры үн қосады. Құшағына тартқан өзгеше бір күш, бар дүниені өзіне бағындырар орны бар, баяу да болса, басым саз. Абай бір түрлі сейіліп, іштей серпіліп алып, тау жотасынан биіктеп, аспанға қарады. Толық ай ашық көкті қалқып, сызып келіп, бір топ шоғыр қара бұлтқа кірді. Кірді де қызық күйге түсті. Абай соған қарап өзге жайдың бәрін ұмытып, аңырап телміре қалды. Қара қошқыл кілегей бұлттың жоғарғы жақ шетін ала кірген ай бір көрініп, бір сүңгіп, машығынан тыс жылдам жүріп, дәл жасырынбақ ойнағандай құбылады. Кейде біржолата білінбей батып кетіп, артынан тез жарқ етіп, күліп шыға келед те, лезде барып тағы шомады. Келесі сәтте көзін қысып, сығырайтып, әдейі ойнағандай боп, бір жақ шетін ғана көрсетіп, сызып қалқып отырады да, тағы да сөне қалады. Абай дәл мұндай болып құбылған ойнақы айды ең алғаш байқағаны осы еді. Тағы бір рет, ай шеті қылдырықтай боп көріне түсіп, сөне қалғанда, еріксіз күліп жіберді... Мынау ай дәл бір құлдыраған жас бала тәрізденді... «Қу шұнақ, тәтті қылығы бар бала».
  4. 1.Табиғаттың қандай көріністері Абайдың көңіліне шаттық сыйлады?
  5. 2.Табиғатқа тамсану адамды не нәрсеге шабыттандырады?
  6. 3.Табиғаттың қандай әсем құбылыстарын адамның мінезіне теңеуге болады? Неліктен?
  7. «Шапалақ» әдісі

 

4.Шығармашылық  тапсырма.

1-тапсырма

Абайдың  жыл  мезгілдеріне  байланысты  шығарған  өлеңдерін  мұқият оқып, алған әсерлеріңді әңгімелеп беріңдер.

  2-тапсырма «Табиғат мені шабыттандырады» тақырыбына эссе жазыңдар.

3-тапсырма Мәтінді оқыңдар. Қос қарлығаш (Әңгіме)

 Арасанбай Естенов

1.Қарлығаштың балапандарына жасаған қамқорлығынан қандай үлгі алуға болады?

2.Өзің құстарға қандай қамқорлық көрсетіп жүрсің?

Бағалау парақшасы  Дұрыс жауапқа 5 балл.

Дескрипторлар:

-  прозалық мәтіндерге, дәйексөздерге өз көзқарасын білдіреді;

- шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды;

- шығарманың тақырыбын, идеясын, автордың көзқарасын, суреттеулерді, астарлы мағыналарды түсінеді;

-жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

 

 

  1. 5.Топпен ән айту. 

«Әдемі»

  1.  Өлеңін жазған Ақылбек Шаяхметов
  2. Әнін жазған Ғұсман Наурызбаев
  3. Күн сәулесі төгілгені әдемі,
  4.  Кемпірқосақ керілгені әдемі.
  5.  Көк шалғында асыр салып жүргенде
  6.  Көк көбелек көрінеді әдемі.
  7.  Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемі,
  8. Алма ағаштың гүл ашқаны әдемі.
  9.  Қариялар жол үстінде кездесіп
  10. Амандықты сұрасқаны әдемі.
  11.  Бұлбұл құстың сайрағаны әдемі,
  12. Қозы-лақтың ойнағаны әдемі.
  13. Ақ боз атын ерттеп мініп атамның
  14. Қойды өріске айдағаны әдемі.
  15. Ақ ботаның үлкен көзі әдемі,
  16. Әжеміздің күлген көзі әдемі.
  17.  Бәрінен де жасқа толған бөпемнің
  18. Тәй-тәй басып жүрген кезі әдемі.

 

  1. 6.Үй тапсырмасы.   25-сабақ    Сырбай Мәуленов «Мен елімді сүйемін» әңгімені оқып келу.

 

7.Соңғы тыныштық сәтi.

-Балалар, енді бір сәт тынышталайық. Денелерімізді түзу ұстап, басымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаймыз, айналадағы барлық тіршілік иесі аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеміз. Тұла бойымыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтыламыз. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып сақтаңдар. Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рақмет айтамын!

«Мұғалімге хат»

Оқушылар мұғалімге кері байланыс береді. Ауызша беруге болады.

Үйренгенім .........................................................

Мұғалімге ұсыныс ..............................................

 

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз