Өлең, жыр, ақындар

Шырша шамдарын жағамыз

БҚО Бөкейорда ауданы Сайқын селосы «Ер Төстік» бөбекжайы
Бейнелеу өнері пәні мұғалімі  
Хайырболатов Сағыныш Бауыржанұлы

Мақсаты: Жаңа жыл мерекесіне балалардын жеке жаңа жылдық суреттерін салуға үйрету. Шыршаның суретін салуға дағдыландыру. Үшбұрыштар арқылы шыршаны салып, безендіру. Шырша шамдарын бастыру арқылы орналастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Жаңа жылдық шырша суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, бояулар, су, сүлгі, қылқалам, магнитофон, баяу әуенді күйтабақ.

Билингвальді компонент: тікен, аяз, хош иіс.

Оқу іс-әрекеті кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушылық

Педагог «Табиғи өскен шырша» тақырыбында әңгіме жүргізеді, балалардың естеріне шырша туралы мәліметтерді түсіндіріп, толық жауап алады, анық сөйлеуін қадағалайды.

Шыршаны ұстап көреді, сезінеді, ерекшеліктеріне көңіл аударады.

 

Ұйымдастырушылқ -ізденістік

 

 

 

Жұмбақ жасыру:

    Жасыл тонның бояуы,

    Жыл он екі ай тозбайды.

    Дің, бүршіктер, сояуы,

    Қысқы аязға тоңбайды.

- Осы шыршаға ұқсас тағы қандай ағаш бар? Оның ұқсастығын хош иісі арқылы анықтаймыз.

- Балалар, біз шыршаны жақсы білеміз, Жаңа жыл мерекесінде үйде, балабақшада шыршаны ойыншықтар іліп, әдемілеп безендіріп қоямыз.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Әдемі шырша болайық,

Балдырғандар билесе,

Шыр көбелек айналып,

Бой сергітіп алайық.

Шыршаның суретін салу жолдарын көрсетеді. Алдымен діңін салуды, төменгі жағы жуандау, жоғарғы бөлігі жіңішке болып келетінін, бұтақтарын жоғарыдан төмен қарай көлбеу сызықтармен сызу арқылы салуға болатынын түсіндіреді.

Шырша бұтақтарына оның тікендерін салғанда жоғарыдан төменге қарай көлбеу сызықты үзбей салу керектігін айтады.

Шырша салып болған соң балаларға оны ойыншықтармен әшекейлеп, кішкентай домалақ, сопақша шарлар жасап, бояуды ұсынады. Тек сонда ғана ол мерекелік шыршаға айналатынын айтады.

 

- Шырша.

- Қарағай да шыршаға ұқсайды.

 

-Жаңа жыл мерекесін тойлағанда көреміз. Сол шыршаның қасында ән салып, би билеп Жаңа жыл мерекесін қарсы аламыз. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Қылықаламмен ойыншық ілінген әдемі шыршаның суретін түсті бояулармен салуға кіріседі, көлбеу сызықпен үзіліссіз сызып салады.

Ойыншықтарды сопақ және домалақ болып келетіні, өлшемі жағынан сәйкес келетініне көңіл бөліп жасайды.

Рефлексиялық түзетушілік

-Балалар, бәрің де жақсы сурет салдыңдар. Шыршаларыңды Аяз-ата көріп, қуанып қалатын болды. Балалардың жұмысына талдау жасайды, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды.

Шырша туралы әндерін қайталап айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жаңа жылдық шыршаның бейнесін салуды.

Игереді: Тікендерді көлбеу сызықпен үзіліссіз сызып салуды.

Меңгереді: Түстер мен ырғақты сезіне білуді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз