Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Менің елім — Қазақстан!

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
«Дарын» балабақшасы
Тәрбиеші: Ходжантаева Куралай Икласовна

№8 ересектер тобының Тәуелсіздік күніне арнаған «Менің елім — Қазақстан!» - атты тақырыптық оқу қызметі.

Тәрбиеші:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Қәне, балалар кім айтады, біз қай елде тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
— Ал, еліміздің бас қаласы қай қала?
— Астана
— Дұрыс.

1. (слайд — Ақорданың суреті)
— Балалар сендер, білесіңдер ме, елбасымыз кім?

2. (слайд— Елбасының суреті)
Балалар: Н. Ә. Назарбаев

Тәрбиеші: 1-желтоқсан ҚР-ның тұңғыш президент күні. Ендеше, Дәубек, Али, Мұстафа тақпақ айтып берсін.

Жүргізуші: Балалар, Қазақстан Республикасы егеменді, тәуелсіз ел. Әрбір егеменді елдің өзінің рәміздері болады Қазақстан Республикасының рәміздерін кім айтады?

Балалар: Әнұран, Елтаңба, Ту.
Дұрыс, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу — әрбір азаматтың міндеті.

3. (слайд Тудың суреті)
Жүргізуші: Ендеше, экранға назар аударайық, нені көріп тұрсыңдар?
Балалар: Ту.
Жүргізуші: Біздің еліміздің туының түсі қандай? Тудың бетінде ненің суреті бейнеленген?
(Балалардың жауаптары)
Тәрбиеші: Слайдтан оқу.

4. (слайд Елтаңбаның  суреті)

Тәрбиеші: Слайдтан оқу.

Ботагоз:       
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.

Арыстанбек:
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй,
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.

Айлана:         
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі!

Тәрбиеші: Балалар, Әнұран туралы не білеміз?
4. (слайд Қазақстан Республикасының әнұраны)
 Әнұран салтанатты ән. Оны салтанатты жағдайларда орындайды

Ақерке:      
Әнұраным-жанұраным,
Жүрсем егер дүние кезіп,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім сағынарым.
Бақыт, бірлік күн талабы,
Тоқтамайды дүбір әні,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика Әнұраны.

5. (слайд Қазақстан Республикасының әнұраны)

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады (тыңдау)

Тәрбиеші сөзі:
Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн Қазақстан тарихында  тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

6. (слайдЛәззат пен Қайрат)
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп болды. Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт, тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Ендеше, тәуелсіздігіміз туралы  тақпақтар айтып берейік.

Нұркен:                                                
Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен Ләззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік

Сезім:
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан

Амина:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.

А.Бексұлтан:
Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.

Аян:
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық,
Басқалармен терезесі тең болдық.
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай,
Отан үшін болуға да құрбандық.

С.Бексұлтан:
Еліміз бар, жеріміз бар,
Жер астында кеніміз бар.
Халқымыз да көп ұлтты,
Бүгінде олар бақытты.

Тәрбиеші:
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Ән. Қазақстаным менің.

Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің елбасымыз, туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз сонымен қатар еліміздің қолөнер бұйымдары, ұлттық киімдері, ұлттық тағамдары, ыдыстары тағы ұлттық ойындары бар. Ендеше «Шаңырақ» және «Тақия тастамақ» ойындарын ойнайық.

Ойын: Тақия тастамақ.

Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймын!   


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз