Өлең, жыр, ақындар

Атмосфера және оның бөліктері

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп:

Күні:25.10.17

Мұғалімнің аты-жөні:Муханова

Сынып: 7

Қатысқандар: 6

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы

Атмосфера және оның бөліктері

 

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.2.1-атмосфераның құрамын сипаттайды

7.3.2.2-атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп,түсіндіреді

 

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген тапсымаларды орындайды.Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке,жұптық,топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік мақсаттар

 

 «Атмосфера» ұғымын ауызша және жазбаша түрде түсіндіріп ,атмосфера құрылымын сипаттайды.

Атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктері бейнеленген суреттер мен графиктерді сипаттап түсіндіреді.

Құндылықтарға баулу

 

 

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық  идеясының құндылықтары барысында.

Қоғамымыздағы ұлттық бірлік ,бейбітшілік пен келісім .

Пәнаралық байланыс

Биология,жаратылыстану,химия

Алдыңғы білім

 

Литосфералық катаклизм

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

 

Ресурстар

Сабақтың басы

(5мин)

Сәлемдесу

Оқушыларды қималар арқылы топқа бөлу:

Стратосфера-1топ

Тропосфера-2 топ

Мезосфера-3 топ

Топмүшелері көшбасшысы,таймкиппер,спикер,суретші –редактор болып бір-бірін сайлауы.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.

 

 

«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 20 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Топтарға тапсырма:

 Жаңа тақырып Жигсо әдісі арқылы

 (Тақырыпты бөліктерге бөліп оқуға тапсырма береді. Топтағы бір нөмірлі балалар бір мысалды қарастырып бірге отырып талқылап,өз топтарына келіп түсіндіреді)

Атмосфераның қасиеттері және оның адамға әсері

Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдам араласуы мен үлкен ара қашықтыққа орын ауыстыруы, басқа сфералармен, әсіресе мұхитпен байланысы жатады. Мұхитпен жанасуы нәтижесінде мұхит атмосферадағы көміртегінің қос оксиді мен оксидін, күкіртті газ және басқа қосылыстарды сіңіреді. Атмосферадағы қосылыстардың басым бөлігін өсімдіктер сіңіреді және зат алмасудың топрақ звеносына кіреді. Жылдам араласқыш қасиеті мен оның ластануды таратуы, сонымен қатар локальді ластануды ғаламдық ластануға айналдырушыфактор болып табылыды. Адам атмосфераның әр түрлі параметрлеріне және қасиеттеріне, оның химиялық құрамына, жылу режиміне, орын ауыстыру, радиоактивтілік, электромагниттік фон және т.б. әсер етеді.

Ерте кездерден ақ ауаның ластануына қарсы шаралар қолға алына бастады. XVIIIғасырда Англияда ірі қалаларда, Лондонда, көмірді отын ретінде қолдануға шектеу қойылды. Осы кездерден бастап жер үсті суларының ластануына қарсы, мысалы тұрмыстық қалдықтармен, шарлар қолдана бастады.

Адам ауаның құрамына кіретін негізгі химиялық элементтер- азот пен оттегінің концентрациясының өзгермеуі олардың концентрациясының жоғары ( азот-78,09%, оттегі- 20,95%) болуына байланысты. Бірақ мұны біз көмірқышқыл газына қатысты деп айта алмаймыз.Оның концентрациясы біртіндеп артып келеді, бұл көмірқышқыл газының атмосферада аз балу жағдайында келін түскен мөлшерінің анағұрлым жоғары болуына байланысты.

Сонымен қатар атмосфераның міндетті емес заттарының конценрациясы елеулі өзгеріске ұшырауда. Бұларға ең алдымен көптеген ластаушылар, соның ішінде тіршілік үшін бөгде заттар жатады. Адам қызметінің нәтижесінде атмосфераға атамосфера үшін бөтен немесе атмосфераға тән заттардың концентрациясының өзгеруіне байланысты ластаушы зат болып табылытын жүздеген заттар келіп түседі. Адамның атмосфераға әсерінің байқалуы, оның биосфералық процестерге белсенді түрде араласа бастауынан, орманды жою, жерді жырту, эрозия, құрғату, суару, қалалар мен өндіріс орындарын және т.б. салу нәтижесінде басталады

Қолдану   «Интервью» әдісі

Жалпыға арналған тапсырма:Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.

 

«Жигсо» әдісі арқылы түсіндіріледі.

 

«Интервью» әдісі

Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады

 

Сергіту сәті

2 мин

«Жауын»

 

 

 

 

Сабақтың соңы

10мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Синтез

Атмосфераның құрамы және маңызы

Атмосфера — Жер шарының ауа қабығы, ол салмақ күшіне байланысты ғаламшармен бірге айналып, қозғалысқа түседі. Жалпы массасы 5-1015 т шамасында болатын атмосфера түрлі газдардан, су тамшылары мен шаң-тозаңнан тұрады. Атмосфераның төменгі бөлігі Жер бетімен шектесіп жатыр. Ал жоғары шекарасы ретінде соңғы ғылыми деректер бойынша 1000 км биіктік алынады, бұдан әрі қарай ауа өте сиреген күйде болады.

Шамамен 100 км-ге дейінгі биіктік аралығында ауа құрамы мынадай газдардан: азот — 78%, оттек — 21%, инертті газдар — 1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмірқышқыл газынан — 0,03%-ы тұрады. Ауа құрамындағы криптонксеноннеонгелий және сутек газдары өте аз мөлшерде болады. Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты болады, тек өнеркәсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде көмірқышқыл газының үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. Лас ауаның құрамында бөгде қосылыстар да кездеседі. Шамамен 200—1000 км биіктікте ауа құрамында оттек басым, ол ультра- күлгін

сәулелер әсерінен атомдарға ыдыраған күйінде болады. 1000 км-ден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен сутектен турады, сутек зарядталған атомдар күйінде таралған.

Атмосфера құрамындағы әрбір газдың атқаратын қызметі бар. Азот нәруызды (белок) заттар мен нуклеин қышқылдарының құрамына енеді, ал оның қосылыстары өсімдіктерді Минepaлды қорекпен қамтамасыз етеді. Оттексіз тірі организмдердің тыныс алуы мүмкін емес, сондай-ақ жану мен тотығу процестері де жүрмейді. Жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газын пайдаланып, органикалық заттар түзеді. Атмосфера газдары тау жыныстарының химиялық үгілуіне қатысады. Ал шамамен 25—30 км биіктіктегі озон қабаты Күннен келетін ультра-күлгін сәулелерді ұстап қалу арқылы тірі организмдерді бұл сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды. Ауа құрамындағы жай көзге көрінбейтін су булары белгілі жағдайда су тамшылары түрінде бөлініп шығып (конденсациялану), олардың тұтасуынан бұлттар қалыптасады. Атмосфераның құрылысы. Биіктеген сайын ауаның физикалық қасиеттері (температурасы, тығыздығы, қысымы және т.б.) өзгереді, сондықтан атмосфераны тропосфера, стратосфера, жзосфера, термосфера, экзосфера деп аталатын қабаттарға бөледі.

Атмосферада күн сәулелерін озон, көмірқышқыл газы мен бұлттар, су тамшылары мен шаң-тозаң жұтады. Жалпы алғанда, атмосферада Күннен келетін радиацияның 15—20%-ы жұтылады. Осылайша күннің сәулелік энергиясының біразы атмосферада жылуға айналса, басым бөлігі жер бетін жылытуға жұмсалады. Кез келген қызған денелер жылу бөлетіні сияқты, жер бетінен көтерілген жылу атмосфераның төменгі қабатын жылытады. Жиынтық радиацияның кері шағылу мен жер бетінің жылулық сәулеленуіне жұмсалғаннан қапған бөлігін радизциялық баланс немесе қапдық радиация деп атайды. Радиациялық баланс мөлшері экватордан полюстерге қарай кемиді. Қоңыржай ендіктерде қыс кезінде радиациялық баланс теріс мәнге ие, ал экватордан, шамамен, 40' ендіктер аралығында бұл көрсеткіш жыл бойы оң болады.

Ауа температурасының атмосферада таралуы мен онъщ үздіксіз өзгерістері атмосфераның жылу режімі деп аталады, ол атмосфера мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасуы нәтижесінде жүзеге асады. Тропосферада жұтылған радиация тәулігіне ауа температурасын 0,5°С-ка ғана жоғарылата алады.

Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

 

Бөліктің оң жағына

Сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)

 

 Описание: Картинки по запросу алты қалпақ ойыны

 

 

Оқушылар кестемен жұмыс жасайды

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? 

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

 

Ресурс пен мәтін бойынша саралау

Нәтиже мен жауап бойынша саралау

Қарым-қатынас формалары бойынша саралау

Бағалау парақшасы  Дұрыс жауапқа 5 балл.

 

 

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

 

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы бағалау

 

 

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

 

2:

 

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

 

2:

 

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

                 

            


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз