Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Ана — біздің гүліміз!

Маңғыстау обласы Жаңаөзен қаласы Теңге ауылы
«Теңге бөбекжай-бақша»
Ортаңғы топ тәрбиешісі: Алданова Улболсун Сансызбаевна

Зал іші мерекеге сай безендірілген.

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме қадірлі де құрметті қонақтар,аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай, сезім мен нұр құйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған №5 «Еркетай» ортаңғы тобының бүлдіршіндерінің дайындаған «Анабіздің гүліміз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Біздің халық өнерпазға бай тегі,
Әнші деп те, күйші деп те айт оны.
Күлімдеген көктем жайлы,
Жақсылып бір, ән шырқасақ қайтеді.

Хор ән: «Нұрлы көктем»

Жүргізуші: Жарайсыңдар, Армысың ақжаулықты әжелерім,
Ақылы дариядай кемеңгерім.
Ардақты аналардың мейрамында,
Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін.

кезекті балалардың әже туралы тақпағына берейік.

Армысың әжелерім, аналарым,
Мейірбан әппақ көңіл даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы  мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың. (Айжұлдыз)

Менің әжем ақ әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып берер тағы әжем.
Менің әжем жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман есен жүр әжем. (Мыңболсын)

Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген,
Балдай тәтті бал әжем. (Аяжан)

Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді,
Біздің үйдің бәріне.
Базарға өзі барады,
Бәрін сатып алады.
Суды Сырым әкелсе,
Жүсіп отын жарады.
Жұмсайды әжем мені де,
Тауыққа жем беруге.
Ауырады кей кезде,
Аяғыда, белі де.
Біз дәрісін табамыз,
Қамқорлыққа аламыз.
Әжемізді өзіміз,
Демде емдеп аламыз. (Әділжан)

Әжем менің асыл жан.
Жақсылыққа үйретер,
Жамақдықтан шектейді.
Әжеме ешкім жетпейді. (Аяулым)

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.

Балалардың бірі хат тауып алады.

Жүргізуші: Міне қызық? Мына хат кімнен келді екен? Кәне оқып көрейік. Сәлеметсіңдерме балақайлар! Мен көктемнің апасы, қыс ханшайымымын.

Сендер менімен бірге қыс мезгілін қызықтап, қардан аққала жасап, шанамен сырғанап көңіл көтердіңдер. Енді менің Сібір жаққа кететін уақытым болды. Ал менің сіңілім көктем аруы әлі ұйқыда жатыр. Сендер бүгінгі мерекеде ән салып, би билесеңдер сонда көктем аруы ұйқысынан оянатын болады. Көктем келген кезде айнала құлпырып, күн сәулесі мол шашып, ағаштар бүршік жарып, бәйшешектер гүлдеп, құстар қайтып келетін болады. Қош сау болыңыздар. (Сәлеммен қыс ханшайымы)

Жүргізуші: Қыс ханшайымы көңіл көтеріңдер деді ғой. Олай болса көңіл көтерейік .(Музыка ойналып ішке сыпырғышымен мыстан кемпір кіреді)

Мыстан: Қараңғы үйшікте тұрамын,
Сиқырлаймын, алдаймын,
Сыпырғышыммен ұшамын
Мұнда бала көп екен
Бұл не өзі болды екен?

Балалар: Бұл «Теңге бөбекжай-бақшасы».

Мыстан: Демек, мен дәл түскен екенмін ғой, жақсы болды! Ормандағы досым айтып еді. Балабақшада балалар көктемді қарсы алып, аналар мен әжелерді мерекелерімен құттықтап жатыр. Ал сендер мені шақырған жоқсыңдар. Мына мені Мыстан сұлуды(өзін қолымен көрсетеді) шақыруды ұмытып кеттіңдер. Сондықтан мен сендерді кешірмеймін. Мерекені болдырмай, сендерді осы жерден қуып шығамын!(балаларды қорқытады)

Жүргізуші: Әй Мыстан күшіңді құр босқа жоғалтпай, шаршамай-ақ қой. Біз сенен қорықпаймыз.

Мыстан: Ах сандер менен қорықпайды екенсіңдер, қазір мен айқайлаймын (айқайлайды), сыпырғышыммен ұрайын (сыпырғышпен жерді ұрады). Мен сендерге көктем аруын жібермеймін. Айналаны қара түнек, көңілсіздік басатын болады. Ол сендерге көңіл көтеруге мұрша бермейді. Көктем аруыда оянбайды. Ал көктем келмесе мерекені де тойлай алмайсындар!

Жүргізуші: Біз көңілді халықпыз. Ән салып, би билеп, қөңіл көтеріп, қара түнекті қуамыз. Кәне, балалар, көңілді, әзіл ән салыңдар.

Мыстан: Ән салыңдар, салыңдар! Осыдан мені күлдірмей көріңдер, көрсетемін сендерге! (Ортаға әже киім киген төрт ұл шығады).

Әзіл ән: «Әжелер әні»

Бәрі: Келінен қорқып саспайық,
Келіңдер өсек бастайық.
Немеренің әртүрлі,
Қылығын айтып тастайық.
Қ/сы:ойбай белім-ай,
Қайда кетті келін-ай.

1-Әже: Немерем менің блатной,
Күндіз тыным таппайды.
Видио көру керек-керек деп,
Кешкі ұйқыға жатпайды.
Қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай

2-Әже: Немерем менің кір-кір боп,
Үйдің бетін көрмейді.
«Киндер» сатып әпер деп,
Еш тыныштық бермейді.
Қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай

3-Әже: Немерем менің теңгеге,
Үйір болып алыпты.
Мың теңгені сағызға,
Аямай бере салыпты.
Қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай

4-Әже: Немерем менің ән салса,
Махабат-деп айтады.
Қызың барма деп едім,
«Жоқ»-деп басын шайқайды.
Қ/сы: Ойбай,с ұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай.

Бәрі: Келіндер келіп қапты ғой,
Бізде үйге кетейік.
Немере шіркін тәтті ғой,
Барына шүкір етейік.
Қ/сы: Ойбай белім-ай,
Қайда кетті келін-ай.

Мыстан: Жарайды мені күлдірдіңдер! Бірақ мен сонда да берілмеймін. Күшті болсаңдар менің көңілімді тағы да көтеріп билетіп көріңдер. Сендер мені билете алмайсыңдар.

Жүргізуші: Ах, мына мыстан өзінің жеңілісін мойындамады ғой. Балалар, көңілді би билеп мына мыстанды билетсек қайтеді?

Би: «Қөңілді қыздар»

Мыстан: Менің көңілімді көтердіңдер! Сендер жеңдіңдер! Бірақ мен оңайлықпен берілмеймін. Ойын арқылы мен сендердің шапшаңдықтарыңды тексеріп көрейін. Дайынсыңдар ма?

Балалар: Иә

Ойын: «Қәне сыпыр»

Шарты: Төрт баладан екі топға бөлінеді. Әр топқа қарама-қарсы орындық тұрады. Қолдарындағы сыпырғыш пен шарды сыпырып келген ойыншы келесі ойыншыға беріп, ойын қайталанады. Эстафетаны тез ойнап бітірген топ жеңіске жеңеді.

Мыстан: Жарайсыңдар, бұл «Теңге бөбекжай-бақшасында» шапшаң, өнерлі әрі қөңілді балалар көп екен. Қөңілім көтеріліп, бір жасарып қалдым,би де биледім. Жарайды, менің орманға қайтатын уақытым болды. Мен барып көктем аруын оятайын. Ал, сендер, мені келесі мерекеге шақыруды ұмытып кетпеңдер! Қош сау болыңдар!

Жүргізуші: Далада қар бар ма? (Жоқ)

Неліктен қар жоқ? (Өйткені күн жылы)

Күн жылынып,қар ери бастаса жылдың қай мезгілі деп айтамыз?(Көктем)

Қар еріді,су ақты,
Күндер келді шуақты.
Байтақ дала келбеті,
Түrті кілем сияқты.
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау бақшада орман да,
Құстар әні төгілді.
Жаңбыр жауып басылды,
Күлімдейді көкте күн.
Кемпірқосақ асылды,
Өрнегідей көктемнің.(Көктем өрнегі)

Жүргізуші: Олай болса көктем ханшайымын ортаға шақырайық.

Көктем ханшайымы: Сәлем, сәлем балақайлар,
Құрметті аналар, әжелер,
Қуаныңдар алақайлап.
Құстар әнін ала келдім,
Жерге кілем жаба келдім.
Жан бітіріп табиғатқа,
Гүлдерімді ала келдім.

Жүргізуші: Амансыңба, Ару көктем!  Ұлан- байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер.

Көктем ханшайымы: Сәлеметсіңдерме балалар,мен сендерді көргеніме өте куаныштымын. Кең даламды хош иісі мен, сұлулығымен жайнатқат менің әсем гүлдерім мен аналарымызға қуаныш сыйлап, би билеп берейік.

Жүргізуші: Көктем ханшайымы,алдымен қыздарымыздың гүлдер туралы тақпақтарын тыңдайық.

Көктем гүлі бәйшешек,
Мен боламын қараңдар.
Наурыз Сәуір айында,
Мен шығамын жайқалып.
(Бәйшешек Айару)

Қырғалардың төрінде,
Қаулап көзге ұрамын.
Құлпырып жайнап өңірде,
Қып қызыл боп тұрамын. (Қызғалдақ Малика)

Жауқазынмын жайқалған,
Сұлу гүлмін жайнаған.
Көктемде мен гүлдесем,
Құлпыра кетер айналам.
(Жауқазын Нұрай)

Әдемімін сұлумын,
Менен қай гүл аса алған.
Мен боламын Раушангүл,
Гүл патшасы атанған. (Раушангүл Сезім)

Би: «Гүлдер»

Жүргізуші: Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады,аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті-ананы-дей отырып балаларымыздың ардақды аналарына арналған тақпақтарына берейік.

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам. (Асия)

Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім,
Қартаймайшы анашым.(Ақмедияр)

Анаң болса қасыңда,
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі,
Мейірімді ғой керемет. (Айсая)

Апам үшін күнде мен,
Отынға ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.
Жоқтатпаймын әпкемді,
Қоям шайын қайнатам.
Жылай қалса бөпемді,
Жұбатамын ойнатып.
Сыпырамын үй ішін,
Жуамын аяқ табақты.
Апам бірақ мен үшін,
Оқымайды сабақты.
(Жандарбек)

Менің анам ардақты,
Алтыннанда салмақты.
Жақсы көріп баласын,
Мәпелейді анашым. (Айназ)

Жүргізуші: Жарайсыңдар келесі кезекті ұлдарымыздың көңілді биіне берейік.

Би: «Ұлдар»

Жүргізуші: Жарайсыңдар, олай болса балаларымыздың орыс тіліндегі тақпақтарына кезек берейік.

Мамочка подарок,
Приготовлю я.
Самая красивая,
Мама у меня. (Ғалымжан).

Мама, мама мамочка,
Я тебя любю.
Я тебе весенную,
Песенку спою. (Салиқа).

Будь, как солнышко, веселой,
Яркой, молодой, здоровой,
Самой нежной и любимой.
Мама, будь всегда счастливой! (Ерасыл).

Моя мамочка родная,
Я люблю тебя без края!
С 8 Марта поздравляю,
Счастья я тебе желаю. (Муслима).

Көктем ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, өте өнерлі балалар екенсіңдер. Менің қолымда әдемі гүлдер бар. Сол гүлдердің бесеуін жерге қоямын, музыка ойналады, сендер билейсіңдер,музыка тоқтағанда тез гүлді жерден алу керек, кім үлгермейді сол ойыннан шығады.

Ойын: «Гүлдерді жинау»

Көктем ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, енді менің кететін уақытым болды. Мен қоштаспаймын,әлі де мен сендермен бірге боламын. Сендер мені далаға серуенге шыққанда көретін боласыңдар. Көріскенше сау болыңдар.

Жүргізуші: Ей адамзат ойы толып ержеткен
Анаңды ұмытпа бесігіңді тербеткен
Ана деген аяулыда,асыл жанғой
Қөңіл жоқта қөңіліңді сергеткен-дей отырып балалардың ана туралы тақпақтарына берейік.

Анам болса қасымда,
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет. (Ұлжан)

Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де.
Үн қатсаң бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен!
(Нұрәли)

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар! (Зере)

Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Анашымды сыйлаймын. (Қайсар)

Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз. (Ақбота)

Жүргізуші: Балалар, қалай ойлайсыңдар ең асыл жан кім? - Анамыз
Қызығыңда, бұзығыңда көтеретін кім? Анамыз
Үнемі жаныңда періштедей қорғаштап, демеу беретін кім? Анамыз
Сонымен бүгін қандай мереке? Аналар мерекесі.

Олай болса орнымыздан тұрып аналарымызға арнап ән айтайық.

Хор Ән: «Анажаным»

Жүргізуші: Жарайсыңдар, әнді керемет айттыңдар, енді балаларымыздың ана туралы көрінісін қабыл алыңыз.

Көрініс: «Үш Ана»

Ортаға стол және үш орындық қояды. Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр. Айару қыздың киімін киген бүлдіршін.

Жүргізуші: Ойыннан келген Айару қуыршағын іздеді. Столдың астынан тапты да, хал сұрауды көздеді.

Айару: Қызым менің қалайсың,
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай,
Тамақ ішсең жарайсың.
Егер тамақ ішпесең,
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қәне қасыма,
Тамақтанып аласың.(Қуыршағын алдына алып отырады)

Жүргізуші: Айарудың осы сәт, Анасы үйге кіреді. ағат таппай қызының қалын сұрап біледі.

Анасы: Айаружан, бүгін сен,
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды,
Кешке дейін жүрдің бе?
Күнде саған ұмытпай,
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып,
Осы сені не істеймін. (Отырады)

Жүргізуші: Анасының артынан, аптығып әже кіреді. Ол дағы өз қызының қалын сұрап біледі.

Әжесі: Айналайын, алтыным,
Шаршадың ба, жарқыным.
Ішпедің ау тамақ та,
Жайын ойлап жалпының.
Қарашығым, қарағым,
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөткемен тұрып жұмыста,
Болмай қалдау тамағың (Отырады)

Жүргізуші: Аналардың елжіреп,
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып,
Өз қызына қарады.

Бәрі: «Үш Ана».

Қандай қиын, қараңдаршы,
Қырсық мінез бала болу.
Бәріненде оңай емес,
Білсеңіздер Ана болу!

Жүргізуші: Аналар қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңда.
Осымен кешімізді аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа- дей отырып бүгінгі «Ана - біздің гүліміз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз аман болсын! Құрметті аналар, әжелер, әріптестер сіздерді «Еркетай» тобының бүлдіршіндері шын жүректен құттықтайды. Әрдайым көктем гүліндей жайнап жүрің деп балалардың сыйлықтарын қабыл алыңыздар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз