Өлең, жыр, ақындар

Жеті атамды білемін. Б. Момышұлы

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе селосы
№7 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі  
Нурбергенова Жанар Мендибаевна

Сабақтың тақырыбы:

Жеті атамды білемін.

 Б. Момышұлы.  Елтанудың басы.

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:   

СЫНЫП:  2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеумәдениетін сақтап, диалогке қатысу    

2.2.1.1 - мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;

2.3.4.1 - мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.    

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы:

Бағалау түрлері

Басталуы

5  минут

Ұйымдастыру кезеңі  2 минут

Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»

Бірнеше құттықтау қағаздарын  топ құрамындағы оқушылар саны бойынша  беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:  3 минут

«Өзі туралы кластер» тренинг

Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек.  Олар парақтың ортасындағы шеңберге  өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге  өздерінің өмірінде маңызы бар  бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б

 

1-топ:

Жазушылар

2-топ: Зерттеушілер

3-топ: Суретшілер

 

«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.

Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Б. Момышұлы. Елтанудың басы.

 «Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша  өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар  алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

Сен өз туған жеріңнің тарихын білесің бе?

 

 

Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут

 

 

 

 

 

Қолдану

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.

1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды.

Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды.

 

Оқулық,қабырғаға ілінген  ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

 

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті "Көңілді күн"

видеожазба

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез  «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

 

 

 

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

 

 

 

Бағалау

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы  Дұрыс жауапқа 5 балл.

Оқушының аты-жөні

«Жариялау» әдісі

«Салыстыру кестесі»

«Ыстық орындық» орындық әдісі

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

Балл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

     - Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
     - Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
     - Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
     - Сабақта қандай қиындықтар туындады?
     - Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?

 

 

Бағалау парақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық шеңбер

 

Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалайжоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз