Өлеңдер бөлімі

II топ металдарына жалпы сипаттама. Кальций және магний

"Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Химия пәні оқытушысы Бухарбекова Ботакоз Тауекеловна

Сабақтың тақырыбы: II топ металдарына жалпы сипаттама. Кальций және магний

Сабақтың мақсаты: Студенттерді II топ металдарына жалпы сипаттама және  кальций мен магнийдің  периодтық жүйедегі орнын, атом құрылысын, алынуын, физикалық, химиялық қасиеттерін және таралуын меңгерте отырып, химиялық формулаларды және химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға дағдыландыру.

Білімділік: Периодтық жүйедегі орны бойынша кальций мен магнийдің  атомының құрылысы, қасиеттері,  күнделікті өмірде қолдану салаларымен таныстыра отырып, алған білімдерін жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру.

Тәрбиелік: Студенттерді оқуға, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

Дамытушылық: Студенттерді өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту, есте сақтау, ой - өрісін дамыту, өмірдегі көрген деректерді пайдалана білуіне және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Құзыреттілігі: Химиялық білімнің кәсіби мамандыққа бағытталуы дағды мен іс әрекет негізінде өздігінен ізденетін, өздігінен шешім қабылдайтын, нарық заманында өмір сүріп, адал еңбектенетін, бәсекелестікке қабілетті болу. Өз еркімен ойлау қабілетін дамыту, түйіндерді шеше білуі, бағалау қабілеттілігін дамыту.

Ұдайы кәсіби деңгейінің өсуіне, жаңа  білімді игеруге дайын болу;

жаңа ақпараттық дамыған қоғамда белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайын болу.

Күтілетін нәтиже:

Студенттердің түсінуі тиіс: Заттардың химиялық формулаларын анықтай алады. Адамның күнделікті іс-әрекетіне пайдаланатын қажетті химиялық заттарды түсінеді.   

Студенттердің құндылық бағдары болуы: Теориялық білімдерін жүйелей білді. Ойларын еркін жеткізеді. Заттарды сипаттай білуге дағдылану. 

Студенттер жасай біледі: Өзгерістер тізбегін, химиялық реакциялар теңдеулерін жаза білді. Есептерді шығара білді.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: биология, қазақ тілі, география.

Кешендік оқу-әдістемелік жабдықтар: периодтық жүйе, маркер, плакаттар,      жұлдызшалар, презентация, проектор.

Сабақтың құрылымы: 

I. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин

Сәлемдесу.

Сабақтың мақсаты және міндеттері.

Сабақтың құрылымын таныстыру.

Эпиграфпен таныстыру.

Топты үш топқа бөлеміз: I топ-Натрий. II топ-Магний. III топ-Кальций

II. Тірек білімдерінің өзектілігі.                                                              5 мин

Қайталау - оқу анасы (викториналық сұрақтар)

III. Жаңа білімдерді меңгерту.                                                          15 мин

Жаңа материалды түсіндіру.  

1. II топ металдарына жалпы сипаттама

2. Кальций мен магнийдің қолдануы

3. Кальций мен магнийдің құрамы, қасиеттері.

IV. Білімді пысықтау.     16 мин

1. Күш сынасу – «Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады».  2.  «Кім жылдам?» ойыны.

1. «Кім тапқыр?» ойыны.    

2. «Шешімін тап» есеп сайысы

3. «Ғажайып шеңбер». (егер уақыт артылып қалса)

V. Сабақты қорытындылау           3 мин   

Білімді жинақтау.       

Білімдерін бағалау  

VI. Үй тапсырмасы.    

2 мин

VII. Рефлексия                                                                                             2мин

Сабақ барысы:

Сабақтың құрылымы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:   

Сәлемдесу.

Сабақтың мақсаты және міндеттері.

Сабақтың құрылымын таныстыру.

Эпиграфты оқу. «Еңбекті жан-тәнімен сүймейінше, ешбір  таланта та, ешбір кемеңгерде шықпайды.»  Д. И. Менделеев.

Топты үш топқа бөлеміз: I топ-Натрий. II топ-Магний. III топ-Кальций

II. Тірек білімдерінің өзектілігі.                                                            

Қайталау - оқу анасы (викториналық сұрақтар)

1. І топ металдарын неліктен сілтілік металдар деп атайды?

2. Натрий, калий қай топта орналасқан?

3. Натрий, калий табиғатта таралуы бойынша нешінші орында?

4. Натрийдің физикалық қасиеті қандай?

5. Калийдің физикалық қасиеті қандай?

6. Натрийдің электрондық формуласын жаз.

7. Калийдің электрондық формуласын жаз.

8. Периодтық жүйеде неше металл, неше бейметалл бар?

9. Натрий және калиймен жұмыс істегенде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек пе?

10. Натрий гидрокарбонатын қайда қолданады?

III. Жаңа білімдерді меңгерту.

Кальций көп таралған элементке жатады. Жер қыртысындағы құрамы бойынша ол V орында, оның массалық  үлесі - 3,4%. Табиғатта кальций қосылыстарын кез келген жерде кездестіруге болады: кальций тұздарынан таулы массивтер және сазды тау жыныстары түзілген, ол теңіз, өзен суларының, өсімдік, жануар және адам организмдерінің құрамына кіреді.

Магний – табиғатта таралуы бойынша VIII  орында, массалық  үлесі бойынша 1,9%.  Ол 200-ге жуық минералдың құрамына кіреді: магнезит  және доломит, карналлит, оливин, форстерит,  бруцит, асбест. Магнийдің көп мөлшері  мұхит, теңіз және тұзды көлдердің суларында бар. Орташа есеппен 1м³ суда 1 кг  шамасында магний болады.

Металдық магнийді алғаш ашқан 1828 ж. француз химигі А. Бюсси. Оны алудың басты жолы – электролиз немесе MgCl2. Кальцийді  сілтілік металдар сияқты тұздарының балқымаларын электролиздеп алады.  

Физикалық қасиеттері. 

Кальций  – күмістей ақ түсті жеңіл металл. Оның ауамен әрекеттесуі нәтижесінде түзілген оксид қабықшасымен лезде қапталады, сондықтан оны сілтілік металдар сияқты керосин қабатының астында сақтайды.

Тығыздығы, 1,55 г/см³

Балқу температурасы, 840 0C

Қайнау температурасы, 1482 0C

Магний – ақ түсті металл, пластикалығы басым, жеңіл созылады және иіледі. Ол ауамен жанасқанда бірден жұқа және тығыз қорғаныш оксид қабықшасымен қапталады, сондықтан да мөлдір емес. Жылу мен электр тогын жақсы өткізеді.

Тығыздығы, 1,739 г/см³ 
Балқу температурасы, 651 0C
Қайнау температурасы, 1107 0C
Химиялық қасиеттері.    

I. Магний

1. 2Mg + O2 = 2 MgO (магний оксиді)

2. Mg+Cl2= MgCl2 (магний хлориді)

3. Кәдімгі температурада галогенмен әрекеттеседі, галогендерді атмосферада қыздырғанда бұл металдар тұтанады: Mg+CI2=MgCI2 

II. Кальций

1. Ауада қыздырғанда жанады және галогендермен әрекеттеседі:   2 Са + О2 = 2 СаО (кальций оксиді)  

2. Са + Вr2 = СаВr2 (кальций бромиді)

3. Са + 2 Н2О = Са(ОН)2 + Н2

(кальций гидроксиді)  

III. Олар қыздырғанда сутекпен, азотпен, күкіртпен, фосформен, көміртекпен және басқа бейметалдармен тотығады:

Са + Н2 = СаН2 (кальций гидриді);

3 Са + N2 = Са3N2 (кальций нитриді);

3Mg + N2 = Mg3N2 (магний нитриді);

Са + S = СаS (кальций сульфиді);

Mg + S = MgS (магний сульфиді);

3 Са + 2 Р = Са3Р2 (кальций фосфиді);  

3 Mg + 2 Р = Mg3Р2 (магний фосфиді);

Са + 2 С = СаС2 (кальций карбиді); 

Биологиялық рөлдері. 

Магнийдің ағзада жетіспеушілігі миокард инфарктына алып келеді. Оның қанда аз болу себебі – стресстің немесе шаршағандықтың белгісі. Ол үлкен адамға күніне 300-500 мг мөлшерде қажет. Кальций адам ағзасында өте кең таралған макроэлемент, ол көп мөлшерде қаңқада және тісте кездеседі. Оның үлкен адамға қажет мөлшері 800-1000 мг, ал жас балага 600-900 мг-да қажет. Кальцийдің сіңірілуіне аспирин, қымыздық қышқыл әсер етеді. Сондай-ақ ағзаның кальцийді сіңіруіне магний қажет екені көрсетілген.

Магний нанда, сүт, ет және басқа күнделікті тағамдарда аз болады. Құрамында көп мөлшерде кальций бар тағам ішу адамның өмір жасын ұзартатындығын швед ғалымдары зерттеген. Тістен басқа ол сүйекте болады.

Олар жемістер мен көкөністерде көптеп кездеседі.

Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті. Ал сүйекті қатайтуға аса қажет кальций, сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағамдар ірімшік, сүзбе, сырда мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызы да кальцийге бай. 
Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сыр немесе жарты литр сүт.

Қолданылуы 

Магнийдің берік және жеңіл құймаларын авиацияда және машина жасауда кеңінен қолданады. Магнийді шойынға қосқанда шойынның беріктігін және иілгіштігін едәір жоғарылатады.

Кальций құймаларын, жоғары сортты болат алу үшін пайдаланады. Кальций және қорғасын құймаларын подшипник өндіріснде қолданады.

Кальций мен магнийдің тотықсыздандырғыштық қасиеттерін өнеркәсіпте кейбір бағалы және сирек металдар алу үшін қолданады.

Кальций мен магний белсенді тотықсыздандырғыштар, бірақ сілтілік металдарға қарағанда кальцийдің белсенділігі аздау, ал магнийдің белсенділігі одан да төмен. Ca және Mg қосылыстары табиғатта кең таралған, олардың қатысуымен жер қыртысында көптеген процестер жүреді.

IV. Білімді пысықтау.

Сабаққа қатысып, дұрыс жауап беріп отырған топқа жұлдызша үлестіріліп отырылады.

1. Күш сынасу – «Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады». Бұл жарыста әр топқа  плакаттар мен маркер үлестіріледі.

1. Кальций тобына магнийдің физикалық, химиялық қасиеттеріне сипаттама.

2. Магний тобына кальцийдың физикалық, химиялық қасиеттеріне сипаттама.

3. Натрий тобына кальций мен магнийдің табиғатта таралуы мен биологиялық рөліне сипаттама.  

«Кім жылдам?» ойыны. Бұл ойында әрбір топқа химиялық қосылыстардың аттары жазыған парақ таратылады. Парақтағы заттардың аттарын тауып, жазып басқа топқа жасырыды.

«Кім тапқыр?» ойыны. Бұл ойынның шартында әр топқа бір-бір парақ беріледі, сол параққа кальций мен магний туралы білгендерін тез-тез жазып қасында отырған келесі студентке ұсынылып отырады. Жеребе таңдау арқылы жауап береді: 

Мұғалімнің таңдауы. 2. Сенім. 3. Делегат. 4. Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін.         

4. «Шешімін тап» есеп сайысы.  Әр топтан бір студент шығып есеп шығарады.

1- тапсырма:    

Теңдеуді шығар:     CаО + Н2О =…;     Мg + O2 = …;     Na2O + H2O=….        

Жауабы: :  CаО + Н2О = Ca(OH)2 ;   2Мg + O2 = 2MgO;   Na2O + H2O=2NaOH 

2- тапсырма: 

Мынадай айналымдардың реакция теңдеулерін жазыңдар: Са→СаО→Са(ОН)2→Са(NO3)

Жауабы:  

Ca + O2 = 2CaO;       CaO + H2O = Ca(OH)2;  

Ca(OH)2 + 2HNO3 = Ca(NO3)2+ 2H2O  

3- тапсырма:

Теңдеуді шығар:    MgO + H2O = ….;   MgO +HCI = …. + ….;     

Na2O + H2SO4 = Na2 SO4 + ….    

Жауабы:    MgO + H2O = Mg(OH)2;    MgO + 2HCI = MgCI2 + H2O;                          Na2O + H2SO4 = Na2SO4 + H2O                                                                                                                                «Ғажайып шеңбер». (егер уақыт артылып қалса)

Мұнда әр топ 2 минут ішінде мына төменде  келтірілген келесі суреттегі шеңберден элемент аттарын құрастыру керек. Қай топ  көп элемент аттарын тапса, сол топқа ұпай беріледі.

V. Сабақты қорытындылау

Білімді жинақтау.

Білімдерін бағалау  

VI. Үй тапсырмасы

§ 6.5  § 6.6  4-жаттығу  

Шығармашылық тапсырма:
«Менің өлкемнің байлығы» тақырыбына слайд, реферат дайындау. 

VII. Рефлексия  Кері байланыс, студенттердің жаңа сабақты қалай түсінгендері бойынша  стикерге «Бүгінгі сабақта не ұқтыңыздар? Cабақ сіздерге ұнады ма? Түсіндіңіздер ме?»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз