Эссе және өлең-жыр байқауы

Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу, дәрежеге шығару

Нұр-Сұлтан қаласы
№72 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі
Мукатаева Айгуль Мауытхановна

Сабақ жоспары

Пән аты: Алгебра      Сынып: 7

Оқулық авторлары: А.Е.Әбілқасымова, А.Абдиев, В.Е.Корчевский, З.Ә.Жұмағұлова. Алматы «Мектеп» 2017

Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу, дәрежеге шығару (3 сағат).

Сабақтың мақсаты: Рационал бөлшектерді көбейту, дәрежеге келтіру және бөлу алгоритмімен танысады. Бөлшектерге амалдар қолдану бойынша білімдері жетіледі. Өздігінен тақырыпты меңгеруге талпындыру. Топпен жұмыс істеу дағдылары дамиды. Өзін-өзі объективті тұрғыда бағалауға үйренеді.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы.

Сабақтың түрі: Топпен жұмыс.

Сабақ  барысы:

Уақыт

(мин)

Кезеңдер:

Мақсаты

Мұғалімнің әрекеті                    

Оқушылардың әрекеті

Сабақтағы көрнекіліктер

Қолданылатын модуль

4

Ұйымдастыру.

 

Оқушыларды сабаққа дайындау, сабақтың мақсат және міндеттерін анықтау.

Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды журналға белгілеу;сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Бағалау парағын үлестіру. Көңіл-күйлерін анықтау.

Орындарынан тұрып амандасады, кезекші оқушы сынып оқушыларының сабаққа қатысуы туралы мәлімет береді. Мұғалім таратқан карточкалар арқылы топтарға бөлінеді. Бағалау критерийлерімен танысады. Топқа бөлінгеннен кейінгі көңіл-күйлерін тақтадағы смайликтер арқылы білдіреді.

Өзін-өзі бағалау парақтары, үлестірмелі карточкалар, смайликтер, стикерлер.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

 

6

Өткенді еске түсіру.

 

Тақырыпты дұрыс және жете түсiнгендiктерін анықтау.

А)Үй жұмысын тексеру №480.

 

Ә)Интерактивті тақтада өткен тақырыпқа қатысты ӨЖ ашылады.

Уақыт біткен соң жауабы көрсетіледі.

А)көршісімен дәптерін ауысып тақтадағы жауаппен салыстырады.

Ә)Әр оқушы мұғалім таратқан парақтарға өзіндік жұмысты орындайды.

Әркім өз жұмысын тақтада көрсетілген жауаппен тексереді.

Интерактивті тақта, есептер жинағы, бағалау парағы.

АКТ. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

12

Жаңа оқу материалын таныту.

Хабарланатын ұғымдар, қасиеттердің бастысын ерекшелеу. Жетелеу сұрақтары арқылы тақырыпқа шығу.

-Қандай арифметикалық амалдарды білеміз?

-Өткен тақырып қалай аталады?

Ендеше, бүгінгі тақырып қалай аталуы мүмкін?

Тақырып мәтінімен жұмыс:

«Бүтін өрнек» тобы 1-мысалды, «Бөлшек өрнек» тобы 2-мысалды, «Рационал өрнек» 3-мысалды (133-бетте) талдайды.

 

Өз беттерімен тақырыпқа шығады, тақырыпты түсінуге тырысады.

 

 

 

Мұғалімнің көмегімен тақтаға орындайды.

Дәптерге жазып алады.

Оқулық, интербелсенді тақта, бағалау парағы.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

13

Бекіту.

Топпен жұмыс істеуге дағыдландыру. Оқулықпен жұмыс.

№376 (3,4,6, 135-бет)

№377 (1, 136-бет)

 

Дәптерге, тақтаға орындау.

Оқулық, интербелсенді тақта, бағалау парағы.

Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

5

Рефлексия.

 

Алған білімді қысқаша қорытындылау; есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

«Сәйкестендіру» әдісін қолданамын. Тақтадағы бірнеше теңдіктің бір бөлігін екінші бөлігімен сәйкестендіру.

Оқушылар интерактивті тақтада орындайды.

Интербелсенді тақта.

Сыни тұрғыдан ойлау. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

2

Үй тапсырмасы туралы мәлімет.

Үйге берілген тапсырма арқылы оқушылардың ББД-н дамыту, нығайту, жаңа ББД алуға дайындау.

Үйге берілген тапсырманы оқушылар интербелсенді тақтадан көшіріп жазады. 

№ 376 (1,2,5,7,8), 135-бет;

Ережелерді оқып келу.                                   

                      

Оқушылар үйге берілген тапсырманы күнделікке жазады.

 

Күнделік, интербелсенді тақта.

 

Талантты және дарынды балаларды оқыту.

3

 

 

 

 

Бақылау және оқушылардың өзін-өзі бақылауы.

Сабақты мақсатына жеткенін анықтау. Келешекке жоспар құру.

Мұғалім оқушылардың суммативті бағаларын шығарады.

 

Оқушылар формативті бағаларынан қорытынды бағаны есептеп айтады.

Бағалау критерийі, бағалау парағы.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...