Эссе және өлең-жыр байқауы

Келіңіздер балалар! Ойнаймыз – тоғызқұмалақ

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы                                       
Оқушылар шығармашылық үйі
«Алау» аула клубы
«Тоғызқұмалақ» үйірмесінің
Қосымша білім беру педагогі: Асавова Айгүл

Сілтеме                  

Үйірме

Тоғызқұмалақ

Өтетін орыны: «Алау» аула клубы           

Сабақтың тақырыбы

  Келіңіздер балалар! Ойнаймыз – тоғызқұмалақ

Жалпы мақсаттар

 - Оқушыларға ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып, негізгі шығу тарихын түсіндіру, логикалық ойлау қабілетін, математикалық амалдарды тез санау, ой-өрісін толық дамыту және оқушыларды ұйымшылдыққа, ұлттық қазынамыз тоғызқұмалақты дәріптеуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

-Ұлттық ойынның зерттелуіне, жасөспірім  ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойынын дамуына, зердегілік және зияткерлік даму  құралы ретінде қолдану. Басты мақсат- адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру. Мәні кез-келген жанның ақыл ойы шыңдап, ми қызметін дамытып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.

Сабақтың түрі, типі

Ойын-сауық сабақ

Әдіс-тәсілдер

 Сайыс, оқушы өнерлері, сұрақ-жауап

 Көрнекіліктер

  Тоғызқұмалақ тақтасы, құмалақтар, слайд

 Тапсырманың мазмұны

 Тоғызқұмалақ ойнау, тақпақтар,  шағын көрініс.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

 

 Кіріспе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардық тақпақтары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыдыр атаның бата беруі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тоғызқұмалақ сайысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларға математика, тоғызқұмалақ тақырыбында сұрақтар қою

Жеңімпаздарды марапаттау

Шағын көрініс

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

- Саламатсыздарма  балалар

 - Саламатсызба

- Біз бүгін үйірмемізде күнделікті сабағымыздан ерекше ойын-сауық сабақ өткізгелі отырмыз. Ойынды бастамас бұрын балалар сендердің білімдеріңді тексеретін азғана сұрақ қойсам деп тұрмын.

- Біз тоғызқұмалақ туралы білемізба?

- Ия

- Ол қандай ойын?

- Тоғызқұмалақ бабаларымыз сүйіп ойнаған, оның екі мың жыл тарихы бар ойын.

- Жарайсың

- Ойынның қалай ойналатынын білесіздерма?

- Ия, 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақ ойын барысында әр ойыншыға 1 қазан 9 отауға 9-9-дан  салынған 81 құмалақ тиеслі. Ойынды кім бірінші бастайтынын өзара келісім немесе жеребе арқылы анықтайды.

- Жарайсыңдар балалар

   Ендігі кезекті мен тоғызқұмалақты ойнап қана қоймай ол туралы тақпақ білетін балаларға кезек бергім келіп тұр.

1-оқушы

Тоғыз саны құмалақта киелі

Тақ пен жұптың айқасы бұл жүйелі

Осы ойынды ойнағанда еріксіз

Бар ынтамды ұяшыққа түйемін.

2-оқушы

Ебін тауып, алам тұздық құйылса,

Бар мақсатым, құмалақтар жиылса

Есептеймін екі жақтың тастарын

Қуанамын жеңісті сәт бұйырса.

3-оқушы

Тоғыз тағдыр, тоғыз тарау, ұяшық

Құмалақты азайтасың-жиясың

Жалғыз тастың қосылғаны абайсыз.

Жиғаныңды еріксізден қиясың.

4-оқушы

Қызық ойын, алгебрасы қойшының

Тақ пен жұптың арасында қайшылық

Мойындайсың, жеңіліс пен жеңісті

Зор ғылымның шындығына бойсұнып.

5-оқушы

Қателіксіз күн кешема сірә адам

Қарсыласың сені айла мен сынамақ

Байқаусызда тағдырыңды шешеді,

Бір қарынды шіріткен – бір құмалақ.

- Жарайсыңдар тақпақты өте керемет айттыңдар.

Енді мен сендерге тоғызқұмалақ ойынның қысқаша тарихын айтқым келіп тұр.

- Тоғызқұмалақ өткен ғасырда Қазақстан мен Орта Азиядағы ең кең тараған ойын болатын. Содан болар оны «көшпенділер алгебрасы»  немесе «қойшылар алгебрасы»деп атаған. Бұл ойынды ойы биік, есепке жүйрік тұлғалар, өрісте қойларын жусатып жүрген қойшылар ойнайтын болған. Талай ғасыр түркі халықтарының сүйікті ойыны болған тоғызқұмалақ еліміз тәуелсіздік алғалы қайта түледі. Тоғызқұмалақ Қауымдастығы құрылып, еліміздің түпкір-түпкірінде үйірмелер ашылды.

  Үйірмеміздің тапқыр да алғыр балаларымыздың ойынын тамашалаңыздар.

 (Үйірме оқушылары 2 оқушыдан бөлініп тоғызқұмалақ оынын бастап кетеді)

Қызықтырған есепшіні, ойлыны,

Бабалардың – бұл ежелгі ойыны.

Екі адамға тең бөлінген «мал-жайы»,

Ойнау үшін тақтасы бар арнайы.

Бар он сегіз ұясы оның –кіші отау,

Екі қазан үлкен келген –іші отау.

Бір жүз алпыс екі –барлық құмалақ,

Сексен бірден- екі ойыншы тұр қамап.

Әрқайсысының  сегіз ұя – «ойы» бал,

Әр ұяның дәл тоғыздан «қойы» бар.

Екі ойыншы – екі «қойшы» кезекпенен,

Түсіреді ұяға «қой» есеппен

Бір-бірінің ұясына айдайды,

«Қой-құмалақ», саны жіті аңдайды.

Ұяда қай жұп болса «қой»- құмалақ,

Бәрі қарсы қазанға кеп құламақ.

Солай талай қой қазанға кеп түседі,

Есепке оны екі қойшы тізеді.

Кімде –кімнің қазаны тез толады,-

Сол ойыншы ұтып шыққан болады.

Қызықтырған бүгінде де ойлыны,

Міне, осындай бабалардың ойыны.

Бұл ойын алғырлықты, тапқырлықты, есепшілдікті талап етеді.

- Оқушылар математика пәні мен тоғызқұмалақ ойынының байланысы барма?

- Оқушы: Ия байланысы бар, математика есеп-қисап, тұнған формулаларға толы, ал тоғызқұмалақ ойынында есепті тіпті жүрісті дәл алдын ала есептеп жүру аса маңызды болып келеді.

- Жарайсыңдар өте жақсы біледі екенсіңдер.

- Математика, сандар, формулалар не үшін қажет

- Оқушы: Біз бұл математиканы білмесек ештеңе білмейміз деген сөз, өйткені өмірде аса қажет. Қарапайым дүкеннен нан сатып алу үшін де қосу және алу амалын қолданамыз.

- Жарайсың.

Біз үшін бабалар мұрасы болған тоғызқұмалақ қаншалақты қымбат, қаншалықты маңызды екенін түсіндіңдерме оқушылар?

- Оқушылар: ия түсіндік

Ал міне тартысты тоғызқұмалақ сайысымыздың жеңімпаздарында анықтайтын сәтте келіп жетті.

(жеңімпаз оқушыларды марапаттау)

Береке бірлік болсын деп,

Би билейік жаңаша.

Күшейтіп бірлік, білімді,

Ән айтайық тамаша

Би: Ұлдардың орындауында қаражорға  би , қабыл алыңыздар

- Енді кезекті үйірме оқушыларының орындауында көрініске кезек береміз.

Бастаушы: - Әй қостаушы сен меннен мықтымын деп тұрсыңба? Барлық отауыңдағы құмалақты сыпырып аламын.

Қостаушы: - Ойынның ақыры бола қойған жоқ. Босқа мақтанып, дандайсыма.

Бастаушы: - Міне менде де тұздық пайда болды. Мен енді тұздық арқылы ұтамын.

Қостаушы: - «Тұздық» менде де болады көресің.

Бастаушы: - Қайта-қайта сенің құмалағың тақ сан бола береді. (аха-аха). Ұтылдым де одан да.

Қостаушы: - Өміріңде бір ұтып едің. Мәз болдың ғой.

Бастаушы: - Атсырадың досым, мойында. Бүкіл құмалағыңды ұтып алдым. Атсырау деген осы.

Қостаушы: - Достар, жеңіс бар жерде жеңіліс те бар. Мен ешқашан мойынсынбаймын. Бір күні сені жеңетінім анық. Ол үшін талмай еңбек етемін.

 

 - Оқушылар көріністен тоғызқұмалақта кездесетін қандай терминдер бар?

- Оқушы: бастаушы, қостаушы, тұздық, атсырау, құмалақ, отау.

- Жарайсың өте дұрс

 

Міне бүгін біз «Келіңіздер балалар! Ойнаймыз тоғызқұмалақ» атты ойын – сауық сабағымыз аяқталып келеді. Сендер бүгін барлықтарың өте белсені, ең бастысы көтеріңкі көңіл күймен қатыстыңдар. Мен сіздерге балалар шын жүректен алғыс айтамын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар белсенді жауап берді

 

Оқушылардың өнері

 Қортынды

 Бүгінгі ойын-сауық сағатымыз аяқталды, көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз