Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

«Үздік информатиктер» сайысы

Тақырыбы: «Үздік информатиктер» сайысы

Мақсаты: 

1.Алған білімін пысықтау,информатика тарихынан алған білімдерін кеңейту, әртүрлі қызықты сұрақтар қою арқылы оқушылардың білімін жетілдіру;
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,ізденуін, танымдық деңгейін жоғарылау;
3. Оқушылардың өздігінен оқуға үйренуін, логикалық ойлауын, ортақ іске деген жауапкершілік сезімдеріне тәрбиелеу.

Түрі: Сабақтан тыс іс – шара (сайыс)

Үйге тапсырма: Әр топ өздерін таныстыру үшін  атын, эмблемасын, сәлемдесуін және қарсы топқа қоятын 4-5 жұмбақты алдын-ала дайындайды.

Көрнекіліктер: Плакаттар, шарлар.

Жоспары:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Сайыс кезеңдері:

1.    «Сәлем сөздің анасы» топтардың таныстыруы.
2.    «Кім білгір» сайысы.
3.    «Сен маған, мен саған»  жұмбақ сайыс.
4.    «Ия немесе жоқ» капитандар сайысы.
5.    «Тапқыр болсаң шешіп көр» сайысы.

ІІІ. Қорытындылау.

Барысы:
І. Ұйымдастыру.

Құрметті ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!  Сіздермен бірлесе отырып , «Үздік информатиктер» атты білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі «Үздік информатиктер» сайысына 2 команда қатысады. Сайысымыздың 5 кезеңі болады:

1.    «Сәлем сөздің-анасы» топтардың таныстыруы
2.    «Кім білгір» сайысы
3.    «Сен маған, мен саған»  жұмбақ сайыс
4.    «Ия немесе жоқ» капитандар сайысы
5.    «Тапқыр болсаң шешіп көр» сайысы

 Командаларға ескерту: егерде кімде-кім сайыстың шартын бұзса мынадай үшбұрыш беріледі. Ол команданың ұпайы 1 балға кемігенін білдіреді.
І-тур. «Сәлем сөздің -  анасы». Бұл  турда  әр топ өздерін  таныстырып өтеді.

        Демеймін заман сөздері
        Түбі бүгін өзгерді
        Бағыңды сынап сайыста
        Көрінетін  кез келді – дей отырып, кезекті таныстыруға береміз.

Оқушыларға сәттілік тілеп, «Тартысайық сайыста, күш жігермен,
Тартысайық қимас біз дос көңілмен»-дей отырып, ІІ-турды бастаймыз. ІІ-тур  «Кім  білгір?» деп аталады.  Екі топқа 20 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа  5 ұпайдан беріледі.

Сұрақтар:

1.  Баспа  құрылғысы (принтер)
2.  Компьютер теледидары (монитор)
3.  Үлкен темір қорап (жүйелік блок)
4.  Функционалдық пернелер (Ғ1-Ғ12)
5.  Зиянкес бағдарлама (вирус)
6.  Алғашқы есептеу құрылғысы (саусақ)
7.  Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат)
8.  Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика)
9.  Информатика өлшем бірлігі (бит, байт)
10.  Сурет салуға арналған бағдарлама (пайнт)
11.  Компьютердің миы     (процессор)
12.  Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия)
13.  Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан)
14.  Мәтіндік редактор (Ворд)
15.  Дыбыс зорайтқыш қорап (колонка)
16.  Мәлімет енгізу құрылғысы (пернетақта)
17.  1 Гбайт неге тең (1024 Мбайт)
18.  Бүкіләлемдік желі  (интернет)
19.  Вирусты жоятын программа (антивирус)
20.  Өшірілген файлдар қай папкіде сақталады (себетте)

ІІІ-тур. «Білекке сенген заманда, ешкімге есе бермейік,
              «Білімге сенер заманда, қапы қалып жүрмейік»- деген Абылайханның ойлы сөзімен келесі кезеңімізге көшейік.  «Сен маған, мен саған» сайысы.  Бұл турда  топтар бір-біріне  информатика пәні бойынша жұмбақтар дайындап келуі керек. Командалар дайын болса жұмбақтарын қойсын. Ал жауабын білетін екінші топ жалаушасын көтерсін. (Әр топ 4 жұмбақтан оқиды).    
ІҮ-тур. «Ия  немесе жоқ». Капитандар сайысы.  Сайыс шарты бойынша команда капитандары ортаға шығады. Топ басшыларының әрқайсысына 10 сұрақтан қойылады, әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

Интернет тобының капитаны:

1.  Пернетақтада абзацтан енгізу пернесі Caps Lock болып табыла ма?
2.  Enter пернесі шрифтерді бас әріпке ауыстыра ма?
3.  Буып –түйілген файл архив деп атала ма?
4.  «Информатика» ғылымы ақпараттық процестерді зерттей ма?
5.  «Іске қосу» батырмасын басқанда бас меню ашыла ма?
6.  Қазіргі есептеу құрылғысына саусақ жатады ма?
7.  Windows сөзі қазақша «терезе» деп айтыла ма?
8.  Сканер шығару құрылғысына жатады ма?
9.  Өшірілген құжаттарды себеттен қарауға бола ма?
10.  Информатиканың өлшем бірлігіне бит жата ма?

Компьютер тобының капитаны:

1.  Жалпы желіге қосылу үшін модем қажет па?
2.  Монитор ақпаратты енгізу құрылғысына жата ма?
3.  Сақталған құжаттарды себеттен қарауға бола ма?
4.  Вирусқа қарсы бағдарлама антивирус деп атала ма?
5.  Компьютер алғашқы есептеу құрылғысына жатады ма?
6.  Монитор адам денсаулығына зиянды құрылғы  ма?
7.  Принтер қағаз шығару құрылғысына жата ма?
8.  Әл-Хорезми атынан алгоритм сөзінің шыққаны рас па?
9.  Тав пернесі бас әріпке ауыстыра ма?
10.  Функционалдық пернеге 12 перне жатады ма?

Ү-тур. Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма.
Мәреге таяп қалды бұл жарыс та- демекші, «Тапқыр болсаң, шешіп  көр» сайысын  бастайық.
1.  Автобуста 4 жолаушы бар. 1 аялдамадан 2 жолаушы мінді,2-ші аялдамадан 1-еуі түсіп 3-еуі мінді, келесі аялдамадан 4-еуі мініп 2-еуі түсті, келесіден 3-еуі мініп  1-еуі түсті, сонан соң 5-еуі түсіп 4-еуі мінді.Автобус неше аялдама жүрді.
2.  Мұраттың 10 қойы бар. Тоғызынан басқасы өліп қалды. Қанша қойы қалды?
3.  Әдетте ай 30 немесе 31 сандарынан аяқталады. Қай айда 28 саны бар?
4.  Таяқты 12 бөлікке бөлу үшін, неше рет кесу керек?
5.  Екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге,көбейтіндісі  15 –ке тең.Олар қандай сандар?
6.  Қаз неге судан құрғақ шығады?

ІІІ. Қорытындылау.    

    Осымен бұл қызықты тәмамдасақ,
    Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ
    Үйрендік білмегенді осы жолы
    Тағы да үйренеміз аман болсақ-дей келе, жеңімпазды анықтап, марапаттау.Сонымен біз бүгін информатика пәні бойынша «Үздік информатиктер» сайысын өткізіп,  сайысқа қатысқан командаларға рахметімізді айтамыз.


Пікірлер (1)

kz2015

Рахмет

Пікір қалдырыңыз