Өлең, жыр, ақындар

Шаттыққа толы жүрекпен

Қызылорда қаласы

№212 мектеп-гимназиясының

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

 Садықова Шаттық Жанділдақызы

 

Сабақтың тақырыбы: Шатыққа толы жүрекпен

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету

Дамытушылық мақсаты: өзіне деген сенімділігін арттыру;

Тәрбиелік мақсаты: өзін және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.
  2. Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар. Өздеріңнің тыныстарыңды бақылап, бақытқа махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.ал енді көздеріңді ашыңдар.
  3. Үй тапсырмасын тексеру.
  4. Дәйексөз.

Өмірді тану – өзіңді танудан басталады.   (Халық даналығы)

  1. Әңгімелесу (сұхбат)

Сабақ тақырыбын таныстыру мақсатында әңгімелесу ұйымдастырылады.

 ·     Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?

·     Өзіңе, өзгеге, табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?

·     Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсың?

Өзін-өзі тану сабақтары арқылы адам өзін, басқа адамдарды және қоршаған ортаны тани алады. Сабақта сүйіспеншілік, отбасы, жақсылық, достық, ба­қыт, білім сияқты ең асыл құндылықтармен танысады.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Дәптердің беттері ақ,

Сендердің көңілдерің пәк!

Сыйлығым бәріңе бүгінгі,

Әкелсін қуаныш,бақ! – деп өлең жолдарын сендерге жолдаған Данышпан атаның суретін бояйық.

  1. Топпен ән айту. Өзіңді  тану

Жақсы болу – өзіңнен,

Жаман болу – өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзіңнен үйрен, өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын? – деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

Мен қандаймын? – деп ойла.

  1. Үй тапсырмасы.

Табиғат аясын өздеріңе ұнайтын түспен бояңдар.

  1. Соңғы тыныштық сәті.
  2. Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар. Өздеріңнің тыныстарыңды бақылап, бақытқа махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.ал енді көздеріңді ашыңдар.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер