http://a-brands.kz/

5-ке көбейту және бөлу кестесі

Тақырыбы:  5-ке көбейту және бөлу кестесі.

Мақсаты:  5-ке көбейту және бөлу кестесін ұғындыру, ауызша есептеуін жетілдіру.

Міндеттері:

1. Есепшығару, амалдардыңорындалуретінпысықтау, қалдықпенбөлудіорындау.

2. Ой-өрісіндамыта отырып, пәнге деген қызығушылықтарын, таным - белсенділіктерін арттыру, ойлау  қабілеттерін дамыту.

3. Белсенділікке, мейірімділікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  білімді тексеру және бағалау.

Оқыту әдісі:саяхат сабақ «Күзгі орманға саяхат».

Көрнекіліктер:Күз мезгілін суреті, аңдардың суреті, карточкалар, ойындар, тест, оқулық.

 

Сабақтыңбарысы:

  1. Вводно-мотивационная часть.
  2. Психологиялықикем.

Қайырлы күн, достар!

Бүгінгі күн, міне

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кіл бестіктер болсын!

 

  1. Оқушылар бүгін біз математика сабағында күзгі орман саяхатына шығамыз. Күзгі саяхатында аңдардың, жануарлардың тапсырмаларын орындаймыз. Аңдардың сендерге сыйлықтары бар, ол үшін сабақта жақсы қатысу керек.
  2. Айтыңдаршы қазір қай мезгіл?

-Демек, біз бүгін «Күзгі орманда саяхат» сабағын өтеміз.

-Күз айларын атаңдаршы?

-Орманда қандай аңдар мен жануарлар қалыпты?

-Қысқы дайындығы қандай екенің байқайық

-         Кәне, орманда не бар екен?

 

Ауызша есеп.

-         Аю бар екен. Аю тәттілерді жеп семіреді де, апанына жапырақтарды төсеп, ұйқыға дайындалады.

                                          Ормандағы аюдың,

                                          Құлпынайы көп екен.

                                          Теріп, теріп алайық,

                                          Қалтамызға салайық.

-   Қане, балалар, құлпынайын терісіп жіберейік.

 

2*3                          4*5                    20:2

  1.  
  2.  
  3.  

5. Қатармен жумыс: Есептерді салыстыр.

1) Дүкенге бірдей 3 жәшікпен жидек әкелінді. Бір жәшіктің массасы 8кг. Дүкенге неше килограмм жидек әкелінді?

      -неше килограмм жидек әкелінді?

2) Дүкенге жәшіктермен 24 кг. Жидек әкелінді.

Бір жәшіктің массасы 8кг. Дүкенге неше жәшік жидек әкелінді?

 

3) Дүкенге әкелінген бірдей 3 жәшік жидектің массасы 24кг. 1 жәшік жидектің массасы қандай?

Заттың массасы                      Заттар саны                Жалпы массасы

5 кг                                       7                                       ?

6. Математикалық диктант (Жауабын ғана жазу).

  • 36 мен 58 қосындысының мәнін тап.                                                
  •       ( 36+58= 94)
  • 90 мен 25 айырмасының мәнін тап.                                                       
  •  (90-25 = 65)
  • Бірінші қосылғыш  23, екінші қосылғыш 57. Қосындының мәнін тап.(23+57= 80)
  • Азайғыш 74, азайтқыш 37. Айырманың мәнін тап.                             
  •    (74-37= 37)
  • 69 бен 13 қосындысының мәнін тап.                                                       
  • (69+ 13= 82)
  • 60 пен 28 айырмасының мәнін тап.                                                     
  •     ( 60-28= 32)
  • 45 санын 17 арттыр                                                                                
  •     (45+17= 62)
  • 54 санын 25 кеміт.                                                                                    
  •   ( 54-25= 29)

 

III. Негізгі бөлімі.

 

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.
  • Енді балалар, дәптерлеріңді ашып, күннің жадын жазып, бүгінгі жаңа тақырыпты жазып қойыңдар.

(тақтаға жаңа тақырыпты жазамын.)

  • Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз «5 – ке көбейту және бөлу кестесі.»

Кітаппен жұмыс.

  • Балалар, №1 есепке қарайықшы. Мұнда 5-ке көбейтулерді қарастырайық.Көбейтінділердің мәндері қалай табылған?
  • Иә,дұрыс айтасыңдар.Қосу амалдары арқылы табылған. Яғни, 5-ті 5-ке көбейту дегеніміз – 5-ті 5-ке 5 рет қосу.
  • Теңдіктің оң және сол жақтарын салыстырайықшы.Қандай айырмашылығы бар екен?
  • Дұрыс, оң жақта 5-ке көбейту кестесі, ал сол жақта сол көбейтулердің қосу амалдары берілген. Бірақ екеуінің мәндері бірдей. Себебі, сол жақ теңдіктегі амалдар, оң жақ теңдіктегі көбейтудің қалай орындалатынын көрсеткен.
  •  Ал енді, неге әрбір келесі жолдағы өрнектің мәні алдыңғы жолдағы өрнектің мәнінен 5-ке артық?
  • Дұрыс айтасыңдар, себебі 5-ті 5-ке көбейту үшін, 5-ті 5-ке 5 рет қосу керек. 5-ті 6-ға көбейту үшін, 5-ті 5-ке 6 рет қосу қажет.
  • Ал,енді №2 есепке назар аударайық. Мұнда 5-ке көбейту кестесі қалай құрылғанын қарайық.

6·5=5·6

7·5=5·7

8·5=5·8

9·5=5·9

 - Дұрыс, мұнда тек қана орындары ауыстырылған. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан, көбейтінділердің мәні өзгермейді.

  - Ал енді балалар, №3 тапсырмада бізге 5-ке көбейту кестесін аяқта деп жазылған.

(Оқушылар тапсырмадағы 5-ке көбейту кестесін аяқтайды.)

 

Тақтамен жұмыс.

  • Ал, енді бәріміз №4 қарастыру үшін тақтаға қарайық. Тақтада 5-ке көбейту кестесі мен 5-ке бөлу кестесі жазылған.

(№1 слайдқа назар аудару.)

  • Балалар, неге 25:5=5 ?
  • Дұрыс айтасыңдар. Себебі, 5·5=25.т.б.
  • №5 орындаймыз.

5*6=30   5*5=25   30:5=6   35:7=5

Балалар   мынау қандай жануар туралы айтылады?

Өзінше ноян

Қорқақ не?     (Қоян)

Қоян сәбіз жегім келіптұр дейді?

Сәбіз жинап берейік

Кім сәбіз жинасады?

Сіздерге 102 беттегі №8 тапсырманың есептерің шығару.

Қайталау. Топпен жұмыс

1 жол – 1 катар.

656-98=558       (354+636)-920=70           40*7-40*5=80

656                      1) 354         2) 990             1) 40*7 = 280

  98  636 920             2) 40*5 = 200

558                           990                70             3) 280 – 200 = 80

2 жол – 2 катар.

306+87=393      720-(384+216)=120         70*3+70*2=350

306                      1) 384        2) 720              1) 70*3 = 210

  87216 600              2) 70*2 = 140

393                           600             120              3) 210 + 140 = 350

3 жол – 3 катар.

300:100=3         90*10-756=144                80*3+30*2=300

  1. 90 * 10 = 900               1) 80*3 = 240
  2. 900                                 2) 30*2 = 60

756                                 3) 240 + 60 = 300

                                144

Сергіту сәті?

Қандай жануар туралы айтылған?

Туғаннан жаңғақ жеп жетілген,

Бұтақтан – бұтаққа секірген

Бұл не?                        (тиін)

Аңдар шаршап саяжайға барады, онда орындықтар керек екен.

Біз көмектесу керекпіз орындықтарды орнатуға, сөз есеп шығарып.

Сөз есеп шығару: 103бет, №10(1)

Сөз есепті оқимыз.

Не туралы айтылған?

Не белгісіз?

Не белгілі?

Қандай сұрақ қойылған?

Неше амалмен шығарамыз?

 

Түске дейін- 6 орындық

Түстен кейін- 4 орындық

Әр орындыққа- 2 шұңқыр

Шұңқыр-?

1)6+4=10(о)                             (6+4)*2=20

2)10*2=20(ш)

Жауабы: 20 шұңқыр қазылды.

Сөз есеп: 103бет, №10(2)

Сөз есепті оқимыз.

Не туралы айтылған?

Не белгісіз?

Не белгілі?

Қандай сұрақ қойылған?

Неше амалмен шығарамыз?

 

Жұлдызгүл 5 қатар- 10гүл

Күзгүл- 42гүл

Барлығы- ?

1)5*10=50(г)

2)50+42=92(г)

Жауабы: 92 гүл өсіп турды

 

Мынау қандай жануар туралы айтылған?

Арқалағаны мың садақ, іздегені бір тамақ.   (кірпі)

№12 ауызша.

Қандай фигура қиылысады?

-тік төртбұрыш пен бұрыш

- шеңбер мен қисық сызық.

-шаршы мен тік төртбұрыш.

Жазады.

1к=1см                       Р=1см+1см+1см+1см=4см

Р-?                              Р=1см*4см=4см

Теңдеу шешу

-Демек, орман жанындағы көлде балық та бар екен.

Енді, «Балық аулау» ойынын ойнайық. Балықтарсуреті.

45:а=5           хх5=25                                      а : 8=5

а=45:5           х=25:5 а=5 * 8

а=9                 х=5                                           а=40

45:9=5           5х5=25                                     40:8=5

 

  • №6.

(«Алтын балық» ойынын ойнату арқылы орындау.№2 слайдқа назар аудару.)

    Өрнектер құр және олардың мәндерін тап.

5·6=30              10:5=2

5·4=20              20:5=4

5·3=15              15:5=3

5·8=40              30:5=6

  •  

 

 

 

№11

Қалдықпенбөлудіорындажәнетексер Деление с остатком по презентации

6:5=1(1қ)        1*5+1=6      8:5=1(3қ)      1*5+3=8

7:5=1(2қ)        1*5+2=7      9:5=1(4қ)      1*5+4=9

12:5=2(2қ)      2*5+2=12    11:5=2(1қ)    2*5+1=11

9. Қайталау.

№12  Р=0,5см+0,5см+0,5см+0,5см=2см

№13    45:5>2+5                  35:5-2*3>9-9

            30:5<40:5-1              25:5+6>8*1

 

Миға шабуыл: Топ-топ ойыны
• Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? (5)
• Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады?(2 кг)
• Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты?(4)
• Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды(1)

10. Рефлексия:

5 асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат рақым.

2) Ал, 5 нәрседен қашық бол дейді Абай атамыз. Олар нелер?

5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.

3)- Ертеде ата-бабаларымыз еркіндікті, тәуелсіздікті аңсаған. Биыл тәуелсіздік мерекесінің неше жылдығын тойлағалы жатырмыз? (21). Ертеде батырларымыз елімізді қорғаған. Батырлардан кімді білесіңдер? Ата-бабаларымыз ер жігітте 5 қару болу керек деп санаған. Ендеше, ерте заманда батырлар қандай қару асынған?

5 қару: садақ(кейіннен мылтық), найза, қылыш, шоқпар, айбалта.

4) Қазақ халқының ұлы адамдары көп болған. Кейбіреуін өзіміз білеміз, шығармаларымен таныспыз. Ал мына 5 адамды қазақтың 5 арысы деп атайды. Олар тәуелсіздікті аңсап, күрескен, қазақтың тілін, салт-дәстүрін сақтауға өз үлестерін қосқан.

5арыс: Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов.

5) Мұсылман халықтарының ұстанатын 5 парызы:

5парыз: зікір салу, намаз оқу , садақа беру, ораза ұстау, қажылыққа бару.

Ал енді өз сыныбымызға оралайық

Біз қайда саяхатқа шықтық?

Қандай аңдармен, жануарлармен кездестік?

Балаларды мадақтап, еңбектерін бағалау.
 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)