Эссе және өлең-жыр байқауы

2 цифры және санымен танысу. Қысқа, ұзын. Сопақша (өзге фигуралардың арасынан табу)

Атырау облысы,  Исатай ауданы,  Исатай ауылы

"Балбөбек" балабақшасының тәрбиешісі

Махмутова Гүлжазира Сиражеденқызы

ІІ санатты тәрбиеші

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математика.

Тақырыбы: 2 цифры және санымен танысу. Қысқа, ұзын. Сопақша (өзге фигуралардың арасынан табу)

Мақсаты: 2 саны және цифрымен таныстыру: 2 цифрын жазып үйрену, «кеше», «бүгін», «ертең», түсініктерін айыра білуге үйрету: «алыс», «жақын» түсініктерін айыра білуге үйрету.

Көрнекілігі: Суреттер, геометриялық пішіндер,сан, қысқа, ұзын заттар, сопақша пішінді суреттер.

Қолданылатын әдіс – тәсілдері: жұмбақтар шешу. Цифр таңбасымен танысу, сұрақ – жауап.

Сөздік жұмыс: 2 саны, сопақша, ұзын-қысқа.

Билингвальды компонент: екі-два, цифр-сан.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы-лық

Педагог балаларды жылулық  шеңберіне  жинайды.                                    Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, бірге  қайталайық.    Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Өткен  оқу іс-әрекетін қайталау. 
1 санын қайталайды. Суреттер арқылы   қияр -1, қызынақ, баялды, кәді, тәтті бұрыш)

Ой қозғау. Санамақ жасыру.

Далада жүрген  сиырдың,

Іші пысты, жалықты.

1 сиыр келіп  қасына,

Қатары оның толықты.                                                      

Далада неше сиыр жайылды?  

Балалар педагогтің ұсынысын  тыңдады.

 

 

 

 

 

 

1 саны және цифры

 

 

2 сиыр жайылды.

 

 

 

Ұйымдас-тырушы-іздестіру

 

 

 

Бүгінгі оқу іс-әрекетінде «2  цифры  және   санымен   танысу.   
 Қысқа ,  ұзын .  Сопақша    (өзге   фигуралардың     арасынан  табу)  тақырыбымен танысамыз. Фигуралардың  арасынан  сопақша пішінді,   ұзын-қысқа  заттарды жинақтау. «Флипчарт»  қолдану.
Мына үй жануарларының ішінен  қай жануар екеу болып тұрғанын айтамыз. Қой -2, шошқа-2  т.б.
Педагог жұмбақ- өлең оқиды;
Басында бар ілмегі,
Ортасында тірегі. 
Толқып қанша жүрсе де, 
Тұрады  екінші  үнемі  «2 саны» Суреттерге қарап сұраққа жауап береді.

2 затты  топтастыру

Жұмыс дәптеріндегі №1 тапсырманы орындатады.

«Басқа  цифрдың ішінен 2  цифрын қызылмен, 1 цифрын  көк түспен  қоршау»

 

Ойын:  «Кім көп біледі?» 1 және 2 сандарына байланысты заттарды топтастыру.  Сопақша  пішінді заттарды табу.  Жұмыс дәптер №2 тапсырма. 2 цифрын  табу.

 

Ойын: «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Сандардың ішінен  2 санын табады, қызыл түспен белгілейді.

 

Сергіту  сәті «Санамақ»  орындатады.  Бейнеролик  «Әли мен Айя»- Санамақ - YouTube[via torchbrowser.com]

Біз ботақан екеуміз,

Есептеуге бекенбіз.

Ақтөс келіп қосылса,

Үшеу болып кетеміз.

Бір ауылда бірге  өскен,

Бар  қызықты  бір  кешкен.

Көжек ,бота, Аянмен,

Біз нешеуміз Ақтөспен.

 

 

Жұмыс дәптер  № 3  тапсырманы орындатады.

Жеке жұмыс жүргізеді.

Сөздік жұмыс:  2 саны, сопақша, ұзын-қысқа. 

Билингвальды компонент:  сан-цифр, екі- два

 2 цифрын жазып үйрену              

Жаңа оқу іс-әрекетін түсінді.

 

 

Берілген тапсыр

маны орындады.

 

 

 

 

 

 

2 санын қорша

ды.

 

 

 

Заттарды

топтастырды.

Ойынға қатысты.

 

 

 

Тапсырманы орындады.      

 

 

 

 

 

 

Қимыл жасады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайталады.           

Рефлексивті-   коррекциялаушы

-оқу іс-әрекетінде өзін –өзі бағалау, және атқарған жұмысқа баға беру. Педагог балаларды мадақтайды.

-Біз қандай цифрмен таныстық?

Балалар өздері жасаған жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырды.        2 цифрымен танысты.

Күтілетін нәтиже:                                                                                                                                       
біледі:  2 цифрын, сопақшаны игереді: өзге   цифрдың  арасынан 2 цифрын табуды, сұрақтарға жауап беруді, өзіне таныс заттарды көлеміне, ұзындығына қарай салыстыра  білуді: меңгереді: сопақша туралы түсінікті, соған ұқсас пішіндегі заттарды таба білуді.

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз