Өлең, жыр, ақындар

Даярлықпен қошатсу

Даярлықпен қошатсу

Мақсаты: Балалардың даярлық сыныпта болған кездегі қызықты күндерін еске салу. Жиған тәрбиесі мен алған білімдерін ашып көрсету. Балалардың ер жеткендерін түсінуіне ықпал жасау. Мерекелік көңіл – күй сыйлау.

Зал мерекеге сай безендірілген. Көңілді әуен естіліп тұрады.

Жүргізуші:
- Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, 1-сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді балақайларымыз мектепалды даярлықпен қоштасқалы отыр. Мектепалды даярлықты бітіруші түлектерді қошеметпен ортаға шақырайық.
Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа енді жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер!
Айналайын балалар,
Алда Мектеп-Ана бар,
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді біз бастайық.
Жүздеріңде көркем шаттық арайы
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
 

Ән «Әнұран» қабыл алыңыздар.

 

Жалқаубек жүгіріп келеді. Балалар Жалқаубекті қоршап, «Жалқаубек» әнін орындайды.
Жалқаубек: -Балалар, ойын ойнайықшы. Мен жалғыз өзім ішім пысып, сендерді іздеп келдім. Міне, менде көп ойыншық бар. Келіңдер,ойнайық.
Балалар Жалқаубекке бұл ісінің дұрыс емес екенін, өздерінің мектепке баратындарын айтады.
Мұғалім: - Қане, олай болса, Жалқаубекті апайымызға тапсырайық. Ал, біз Жалқаубек жуынып, тазаланып келгенше ән айтайық.

Жүгіріп оқушы келеді. Қатарласа Жалқаубек келеді.
Оқушы: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен, сендерге біраз тапсырма әкелдім.Оны сендерге ӘЛІППЕ мен МАТЕМАТИКА жіберді. Сендерге қандай ақылды, тәртіпті бала екендеріңді келген қонақтарға көрсетулеріңді сұрады. Жолда Жалқаубекті көріп оны да ала келдім. Ол да мектепке барғысы келеді екен.Енді ойнамаймын сабақ оқимын дейді.

Жүргізуші: Балалар онда өз білімімізді көрсетіп көрейік.
Жүргізуші: - Балалар, осы мектепалды даярлықта әр күндерің қызықты өтуін қадағалап отырған апайларыңа арнаған тілектеріңді, әндеріңді, билеріңді ортаға паш етіңдер!

 

Шайдуллаева Аминаның орындауында би тамашалаңыздар
 

Тауасар:

Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Үлкен болып өссек те,
Даярлықты қимаймыз.  
Сұлубай:

Қымбатты ұстаз, қадірлі тәрбиешім

Аямаған біз үшін тәрбиесін

Білімнің нәрін салып балаларға

Оятқан ақыл-ойын, жан –жүйесін

Жайдар:

Күннің нұры шуақты

Сергітеді денемді

Құрдастарым сияқты

Оқушымын мен енді.

Алтайхан:

 Адамдықтың бастауын
Өзіңнен алып барамыз,
Даярлық сынып енді біз
Қоштасамыз сізбенен
Ашып мектеп есігін
Мінеміз білім кемеге.  

Даярлық сынып қош енді,
Әр кез аман бол дейміз.
Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Даярлықпен қоштасып,
Біріншіге барамыз.  

Аида

Көреміз көзіңізден мейірімді,

Сеземіз анамыздың алақанын

Қыран ана секілді күтіп, баптап,

Ұшырған ұясынан балапанын

Айтамыз апай сізге көп-көп алғыс,

Қашанда қасыңыздан табылармыз.

«Даярлық – бар білімнің негізі» деп,

Біз сізді әрқашанда сағынамыз.
 

Аблайхан:

Талай-талай баспалдақты аттармыз,
Ата-ананың үмітінде ақтармыз.
Апай сізден алған ақылды
Есімізде өмір-бақи сақтармыз.
Хор «Біз мектепке барамыз»

Амина:

Мектепте тәтті нәрсе білім дейді

Білім оңай уысқа ілінбейді

«Оқы, жаз» деген сөзін ұғып алсаң,

Ұстазың да жайраңдап күлімдейді.

Мадияр:

Біз балауса баламыз

Жетілді ой- санамыз

Даярлықпен қоштасып,

Біріншіге барамыз

 

Дильназ:

Ұстазым үйретуден зерікпеген

Талай шәкірт өзіңе еліктеген

Жақсылыққа жетелеген анадай

Өзіңізге еркелеп еріп келем
Елжас:

Даярлықтағы күндерді
Есімізде сақтаймыз.
Апайдың бізге сіңірген
Еңбегін де ақтаймыз.

Еркеназ:

Біз мектепке барамыз
Қолға қалам аламыз
Кітапты да оқимыз,
Суретті де саламыз.
Үлкендердей тап – таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана.  

Қарақат:

Мектепке енді барамыз,
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз
Апайға келіп тұрамыз.
Мансур:

Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз.  

Мөлдір

Баулып, баптап өсірген,
Балалық істі кешірген
Тәрбиелік сөздерді
Есімізде сақтаймыз.

«Сәруәр» ертегісінен сахналық көрініс.

 

Ән «Балдырған»

 

Ия жоқ ойыны

 

  1. Мектепке біз барамыз ба?
  2. Кілең бестік аламыз ба?
  3. Айтқан тілді аламыз ба?
  4. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
  5. Ақылды бала боламыз ба?
  6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
  7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
  8. Екілік баға аламызба?
  9. Мұғалімді тыңдаймыз ба?
  10. Біз оқушы боламыз ба?

 

  1. балаңызға әрқашан тірек боласыз ба?
  2. Сабақ оқып, есепке жүйріксіз бе?
  3. балаңыздың тамағын уақытылы бересіз бе?
  4. Сериал көріп жатасыз ба?
  5. Ұрып , нұқып үйретуге барасыз ба?
  6. Шыдамды болуға дайынсыз ба?
  7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген сөзді айтасыз ба?
  8. Сен оқыт, мен оқыт шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
  9. Мұғалім айта береді деп балаға айтасыз ба?
  10. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
  11. Бала үшін асулардан асасыз ба?

 

Міне осындай жақсы ата – аналлар ғана баласына әрдайым тірек болып, қолдау көрсетеді.

 


Би: «Ертегілер әлемі»

Жүргізуші: - Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін, балалар. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер!

 

 

Мына сөздерді буынға бөліңдер:

Терезе, парта орындық, оқушы, кітап.

 

А әріпінен басталатын сөздер айтыңдар

 

Р әріпінен басталатын сөздер айтыңдар

 

1-ден 10-ға дейін және кері саныңдар

 

8 көппе 4 көппе

3 көппе 4 көппе

6 көппе 9 көппе

1 көппе 3 көппе

5 көппе 2 көппе

 

Рахмет балалар, сендер әліппенің тапсырмасын орындадыңдар!


Пікірлер (2)

ғазиза

жақсы ұнады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз