Өлең, жыр, ақындар

Гүлзарлар

Қызылорда облысы

Қармақшы аудандық оқушылар үйінің

«Гүлдер» үйірмесінң  жетекшісі

Зұлпыхарова Майра Нұралханқызы

                                                                                                            

Аудандық  оқушылар үйіндегі  «Гүлдер» үйірмесінің  ұйымдастыруымен  «Гүлзарлар» тақырыбындағы сайыстың

Жоспары:

Сайыстың мақсаты:
Адам өміріндегі құндылықтарға назар аударта отырып, қыз баланы гүлге теңеу арқылы оқушылардың білімін толықтыру, әдемілікке жан - жақты болуға баулу. Гүл туралы мағлұматтарды көбірек білуге ықпал жасау.
Гүлдер үйірмесінен  алған білімдері мен тәжірибелерін өздерінің сөз өнерімен ұштастыра отырып білімдерінің және қабілеттерінің дамуына ықпал жасау, шеберліктерін арттыру шыдамдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі : Сайыс сабақ

Көрнекілігі: Интер белсенді тақта , слайдар, гүл суреттері, бағалау парақтары, сурет салу тақтасы, түрлі- түсті қарандаштар, боямақтар, ертегі кітаптар.

 

Сайыстың өтілу барысы:

І.Кіріспе бөлім

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Әділ –қазылар алқасымен таныстыру

 

 ІІ.Негізгі бөлім

Сайыстың кезеңдерімен  таныстыру.

1.Таныстыру (Сайысқа қатысушы оқушылар өздерін таныстырады)

2.Жұмбақ (Гүл туралы жұмбақтар жасырылады)

3.Боямақ (Гүлдердің боямақ қағаздарын бояу)

4.Сен білесің бе? (Ұяшықтарды таңдау арқылы  сұрақтарға жауап беру)

5.Жасырын ертегі (Жасырылған  ертегілердің  тақырыбын тауып, оқып беру)

6.Жалғасын табу (Мақал –мәтелдердің жалғасын табу)

 

ІІІ.Қорытынды

Әділ –қазылар алқасының шешімі.

Оқушыларды марапаттау.

  

Сценарийі

Саламатсыздар ма!

Құрметті мұғалімдер, оқушылар , қатысушы қонақтар!

Бүгінгі «Гүлдер» үйірмесінің ұйымдастыруымен өткелі отырған «Гүлзарлар» сайысына қош келдіңіздер!

Бүгінгі  сайысқа  қатысушылармен таныстырып өтейін.

  1. «Қызғалдақ» гүлі
  2. «Бақыт» гүлі
  3. «Қалампыр» гүлі
  4. «Түймедақ» гүлі
  5. «Бәйшешек» гүлі
  6. «Раушан» гүлі

Жақсы істі әрқашанда саралаған
Әділідік туын төріне қадап алған
Осындай жарыстарға төре болып
Қашанда әділқазы бағалаған,- дей келе сайысқа әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып  өтейін.

1.

2.

3.

4.

5.

Сайысымызды бастамас бұрын , сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар:

1.Таныстыру (Сайысқа қатысушы оқушылар өздерін таныстырады)

2.Жұмбақ (Гүл туралы жұмбақтар жасырылады)

3.Боямақ (Гүлдердің боямақ қағаздарын бояу)

4.Сен білесің бе? (Ұяшықтарды таңдау арқылы  сұрақтарға жауап беру)

5.Жасырын ертегі (Жасырылған  ертегілердің  тақырыбын тауып, оқып беру)

6.Жалғасын табу (Гүл туралы мақал –мәтелдердің жалғасын табу)

  Олай болса сайысымызды бастаймыз, іске сәт!

1-кезең «Таныстыру» .Оқушылар гүл аттарымен өздерін таныстырып  өтеді.

2- кезең «Жұмбақ». Оқушыларға гүл туралы жұмбақтар жасырылады.Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай көрсеткішімен  бағаланады.

 

Енді ол «Қызыл кітапқа»,

Көктемде гүл  жарады,

Одан шығыс елдері

Табиғи бояу алады.(Бәйшешек)

 «Қозы ошаған»

«Торғай көк бас»

«Түкті көк аяқ»

Аттары бар әр түрлі

Қасиеті көп дәрілік

Оншақты оның бар түрі.(Гүлкекіре)

Қарлы тауда өскен соң,

Шықпайды одан аңқып иіс.

Теру үшін ол гүлді,

Болу керек альпинист.(Еңлікгүл)

 

Тұқымынан май алып,

Жасар  түрлі дәрі де,

Жібек мата бояйтын ,

Ұнтақ қылар әрі де. (Итқызғалдақ)

 

Қоңырауға ұқсайды,

Ақ және көк түрлері.

Әдемі болып өседі,

Таудың осы гүлдері.(Қоңыраугүл)

 

Осы гүлдің отаны-

Қазақтың  кең даласы

Көктемде дала құлпырып

Қып-қызыл болар , қарашы.

Кенелтіп жүр пайдаға

Голландияда көшеті.(Қызғалдақ)

 

Жапырағын ұстасаң,

Асты суық,

Жылы үсті,

Дәрі жасар бұл гүлден,

Емдер күйік , тынысты.(Өгейшөп)

 

 

Әппақ өңі тартымды,

Қасиетті гүл қашанғы,

Халық одан әртүрлі

Дәрі- дәрмек жасайды.(Түймедақ)

 

Қытайда айтар:

«Бұл гүлге қарыздармыз»,- деп бәрі,

Улы – гүлі ,

Тамыры...

Жасайды одан көп дәрі. (Уқорғасын)

 

Енген «Қызыл кітапқа»,

Білгің елсе бұл гүлді.

Бір- біріне ел сыйлайды

Мерекеде түр- түрлі. (Шұғынық)

 

 3-кезеңі «Боямақ» . Бұл кезеңде оқушыларға гүл суреттері бар боямақ қағаздар түрлі- түсті қарындаштар  беріледі.10 минут уақыт ішінде оқушылар өздеріне берілген тапсырманы жасап үлгеру керек. Жұмыстың сапасына, түс үйлесімділігіне баса назар аударылады.

 

 

 

4-кезең «Сен білесің бе?» Оқушылардың үйірмеде гүлдер туралы  алған білімдерін тексеру мақсатында ұяшықтарға бірнеше сұрақтар жасырылады . Сұраққа дұрыс жауап берген оқушы , ұяшықтағы белгілен ұпайды иеленеді.

 

10

 

10

 

10

 

10

 

20

 

20

 

20

 

20

 

30

 

30

 

30

 

30

 

40

 

40

 

40

 

40

 

 5-кезең «Жасырын ертегі» .Бұл кезеңде сайысқа қатысушыларға слайд арқылы гүлдер туралы ертегі кітаптардың  алғашқы беттерінің бейнесі және  жанындағы көрсетілген  кітаптардың аттары беріледі.Оқушы   сәйкестігін тауып, кітапты оқып беру керек.  

 

6- «Жалғасын табу...» Сайысқа қатысушыларға гүлдер туралы мақал –мәтелдердің алғашқы сөздері  беріледі , оқушылар мақал- мәтелдердің жалғасын табады.

1.Қыз өссе елдің көркі ,

  Гүл өссе жердің көркі.

2.Бетеге, жусан-  жер көркі,

   Білімді ұл-қыз  -ел көркі.

 

3.Жалындаған жастар – елдің  сәні,

   Қызғалдақ гүл құлпырған – жердің сәні.

 

4.Қына тасқа бітеді ,

   Білім басқа бітеді.

 

5.Көлдің  көркі – құрақ,

   Таудың көркі – бұлақ.

   Жігіт көркі  - пырақ.

 

6.Арманымен  -  ер сұлу,

   Орманымен - жер сұлу.

 

7.Өнерлі бала – елдің көркі,

   Үкілі қамыс – көлдің көркі.

 

8.Гүлі жоқта  -жер жетім,

  Сөзі жоқта -  тіл жетім.

 

Өнермен  өрге жүзіп шарықтадым,

Мақсатыңды талаппен анықтадым.

Сан қырлы таза  гауҺар секілденіп,

Қуантады өзіңді танытқаның-  дей келе келесі кезекте сайысқа қатысушы жеңімпаздарды анықтау үшін сөз кезегі  әділ – қазылар алқасына беріледі.

 

 Алуан- алуан түрі бар ,

Әсем – әсем гүлдердің .

Балақай , бәрін біліп ал,

Атын да жаттап үлгергін.

 

 

Сыйпатын білдік , түрін де,

Ұмытпайық бірін де.

Қасиетін танып гүлдердің,

Ұмтылайық білімге!

Келіп қатысқандарыңызға көп- көп рахмет!

Қош сау болыңыздар!

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз